Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі



бет6/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Зерттеу әдістері: Әдебиеттермен танысу; тарихи-соғыс шапқыншылық еңбектерге талдау жасау; ғылыми- әскери еңбектерді салыстыру; мұражай материалдарын жинақтау; әскери - бұқаралық басылымдарға, оқу жә­не тәрбие бағдарламалары мен жоспарларына талдау жасау; мұғалімдермен, ата- аналармен, оқушылармен әңгімелесу.

  1. Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі

1.1. Әскери дала жиындарындағы жалпы әскери ұрысты ұйымдастыру


Тактика — әскери өнердің құрамдас бір бөлігі. Ол бөлімшелер мен бөлімдердің ұрысты дайындауы мен жүргізуінің теориясы мен тактикасын қамтиды. Тактика оперативтік өнер мен әскери стратегияның ережелерін басшылыққа алып, олармен диалектикалық өзара байланыста болады.


Тактика армиялардың дүниеге келуімен бірге пайда болған. Оның дамуы қарудың жетілдірілуімен, қарулы күрестің жаңа құралдарының пайда болуымен, ұрыстық міндеттерді орындау үшін қолданылатын ұрыс техникасы санының көбеюімен, әскерлердің жеке құрамының сапалық өзгеруімен байланысты болды [4].
Тактиканың дамуына әр замандардың батырлары мен қолбасшылары Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, Александр Македонский, Ганнибал, Юлий Цезарь, Александр Невский, Дмитрий Донской, Бірінші Петр, А.В.Суворов, М.И.Кутузов, П.И.Багратион, Г.К.Жуков, A.M.Василевский, С.К.Рокоссовский, И.Д.Черняховский секілді және басқа да көптеген әскербасылары мен қолбасшылары үлкен үлес қосты [5,6,7,8].
Тактикалық дайындық бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын далалық дағдыландырудың негізі болып табылады. Мұның себебі, үйрену ісін нақты ұрыстағы жағдайға тек осы тактикалық сабақтар мен жаттығуларда ғана барынша жақындатуға болады [9].
Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери-теңіз күштері қатысады [10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет