Эссе дегеніміз не? Оның шығармадан айырмашылығы қандай?



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата16.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Эссені неден бастау керек

Эссенің кейбір белгілері:
- нақты тақырып немесе мәселенің қойылуы;
- мәселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола алмайды;
- нақты мәселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке әсері мен түсінігін 
білдіреді;
- белгілі бір пәнді анықтап түсіндіріп беруге тырыспайды
- эсседе бір нәрсе туралы субъективті реңк алған, жаңа сөздер беріледі
атап айтатын болсақ, бір мәселе төңірегінде айтылып жүргеннен басқа ой 
айтылып, басқа сөз қолданысы көрініс табады;
- эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық ерекшелігі – 
оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады.
Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды: 
Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде 
ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).
Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық 
байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады. 
Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. 
Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге 
айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың 
тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын 
айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте 
ұстаған жөн. 
Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы 
мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай 
өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы. 
Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы 
кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай 
белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа 
идея тудырып отыруы абзал. 


- 6 -
Анықтамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет