Қазіргі ұрыстың күштері және құралдары. Қазіргі ұрыстың күші мен құралдары – бұл жеке құрама және бөлімшелер, бөлімдердің және құрамалардың ұрыс жүргізуге, оны қамтамасыз етуге арналған қаруы.
Ұрыс жүргізудің мәні мен тәсілі басты жағдайда оның материалдық негізіне, яғни қарулы күресте қолданылатын қаруға, әскери техникаға және адамдарға байланысты.
Ұрыс жүргізудің мәніне және тәсіліне, ұрыстың екінші материалдық негізі – бұл адамдар «сарбаздық материал», олардың моральдық рухы, үлкен әсерін тигізіп өзгеріс әкеледі. Жаңа күрес құралдары, олардың орасан күші мен мүмкіндігіне қарамастан, адам оның бірінші негізі болып қалады. Онсыз кез келген жоюшы құралдар пайдаға аспайды. Онда қарулы күрес жүргізудің ешбір мәні болмайды [11]. Ядролық қару қарсыласты жоюдағы ең басты күшті құрал болып саналады. Қарсыластың объектілерін ядролық қарумен жою әуе арқылы, жер үсті, жер асты ядролық жарылыстарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Ядролық қаруларды қолданатын жерге жеткізудің негізгі құралдары, әр түрлі мақсатта қолданылатын ракеталар, артиллерия және ұшақтар. Қатардағы қаруды артиллериямен, зенитпен, авияциялық атыс құралдарымен қолданатын инженерлік ұрыс жабдықтары және от алғыш қоспалар барлық атыстық және соққы беретін құралдар құрайды. Қатардағы қаруды жеке түрде немесе қарсыластың адам күшін және техникасын, сол сияқты әр түрлі объектілерді бұзу, қирату үшін ядролық қарумен қатар қолдануға болады.
Шетелдік армияларда негізгі ұрыстық танктер – орташа танктер болып табылады. Олар мотожаяу әскер бөлімшелерімен және өз алдына ұрыс жүргізе алады [12]. Шетел мамандарының пікірінше, шетел армияларының танктерінің сауыттық қорғанышы жақсы, маниврлігі жоғары. Олар түнде ұрыс жүргізуді қамтамасыз ететін инфрақызыл көздеуіштермен және бақылау аспаптардың толық жинағымен жарақталған. Танктердегі қару-жарақ екі жазықтықта тұрақтандырады. Танктердің сүзгі-желдеткіш қондырғысы, өртке қарсы жабдығы және су астында жүргізуге арналған жабдығы бар. Кейбір танктердің кумулятивтік снарядтардан қорғануды қамтамасыз ететін кемерлік қалқаншалары болады. Танк экипажы, әдетте төрт адамнан тұрады: командир, көздеуші, оқтаушы және механик-жүргізуші.
Танкке қарсы қолданылатын гранатты тік түрегеп тұрып тізерлеген күйде, жатқан қалпында лақтыруға болады, алайда міндетті түрде тасадан лақтыру керек, өйткені жарылыс толқыны мен жарылған гранаттың жарықшақтары тиюінен тасаланбаса болмайды. Гранатты құлаштауды баяу бастап, одан соң қолдың қозғалыс жылдамдығын біртіндеп ұлғайтады. Құлаштап бола бергенде лақтыруға бүкіл күшті салып, гранатты қолдан шығарғанда білекпен шалт жұлыққа қимылдайды. Бұл орайда лақтырылған гранаттың ұшу уақыты кезінде танктің 5-10 м жүріп өтетінін ескеру керек. Танк жүріп өткен кезде тез қарғып тұрып, оның осал тұсына гранат лақтырады. Қираған танктің экипажы одан түсуге әрекеттенген кезде, оны автоматпен атып жояды. Білікті де, батыл сарбазға жақындаған танк қауіпті емес. Бұған Ұлы Отан соғысының тәжірибесі айғақ. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан, соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты, тактика да өзгеріп отырады [13]. Әскер жабдықталатын қару-жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан-жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика-техникалық талаптар да өседі.
Жаңа қарудың пайда болуы, ұрыс сипатына өзгерістер енгізілуімен ерекшеленеді. Бірінші Дүниежүзілік соғыста тез ататын және алысқа ататын артиллерияны, жаяу әскердің автоматты қаруын, автоматты-пулеметтерді, танк, авиация және басқа да ұрыс құралдарын пайдалану қазіргі жалпы әскери ұрыстың тактика элементтерінің пайда болуы мен дамуының себептері болып табылады. Дүниежүзілік екі соғыстың тәжірибесі ұрыстар мен операцияларды қару мен ұрыс техникасының өсу мүмкіндіктеріне талдау жасау – өмірдің талдау ерекшелігі мен оны жаппай ендіру негізінде тактиканың, әскери өнердің ескі қағидаларын батыл жойып, ұрыс әрекеттерін жүргізудің жаңа тәсілдерін жасаған жақтың табысқа жететіндігіне әбден көз жеткізді. Дүниежүзілік екі соғыс танк әскерлері, әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тактикасының пайда болуы мен дамуына себепті болды [14]. Ұрыстың жаңа құралдарының пайда болуына байланысты артиллерия мен авиация әрекетінің тактикасы да өзгерді. Олар дивизия, батареядан атыс жүргізудің дәстүрлі әдісінен басқа тапсырманы взвод және жеке қарудан атыс жүргізе отырып орындайды, ал авиация жаппай және шоғырланған соққылармен қатар, жеке ұшақтармен немесе шағын топтармен соққы бере алады.
Ұрыс әрекеттерін орындау кезінде бүркенішке, жеке құрамның жергілікті жердің қорғаныш қасиеттері мен ұрыстық техниканың ебін тауып пайдалануға деген талаптар өсті. Түнде және көрінуі шектеулі жағдайларда ұрыс әрекеттерінің рөлі арта түсті.
Ұрысты ұйымдастыру кезінде бөлімшелерді мүмкін болатын соққылардан дер кезінде шығару, әскер мен басқару пункттерінің ұрысқа қабілеттілігін тез арада қалпына келтіру және беріктігін арттыру, қарсыластың атыс соққысының зардаптарын жою шаралары мұхият ойластыра жасалады. Тактиканың одан ары даму бағытын анықтау үшін, жаңа атыс құралдарының алысқа атуының ұлғаюын есепке алу керек [15]. Бірқатар дамыған мемлекеттер армиясын жабдықтауда жаңа, дәлдігі жоғары өздігінен бағытталатын және басқарылатын ұрыстық жүйелермен толықтырылды. Олардың жою құралдары автоматтандырылған жүйелер базасындағы барлау құралдарымен байланысты. Мысалы, АҚШ және НАТО армияларындағы соққы беру – барлау кешендерінің, «Ассолт брейкер» және т.б. лазер, инфрақызыл сәулелену немесе радио оқ-дәрілер көмегімен өздігінен бағытталатын кешендердің, лазерлі қашықтық өлшегіштердің «Такфайр» (АҚШ), «Фальке» (ГФР) типті артиллерия атысын автоматты басқару жүйесінің зерттеулері нысананы жою дәлдігін 8-10 рет арттыруға, атыс тапсырмасын орындау уақытын 10-15 рет қысқартуға жағдай жасады. Осының нәтижесінде, әскерлер нысананы қысқа мерзімде тауып қана қоймай, оны бірнеше минут ішінде жоғары сенімділікпен жоя алады.
Қазіргі кезде НАТО армияларында түрлі радиоэлектронды, оптика-электронды, инфрақызыл, лазерлі және т.б. жүйелерді даярлауға және оларды ұрыста қолдануға аса зор көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ армиясында қарсыластың басқару жүйелері жұмысын бұзу жолында радиоэлектронды басымдылықты жеңіп алу жолында, радиоэлектронды күресті тактикалық буында өткізу шаралары жүргізіледі.
Сауытталған ұрыс техникасымен қатар, шет мемлекеттер армиясының құрамалары әскерге жерде ғана емес, әуеде де белсенді ұрыс жүргізе алатын әр түрлі мақсаттағы тік ұшақтармен жабдықталған.
Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы – жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге, олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы [16]. Қазіргі жағдайда, бір уақытта атыспен әсер ету тереңдігі 300 км-ден астам болады. Бұл кезде алысқа ататын артиллерияны – 40 км-ге дейін, жорық жасайтын тікұшақтар топтарын 50-60 км-ге дейін, оперативтік-тактикалық ракеталарды – 200 км-ге дейін, тактикалық авиацияны 300 км-ге дейін пайдалану жоспарланады. Бұл көрсеткіштер қарсылас атысымен тек қана бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер мен артиллерия топтасуын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл объектілерін жою қаупі ұлғаятынын көрсетеді. Осыған байланысты ұрысты дайындауға және оның барысында жауынгерлік күшті сақтауға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға мұхият көңіл бөлу талап етіледі.
Жаңа қарудың пайда болуына байланысты, командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді. Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың және т.б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стандартқа сай, жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі.