Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі



бет30/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев

«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киеді де, өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл» сигналы кезінде – газтұмылдырық, қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: «Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: «Химиялық дабыл» сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.
Қарсыластың атыс дайындығы кезінде бөлімшенің жеке құрамы командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, саңылауға, жертөлеге, паналарға немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, өз орнына ие болуға дайын болады. Бекіністе қарсыластың шабуылға өтуін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізетін бақылаушы қалады.
Қарсылас шабуылға өткен кезде командирдің: «Бөлімше, ұрысқа!» пәрмені бойынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады. Ұрысқа дайындалып алған бөлімше, командир пәрменімен шоғырланған атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде өз қаруының нақты атыс қашықтығында өз бетінше атыс жүргізеді. Оператор-көздеуші мен атқыш-гранатаатқыш қарсыластың танкілері мен сауытталған нысыналарын жояды, ал пулеметші мен мотоатқыш жаяу әскерлерін танкілерден бөліп алып, жояды. Қарсылас бөгеттерден өтпе арқылы кесіп өткен кезде, бөлімше барынша күшті атыс жүргізеді. Бөлімшенің бекінісіне шыққан танкілерін танкіге қарсы қол гранаттарымен, ал бекіністен өтіп кеткен танкілерді қорғаныс тереңдігіне орналасқан танкіге қарсы құралдармен жояды. Бекініске 40-30 м жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет табанды атыспен жояды.


Ұрыс бұйрығында командир мынаны көрсетеді:
- бағдарлар;
- қарсыластың құрамы, жағдайы және әрекет ету сипаты;
- бөлім міндеті;
- бөлімше, позиция міндеттері, ату жазықтығы және қосымша ату секторы, жердегі және әуедегі нысаналарды атуды жүргізу;
- көршілердің міндеті;
- жеке құрамның міндеттері: бағыттаушы-оператор (пулеметті бағыттаушыға), жүргізуші-механикке, пулеметші және гранатаметшіге – атыс орны, құрал-жабдық реттілігі және ұрыс барысында ауысулары;
- хабарлау, басқару, өзара әрекет белгілері;
- орынбасардың қорғанысқа дайын болу уақыты.
Қорғанысқа көшуге ұрыстық міндет алғаннан кейін, бөлімше командирі оны ұғынып анықтайды, қорғаныс ұйымдастырылатын жағдайды бағамдайды. Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде бөлімше командирі алған міндетті ұғынып, жеке құрамға позиция жеңіп алу (алу) және бекіну міндетін қоюға шешім қабылдайды, бақылауды, атыс және бірлесіп қимылдау жүйесін, ұрыстық жабдықтауды, позицияларды басқару мен инженерлік жабдықтауды ұйымдастырады. Бұл уақытқа ЖҰМ-ның (БТР-дің) атыс позициясы оның жасырын орналасуын ғана емес, инженерлік жабдықтау жұмыстарын атқарып жатқан жеке құрамды қалқалауды да қамтамасыз ететіндей болып табылады. Бұдан әріде, бөлімше командирі жергілікті жерді бақылайды, қарауындағылардың міңдеттері мен бірлесіп қимылдау ретін нақтылайды, қажет болғанда басқа мәселелерді де шешеді. Қорғанысқа қарсыласпен тікелей түйіспей тұрып, көшу кезінде бөлімше командирі бөлімшені позицияға не взвод командирі көрсеткен жерге әкеліп, жасырын орналастырады, бақылау мен тікелей күзетті ұйымдастырады. Взвод командирі жүргізетін алдын-ала барлау барысында бөлімше командирі шешім қабылдайды да, одан соң жеке құрамға бөлімшенің позициясына арналған орынды, ЖҰМ (БТР) үшін, гранатаатқышшы, пулеметші үшін негізгі және қосалқы атыс позициялары болатын жерді және автоматшылардың орындарын көрсетеді. Бұдан кейін, ол әскери бұйрық береді, позицияның инженерлік жабдықталуы мен бүркемеленуін ұйымдастырады, бағдарларға дейінгі қашықтықтарды анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізуге қажетті мәліметтерді дайыңдайды және атыс карточкасын түзеді. Әскери бұйрықта бөлімше командирі мыналарды көрсетуге тиіс: бағдарлар, қарсыластың құрамы, жағдайы және қимыл сипаты, взводтың және бөлімшенің міндеті, позиция, атыс жолағы және қосымша атқылау секторы, жер үстіндегі және әуедегі нысаналарды бақылаудың, атудың реті; взводтың шоғырланған атысы учаскесіндегі бөлімшелер атыс жүргізетін орындар; көршілердің міндеттері; жеке құрамға қойылатын міндет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет