Эссе деген не? Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген анықтама шағын шығарма деген болса, француз тілінде талпыныс, байқау, очерк
бет 1/7 Дата 07.02.2022 өлшемі 198,02 Kb. #87523
Байланысты:
Эссе жазуға әдістемелік көмек
ЭССЕ ДЕГЕН НЕ?
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген анықтама шағын шығарма деген болса, француз тілінде талпыныс, байқау, очерк , латын тілінде ойды салмақтау деген мағыналарды береді.
Сонымен қоса, оқу үрдісінде эссе – білім алушының пәндік білімі мен білігін танытатын жазба жұмыс түрі.
Эссе жазуды бірнеше кезеңге бөлуге болады:
проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру – түзету.
Эссе жазуға практикалық қадамдар: 1 - қадам. Контексті анықтау. бұл эссенің көлемі, қандай талаптар қойылса, оларды сақтау керек. Ең бастысы – эссенің негізгі ойы . 2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз (ұсынылған тақырыпты түсіну) және одан ауытқымаңыз!!! Әдетте ұсынылған дайын тақырыптың бірі таңдалады , онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің мамандығым - әлемдегі ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын , эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет. Достарыңызбен бөлісу: