16 есепке арналған еркін жаттығулардың кешені
Екінші кешен
Бастапқы қалып – саптық тұрыс
«Бір-екі» – иық пен қолдарды барынша күшпен артқа бұру, жұдырықта жұмулы, алақандар алға, білекті бұру және, аяқ ұшына көтеріле, қолдарды екі жақтан тік ұстап жоғарыға ақырын көтеру, жұдырықты ашу, керілу.
«Үш» – аяқ басына отыра, денеге қыса отырып күшпен қолды бүгу, жұдырықтарды иыққа, жауырындарды жақындату, тіктеле қарау
«Төрт» – қолдарды екі жаққа кенет жаза отырып және басты солға бұрып, солға кең ұмтылыс жасау, жұдырықты ашу, алақанды төмен қарай.
«Бес» – сол аяқты дүмпіп оң аяққа тақау және денеге қыса отырып күшпен қолды бүгу, жұдырықтарды иыққа, жауырындарды жақындату, тіктелу қарау.
«Алты» – қолдарды екі жаққа кенет жаза отырып және басты оңға бұрып, оңға кең ұмтылыс жасау, жұдырықты ашу, алақанды төмен қарай.
«Жеті» – оң аяқты дүмпіп сол аяққа тақау және денеге қыса отырып күшпен қолды бүгу, жұдырықтарды иыққа, жауырындарды жақындату, тіктелу қарау.
«Сегіз» – секіре екі аяқты кең адымға алшақтатып, қолдарды жоғары көтеру, алақандарды шапалақпен бастың үстінен қосу, ал кеудені артқа шалқайту.
«Тоғыз» – кенет алға еңкею, қолдар аяқтың арасында, аяқты бүкпеу.
«Он» – тіктелу, қолды иықтың деңгейіне дейін көтере, кеудені солға бұру және қолдарды кенет екі жаққа барынша ажырату, саусақтарды жұдырыққа жұму, алақан ішкері, аяқ бастарын орнынан қозғалтпау.
«Он бір» – тоқтамай, кеудені оңға бұрып алға еңкеюді қайталау, қолдар аяқтың арасында.
«Он екі» – тоқтамай, тіктелу және «он» есебіндегі қимылды кеудені оңға бұра қайталау.
«Он үш» – тоқтамай, кеудені солға бұрып алға еңкеюді қайталау, қолдар аяқтың арасында.
«Он төрт» – тіктелу, секіріп екі аяқты иықтың еніне қою (аяқ бастарын қатар қою) және барынша отыру, алақандарын төмен қаратып қолды алға созу, саусақтарды жазу.
«Он бес» – секіре аяқтарды кең адымға алшақтату, алақандарын ішкері қаратып қолдарды жоғары көтеру, екі жаққа.
«Он алты» – тіктелу, секіріп екі аяқты қосып саптық тұрыс алу.
1 - 2 3 4 5 6
Достарыңызбен бөлісу: |