Бөлімшенің бір орындажәне қарауылдың қорғауда болуы Бөлімше, әдетте бір орында бөлім құрамында жергілікті жердің қорғаныс және жасырынуға ыңғайлы тұстарын пайдалана отырып, маршрут бойында орналасады. Бөлімше ЖҰМ мен бөлім командирі көрсеткен орында бір-бірінен 25-50 м қашықтыққа орналасады. Жеке құрам өз көлігіне жақын жерге орналасады. ЖҰМ, танкілер үшін шұңқырлар қазылады. Жеке құрамның және ұрыс техникаларының орналасқан жері тиянақты түрде жасырылынады.
Бөлімше бір орынға орналасу кезінде қарсыластың жерден, әуеден шабуылдауына дайын болуы керек [31]. Орналасу ауданына келіп, бөлімше командирі жеке құрамның қарсыластық жерден, әуеден шабуылын тойтаруға біліктілігін, хабар беру белгісін тексеріп, өзі жеке құрамның шұңқыр қазуын, техниканы жабдықтауын басқарады. Істелген жұмыс және ұрысқа дайындық туралы бөлім командиріне баяндайды.
Бөлімше бір орынға орналасқан батальонды қорғау үшін, қарауылдық постқа тағайындалуы мүмкін. Қарауылдың посты қорғалатын бөлімнен 1500 м қашықтыққа орналасады. Қарауылдың қорғауға тағайындалған бөлімше қарсылас барлауының қорғалатын бөлімдерге енуіне жол бермей, жердегі қарсыласты уақытында тауып, ол туралы бөлімшеге хабарласып, шабуыл болған жағдайда өз позициясын табандылықпен қорғауы керек.
Бөлімше командирі тапсырма алып, позицияны алған соң:
ЖҰМ, танкі, пулемет және гранатаметтердің негізгі және қосымша ату позицияларын анықтайды;
ұрыстық бұйрық береді;
атыс жүйесін ұйымдастырады; инженерлік жабдықтау және позицияны жасыру; қызмет ету тәртібін, атыс жүргізуді анықтайды.
Әдетте, қарауылдық пост қызметі тәулікке созылады. Қарауылдық постқа жақындаған қарсыластың бір жауынгерін немесе ұсақ топтарын бөлімше тұтқынға алады және жояды.
Постқа күші басым қарсылас жақындаған жағдайда бөлімше атыс жүргізіп, қорғаушы бөлім келгенше өз позициясын ұстайды.
Өз әскерлерін тану үшін, тәуліктік рұқсат қағаз және дыбыс беру белгіленеді [32]. Рұқсат қағазы болып, қару немесе ұрыс техникасының аты, ал дыбыс беру белгісі болып, рұқсаттағы аттың бас әрпіне ұқсас жер аты болуы мүмкін. Рұқсат қағаз түнде қорғаныс бойымен және қорғалатын бөлімге қарай беттеген адамдардан, ал дыбыс белгісі бұйрық берушілерден сұралады.
Жаяу жүріс кезінде бағдар бөлімшесінің командирі бағдаршыларды жібереді. Өз жолында бағдаршылар жергілікті жерді мұқият қарап, қарсыласты табуға болатын әр затқа қарайды.