Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде бөлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дің) атысы қолдауымен қол күші арқылы жабдықтайды. Бұл кездегі жұмыстың көп бөлігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал қарсылас көрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз жүргізіледі.
Бекіністе, ең әуелі гранатаатқыш, атқыш-пулеметші үшін бір кісілік оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде ЖҰМ (БТР) үшін оқпана қазылады. Осыдан кейін, жауынгерлер бір кісілік оқпаналарды бөлімше оқпанасына біріктіреді, қосалқы атыс бекінісінде ЖҰМ (БТР) үшін оқпаналар және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдары қазылады.
Бекіністе бөлімше жауынгерлері жабық атыс саңылауын жасайды, оқ-дәрілер үшін сөрелер қазылып, атыс ұяларын жасайды. Бөлімше бекінісі өртегіш қарудан сақтану үшін жабдықталып, бүркемеленеді. Қарсылас шабуылдағанға дейін бекіністе жабдықтау жұмыстары жетілдіріле береді.
Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде «Әуе!» сигналы бойынша бөлімше оқпана түбіне тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында қарсыласты жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады және әуе нысаналарына қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату командир пәрменімен жүргізіледі.