Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі



бет27/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев

Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауап береді. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті – атысты басқару. Атысты басқаруға мыналар жатады: нысана барлау; оның маңыздылығын бақылап, зақымдау кезектілігін анықтау; нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қаруды таңдау; атыспен маневрлеу; оқ-дәрінің жұмсалуына бақылау.
Бөлімшені басқару – бөлімше қимылын ұйымдастыру және ұрыс барысында оған тұрақты жетекшілік жасау. Бөлімше командирі ұрысты жергілікті жерде ұйымдастырады. Ол жауынгерлік міндет алғаннан кейін, қалыптасқан жағдайда оны бағалайды және түсіндіреді, шешім қабылдайды, ауызша әскери бұйрық береді және өзара қимылды ұйымдастырады. Содан кейін, ұрысқа жеке құрамды, қару-жарақты, ұрыс машинасын дайындауға жетекшілік етеді.
Бөлімшенің тұрақты жауынгерлік дайындығының мәнісі – оның кез келген уақытта ұйымдасқан түрде, белгіленген мерзімде ұрысқа кірісіп, жүктелген міндетті ойдағыдай орындауға қабілеттілігі. Тұрақты жауынгерлік дайыңдыққа жету жолдары: бөлімшенің жеке құрамының өз міндетін дұрыс түсінуі, жауынгерлік машығының шыңдалуы, қарсыластың қарудың барлық түрлерін қолдануы жағдайында іс-қимылға дайын тұруы; жеке құрамның жоғары саяси-моральдық жағдайы, тәртібі мен қырағылығы; бөлімшенің толық жасақталған және ұрыс жүргізуге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілуі; қару мен техниканың дереу қолдануға, ал жеке құрамның өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға үнемі дайын болуы. Ұрыста бөлімше командирі өз бөлімшесімен көршілер қимылы, қарсылас, жергілікті жер жақсы байқалатын жерде тұрады [35].



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет