Ескерту Өзіндік жұмысты өз тәжірибеңіз бен курс материалдары негізінде орындауыңызға болады. Тапсырмаларға беретін жауабыңызды мейілінше жүйелі және толық орындауға тырысыңыз. Орындалған тапсырманы қайта жүктеңіз. Өзіндік жұмыс №1



бет2/3
Дата19.07.2020
өлшемі30,51 Kb.
#75407
1   2   3
Байланысты:
3-модуль СР №2 (2)

Өзіндік жұмыс №2

«Анатольдің ожауы» видео ресурсын көріңіз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Анатоль қандай бала? Оның психологиялық бейнесін әзірлеңіз.

2. Анатольдің бойында қандай проблемалар екендішгін айқындаңыз?

3. Анатольге мультфильмдегі кейіпкер қалай көмектесті? Сіз маман ретінде қандай ұсыныс бересіз?

4. Сіздің тәжірибеңізде Анатольге ұқсас бала кездесті ме? Тиімді тәжірибеңізден мысал келтіріңіз.


Өзіндік жұмыс №3

Берілген кейспен танысыңыз. Берілген сұрақтарға өз пікіріңізді жазыңыз.


Кейс №1: 7кл. 12ж. Ер бала. Психолог маманға бала басының жиі ауыратындығын, түнде қорқынышты түсті жиі көретіндігін және сабақтарын үлгере алмай жүргендігін айтып шағымданды. Бұл жағдайда не істеуге болатындығы туралы кеңес сұрап келіпті.

Жалпы баланың денсаулығы қалыпты. Толық отбасы, отбасындағы 4 баланың екіншісі.


Сұрақ:

1.Психологиялық сұраныс мәнін ашыңыз? Сұраныс беруші кім және қандай нәтиже күтеді?

2. Жағдайды анықтау үшін қысқа, балама, ашық және жабық сұрақтар тізбесін әзірлеңіз.

3. Кез келген жағдайдың ішкі және сыртқы жағы болады:

Жағдайдың сыртқы жағы – бұл орын алған жағдайдың өзі

Жағдайдың ішкі жағы – субъектінің болып жатқан жағдайға қатынасы және оны қабылдауы




Кейсте №1 берілген жағдайдың ішкі және сыртқы жағын анықтаңыз

Жағдайдың сыртқы жағын анықтау сұрақтарының тізбесін әзірлеңіз

Жағдайдың ішкі жағын анықтау сұрақтарының тізбесін әзірлеңіз


Қойылатын сұрақтардың үлгісі:

Кім? Не? Қашан? Қалай? Қанша уақыттан бері? Қалай болғанын қалап едіңіз?




Үлгілер: Сіз не сезіндіңіз? Бұл жағдайға басқалар өздерін қалай сезінді? Басқалар өздерін қалай сезінгенін қаладыңыз?


3. Г.Абрамова ұсынған кеңес берудің «бес қадамдық» моделі бойынша кеңес беруді қалай жүзеге асырасыз? Әр қадамыңызды нақтылап көрсетіңіз (хаттама үлгісін қолдануыңызға болады).

4. Мұндай оқушымен қандай жұмыс жүргізуге болады? Психолог әріптесіңізге қандай ұсыныс бересіз?

***Кейстегі проблеманы шешу ұсыныстарыңызды курс форумында басқа әріптестеріңізбен және тренермен бірге талқылаңыз. Талқылауға сізге 75 минут көлемінде уақыт беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет