Ескерткіштердің сандық көрсеткіші


Жамбыл облысында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштеріне 2021 жылы тұрақты жер пайдалану мемлекеттік АКТ-н жасау бойынша атқарылған жұмыстар



бет2/2
Дата26.10.2022
өлшемі15,22 Mb.
#155014
1   2
Байланысты:
Бекзат жоба5

Жамбыл облысында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштеріне 2021 жылы тұрақты жер пайдалану мемлекеттік АКТ-н жасау бойынша атқарылған жұмыстар

Қала, аудан атауы

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы саны

Құжаттары толық ескерткіштер саны
(Жерге орналастыру АКТ-сі )

Құжаттары толық емес ескерткіштер саны
(Жерге орналастыру АКТ-сі )

Байзақ

226

38

191

Жамбыл

221

78

157

Жуалы

360

38

311

Қордай

865

51

814

Меркі

234

101

188

Мойынқұм

201

11

190

Сарысу

139

23

115

Талас

241

183

58

Т. Рысқұлов

364

45

315

Шу

472

50

422

Тараз

112

106

6

Барлығы:

3435

724

2711

Жамбыл облысында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу,
мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және
санатын өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру
-Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және күтіп-ұстау мақсатында аудан инспекторларына Заң талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
-Тарихи-мәдени ескерткіштерге қойылған қорғау тақталарын түгелдеу және табиғи фокторлар әсерінен ескірген қорғау тақтайшаларын қалпына келтіру.
-Жамбыл облысы аумағынан өтетін «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан тарихи-мәдени мұраны одан әрі сақтау және танымал етуді жүзеге асыру.
-Ұлы Жібек жолында орналасқан ортағасырлық қалалар мен тарихи орындарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
-Тарихи-мәдени ескерткіштерге ғылыми-зерттеу, қазба жұмыстарын жүргізу.
-Жамбыл облысынан Әулиеатаның қасиетті жерлерінің тізіміне енген нысандарды насихаттау барысында тарихшы, археолог мамандармен кездесулер өткізу
Жамбыл облысында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің сандық көрсеткіші 3435-ді құрайды. Оның:
Республикалық дәрежедегі ескерткіштер саны - 25 (ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы №156 бұйрығы)
Жергілікті дәрежедегі ескерткіштер саны - 698 (Жамбыл облысы әкімдігінің 28.12.2021 жылғы №311 қаулысы)
Бүкіләлемдік халықаралық дәрежедегі ескерткіштер саны - 5 (Юнесконың 25.06.2014 жылғы шешімі)
Алдын ала есепке алынған ескерткіштер саны – 2707 (Тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері)
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі



Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

1

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш, 1985 жыл

қала құрылысы және сәулет

Сарыкемер ауылы, мәдениет үйінің алды

2

Байзақ батыр Мәмбетұлының жерленген жері 1789-1864 жылдар

қала құрылысы және сәулет

Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым, Талас өзенінің оң жағасы

3

Ақтөбе мазары (Құлан-Бұлан, Ақ күмбез) XVIII ғасырдың соңы - XІX ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет

Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5-6 шақырым

4

Ақмола мазарыXIX ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет

Байзақ ауылынан 20-25 шақырым

5

Кеңес одағының батыры А.Сухамбаевқа ескерткіш 1964 жыл

қала құрылысы және сәулет

Жақаш ауылының орталығы

6

Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш, 1967 жыл

қала құрылысы және сәулет

Түймекент ауылының орталығы

7

Зауырбектөбе қонысы, VII-XI ғасырлар

археология

Абай ауылының шеті, Кеңес су қоймасының оң жағалауы

8

Төрткүл VIII-XI ғасырлар

археология

Бурыл ауылынан солтүстік-солтүстік шығысқа қарай 2 шақырым, Тараз-Мырзатай автокөлік жолынан 10 метр, оң жақ

9

Қоңырбайтөбе қаласы VI-XIII ғасырлар

археология

Жетібай ауылы, Қаратөрткүлтөбе қаласынан солтүстікке қарай 3,5 шақырым

10

Обалы қорым, ерте темір дәуірі

археология

Жетібай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым, Жетібай-Байзақ автокөлік жолының сол жағынан 0,2 шақырым

11

Құрманбайтөбе қонысы (Балапан төбе) VII-IX ғасырлар

археология

Жетібай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 шақырым

12

Төрткүл IX-XII ғасырлар

археология

Жетібай ауылынан оңтүстіктен солтүстікке қарай Жетібай - Тегістік автөкөлік жолының сол жағына 50 шақырым

13

Шөлтөбе бекінісі IX-XI ғасырлар

археология

Жетібай ауылынан оңтүстікке қарай 0,5 шақырым

14

Қоныс VII-X ғасырлар

археология

Құмжота ауылының батыс шеті, Кішібурыл тауының шығыс жағы

15

Ақтөбе қамалының қирандысы VI-XII ғасырлар

археология

Мәдімар ауылы, Қусақ өзенінің сол жағалауы, оның Талас өзеніне құяр жерінен 2-3 шақырым

16

Қалашық X-XII ғасырлар

археология

Мырзатай ауылынан батысқа қарай 2 шақырым

17

Қостөбе қалашығы VI-XII ғасырлар

археология

Сарыкемер ауылынан шығысырақ, бірінші жайылмадан жоғары қолайлы ашық алаң, Талас өзенінің оң жағалауы

18

Төрткүл VIII-X ғасырлар

археология

Сарыкемер ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым, автокөлік жолынан солға қарай 200 метр

19

Әулиебастау қалашығы VI-XIII ғасырлар

археология

Айша бибі ауылынан батысқа қарай 3 шақырым

20

Обалы қорым (3) Біздің заманымызға дейінгі III-I ғасырлар - біздің заманымыздың I-VII ғасырлар

археология

Айша бибі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 шақырым

21

Қорғандар (3) III-I ғасырлар - біздің заманымыздың I-VII ғасырлар

археология

Айша бибі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 700 метр

22

Обалы қорым (60) Біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырлар – біздің заманымыздың I-IV ғасырлар

археология

Айша бибі ауылынан оңтүстікке қарай 2 шақырым

24

Обалы қорым (20) I-IV ғасырлар

археология

Айша бибі ауылы, Тараз-Алматы автокөлік жолдан 300 метр

25

Төбе бекінісі I-IV ғасырлар

археология

Айша бибі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4-5 шақырым

26

Тепе қонысы VII-IX ғасырлар

археология

Айша бибі ауылының аумағы

27

Атаусыз қалашық VIII ғасыр

археология

Айша бибі ауылы, Үшхоз бөлімшесінен оңтүстік-шығыс

28

Бектөбе қалашығы VII-XII ғасырлары

археология

Бектөбе ауылының батыс шеті

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза
болған жауынгерлерге арналған ескерткіш, 1985 жыл Сарыкемер ауылы
Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған
ескерткіш, 1967 жыл
Түймекент ауылының орталығы
Байзақ батыр Мәмбетұлының жерленген жері
1789-1864 жылдар
Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай
5 шақырым, Талас өзенінің оң жағасы
Тараз өңіріндегі ортағасырлық
қалалардың тарихы
Әулиебастау қалашығы VI-XIII ғасырлар
Айша бибі ауылы
Қазақ жерінің қай өңірінде болсын ата-бабаларымыздың сан алуан тарихи ескерткіштері көп екендігі бесенеден белгілі. Тәуелсіздігіміз келгелі бұл тарихи қазына-байлығымыз жаңа қырынан зерттеліп, олардың мән-маңызы артқаны сөзсіз. Бұл біздің тарихымыз ғана емес, сондай-ақ ата-бабаларымыздың елін, жерін қорғаудағы ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, насихаттаудың тамаша ескерткіштері екендігі соңғы кездері жиі айтылып жүр. Әсіресе Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан кейін осы қазына-байлығымызға мемлекетіміздің ерекше көңілі аударылды. Өңірлерге экспедициялар, автошерулер ұйымдастырылып жатқандығын жақсы білеміз. Міне бүгін біз Жамбыл өңіріндегі тарихи ескерткіштерінің қысқа мазмұнды таныстырылымдарын беріп отырмыз.
ТЕКТҰРМАС КЕСЕНЕСІ ( ХІV ғ.)
ҚАРАХАН КЕСЕНЕСІ (ХІ-ХІІ ғғ.)
АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ (XI-XII ғғ.)
Айша бибі кесенесі — ХІ-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.
Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған.
Көне Тараз қаласының ортағасырлардағы сәулетті құрылыстарының бірі ерте ислам дәуірінің мешіті (IX-XII ғғ.) және оған қосалқы салынған керуен-сарайы (VIII-XII ғғ.)
Ерте ислам дәуірінің мешіті және керуен-сарай
Көне Тараз қаласының ортағасырлардағы сәулетті құрылыстарының бірі ерте ислам дәуірінің мешіті (IX-XII ғғ.) және оған қосалқы салынған керуен-сарайы (VIII-XII ғғ.) қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде, Төле би көшесінің бойында Қарахан кесенесіне жақын жерде орналасқан. Ескерткіш 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.
Ежелгі Таразда түркі қағандары билік құрған заманда әртүрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүрді. Х ғ. араб географы әл-Мағдиси: «Тараз – бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Ал базардың нақ ортасындағы үлкен мешiтi көрiнiп тұрады» - деп сипаттайды. Тарихи деректерге жүгінсек, ІХ ғ. дейін Тараз қаласының аумағында несториандық-христиандық шіркеу болып, кейіннен мешітке айналған құрылыс нысаны болғандығы жайлы мәліметтер кездестіреміз. Мұндай мешіттер ортағасырлық Дихнуджикес, Хамукет, Атлах, Жікіл, Бехлу қалаларында да болған. Бұл кезең жазба деректер бойынша ІХ ғасырдың аяғында Таразды саманидтердің жаулап алған уақытына түспа-тұс келеді. Жазба деректер бойынша, 893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға әскери шабуылдар жасап, көптеген қиындықтар туғызады. Тараз әмірі елін аман алып қалу үшін соғыссыз беріліп, 10 мың қала жұртымен бірге ислам дінін қабылдайды. Осы кезеңнен бастап басқа діндегі ғибадатханалар мен христиандық шіркеулер толығымен исламдық мешіттер ретінде қайта жасақталған.
Тараз қаласының орталық бөлігіндегі мешіт пен оған қарама-қарсы орналасқан керуен-сарай да исламдық мәдениеттің келуімен қайта құрылған ескерткіштер болуы мүмкін.
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында 8 бөлмеден тұратын керуен-сарай ғимараты үш рет қайта құрылып, қалпына келтірілгендігі анықталған. Мешіт пен керуен-сарай құрылысы Орта Азиялық ислам мәдениетінің сәулет ескерткіштеріне ұқсас келеді. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде тиын, қыш-құмыра, тұрмыстық бұйымдар мен өзгеде тарихи жәдігерлер табылған.
2016 жылы нысанда уақытша сақтау және музейлендіру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті тұрғындар мен туристер келіп тамашалайтын тарихи ескерткіш орнына айналған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет