Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі


Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің өзіндік белгілері



бет9/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев

Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің өзіндік белгілері.
Қазіргі жалпы әскерлік ұрыстың өзіндік белгілері болып, оның басты қасиеті және ерекшелігі түсіндіріледі. Сонымен, болып өткен соғыстағы ұрыстың мәні ашылады.
Ұрыстың мәні – бұл жалпы белгілердің жиынтығы болған ұрысқа қатысы бар оның өзіне тән белгісін және ерекшелігін анықтайды.
Қазіргі ұрыс шешімділігімен, жоғарғы маневрлілігімен, қуаттылығы және жеделділігімен, жағдайлардың жылдам, шұғыл өзгеруімен оларды жүргізудегі тәсілдердің әр түрлілігімен, әскери әрекеттерді жерде, әуеде, кең майданда, үлкен тереңдікте, жоғарғы шапшаңдықта жүргізумен ерекшеленеді [17].
Бөгей ату әдісі – ұшу жылдамдығы 150м\сек шамадан асатын нысаналарға қолданылады. Мұндай жылдамдық кезінде алдын тосу шамасы ондаған корпусқа жетеді де, оны көзбен анықтау қиын болады. Бөгей атудың мәнісі ұшақ ұшып келе жатқан уақытта оның алдынан оқтардың жолы нысанамен қиылысатындай есептен күн ілгері бөгей атыс аймағын жасайды.
Атуды бастау үшін, қару нысананың ықтимал ұшу жолындағы нүктеге қарай бағытталады. Ату нысанаға дейін шамамен 800-900 м болғанда басталады. Бұл орайда қару бөгей ату аймағынан шығып кеткенге дейін бір күйде ұсталады. Егер нысана маңында атқан оқтарының жолдары айқын көрінетін болса, атысты тоқтатпастан қаруды нысана жаққа, оқ жолдары оған дөп келетіндей етіп бұрады.
Тосып ату әдісі – баяу ұшып келе жатқан нысаналарға қолданылады (тік ұшақтар, көлік ұшақтары, парашютшілер). Оның мәні мынада: атқыш автоматшылар қаруды жылжыта отырып, нысананың келе жатқан бағытымен көздеу сызығын көзбен анықталған алдын тосу шамасында үздіксіз сақтайды, сөйтіп қару неғұрлым дәлме-дәл көзделген сәтте, үзбей ата бастайды [18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет