Өзіңді қызықтыратын тақырыпты таңдасаң, эссе жазу оңайырақ болады. Егер ондай тақырып таңдай алмасаң, онда тереңірек таңдаған тақырыпқа зерттеу жүргізіңіз.
Тақырыптан ауытқымау өте маңызды... Тақырыптаң ауытқу бағаның төмендеуіне себепші болады.
Негізгі және қосалқы бөлімдерге бөл.
Дәлелдер мен жеке пікірлерді логикалық реттілікте қойып, ойларыңызды дамытыңыз.
Жоспарла!!!
Жоспарлау эссені қалай бастау керек екендігіне және эссенің реттілігін анықтауға көмектеседі.
Эссе хронологиялық реттілікте орналасуы қажет, себебі хронологиялық реттілік оқырманға жеңілдік жасайды.
Дәлелдерді жинап, әр бөлімнің астына жазып отыр.
Идеялар тізімі эссе жазуды жеңілдетеді.
Эссені жазуды бастамастан бұрын, реттілікті сақтай отырып жоспарла, себебі кейбір пунктер ұмытылып кетуі мүмкін.
Кіріспе
Тақырып және эссенің мақсаты
Эссенің реттілігін көрсетеді
Оқырманды қызықтырады
Болжайды
Келісу/келіспеушілік – Қандай жолмен шешімге келесің?
Мәселе - Сенімін/стереотипті талқылайды
Кіріспе эссенің қызықты әлде қызықсыз болатындығын көрсетеді. Бұл оқырманға эссе жайлы алғашқы пікір тудырады, сондықтан басынан бастап қызықтыруға тырыс!
Негізгі бөлім
Мағыналы, логикалық, сендіретін дәлелдер мен тіл шеберлігі сақталған болсын.
Тақырыптан ауытқыма және сөз, ой қайталама.
Дәлелдер сенің пікіріңмен ұштасуы керек.
Бөлім пункттері
Пунктінің түсіндірмесі (толық мағлұмат бер)
Мысалдар (дәлелдер идеямен байланыссын)
Орындылығы (неге?) Қысқаша қорытынды
Келесі бөліммен байланыстыр!