Фразеологиялық тұлғалар мағынасының эмоционалды компоненті олардың семантикалық құрылымындағы негізгі коннотациялардың бірі



Дата26.04.2020
өлшемі22,18 Kb.
#64791
түріҚұрамы
Байланысты:
коннотация


Фразеологиялық тұлғалар мағынасының эмоционалды компоненті – олардың семантикалық құрылымындағы негізгі коннотациялардың бірі. Образды метафоралық, экпрессивті және стилистикалық мағыналармен қатар бұл коннотация фразеологиялық тұлғалардың стилистикасында маңызды орын алады. Түсіндірме, фразеологиялық сөздіктерде фразеологизмдердің мағыналық құрамының маңызды бөлімі қамтылу керек. Шындығында, бұл мәселе жеріне жеткізіле берілмей жүр. А.И.Молотков «Орыс тілінің фразеологиялық сөздігіне» кіріспе мақаласында: «Сөздікте фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті бағасы өте шектеулі түрде беріледі... Бұл шектеу әр фразеологизмнің айқын эмоционалды-экспрессивті сипаттамасы туралы айтылған негіз жоқтың қасы және осы қатынаста белгіні қалыптастырудың қиындығымен түсіндіріледі. Әйткенмен де, кейбір фразеологизмдер сөздікте әзіл, мысқыл, тұрпайы, жақтырмау, дөрекі т.б. белгілермен көрсетілген. Мұндай белгілердің қойылуы фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті реңктері туралы мәселенің шешілуіне практикалық жақтан келуін ғана білдіреді»[1, 125б.].

Тілімізде көкейге қонымды көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қатынасына жататын қат-қабат тіркес тіздектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдер мен барабар жоғары бағалап оларды қастерлей сақтап келеді.

Фразеологизмдер-кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица. Олардың қатарына мысалы, қас қаққанша, тайға таңба басқандай, ат үсті қарау, үріпауызға салғандай, көзді ашып-жұмғанша тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Бұл фразеологизмдердің әрқайсысы сөздердің бір-бірімен тіркес жұмсалуынан жасалғанмен мағынасы жағынан біртұтас, құрамы мен құрылым жағынан тұрақты единица ретінде ұғынылады. Қазақ тіл білімінде, тюркологияда, фразеологияның жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ.

Фразеологизмдер бұрын-соңды еңбектерде, көбінесе лексикалық тұрғыдан зерттеліп келеді.Қазақ фразеологиясының тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, дамуы және зерттелуі академик І.Кеңесбаевтың есімімен тығыз байланысты. Сонау 40-жылдардан кейін-ақ түркітануда фразеологимхдер туралы алғаш рет ғылыми түсінік қалыптастырады. Оның көлемі зерттеулерінен соң, бірсыпыра түркі тілдес халықтар тіліндегі түрлі фразеологизмдерді талдап, даму бағытын саралау өзге ұлттардағы тілші ғалымдардың үлесіне тиді. І.Кеңесбаевтың 1977 жылы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің» шығуы тек қана қазақ тіліндегі үлкен жетістік қана емес, өзгелер үшін көш бастағанын атап кету керек. І.Кеңесбаев фразеологияны тілді құрамды бөлшектерінен, тіл ярустарынан бөліп алмайды. Бірақ тілдің сол бөлшектерінен түбірлі айырмасын, бас белгілерін атап көрсетеді.

1. Мағына тұтастығы

2. Тіркес тиянақтылығы

3. Қолдану тиянақтылығы;

Осы аталған үш басты белгіге, яки үш критреийге сүйене бүкіл қазақ тілінің құрамындағы ФЕ құбылыстарын ең негізгі үлкен екі арнаға бөледі. Олардың біріншісі –фразеологиялық түйдектер, екіншісін-фразеоллогиялық тіркестер деп атайды. Фразеологиялық тіркестерді өз ішінен екіге бөледі[2, 56б.].

Қазақ тіліндегі тиянақты тіркестер-тіл ішінде өз заңдылықтарына сәйкес өмір сүретін айрықша категория. Олардың әр алуан ірілі-ұсақты ерекшеліктері мен айырым белгілерін зерттейтін дербес пән-фразеология. Фразеология жөнінде филология ғылымының докторы К.Ахановтың пікірлері көңіл аударарлық. «Тіл біліміне кіріспе» (Алматы, 1997) фразеологияны біраз қарастырады. Ол жалпы фразеологияны негізінен екі топқа бөледі де, бірін-еркін сөз тіркесі, екіншісін-тұрақты фразеологиялық тіркес деп атайды. Мұның алдыңғысын синтаксистің құрамына талдап, кейінгісін лексиканың құрамында сөз етеді.

Сөйтіп, фразеология деген терминнің екі түрлі мағынасын ашып көрсетеді. Біріншіден «белгілі бір тілдегі тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерінің жиынтығы» дегенді білдірсе, екіншіден, сол тіркестер жиынтығын ғылыми түрде зерттеп талдайтын ілім мағынасында түсініледі. Автор тұрақты тіркеспен еркін тіркестердің айырмасын нақты талдайды. Фразеологизмдерге тән мынадай нақты, басты ерекшеліктерді көрсетеді:



  • Тұрақты сөз тіркестерінің құрылымындағы сөздердің орнына қарағанда, әлдеқайда тұрақты, бекем болады.

  • Тұрақты фразеологиялық сөз тіркесінен тұратын бір бүтін мағына оны қарастырушы сыңарлардың мағынасынан басым болады.

Н.М.Шанский «Фразеологиялық оралымға өте-мөте басты белгі-оның даяр қалпында жұмсалу белгісі»-дейді.Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен ашық, айқын ажыратыла бермейді, осыған орай, оларды классификациялау тіл білімінде өте күрделі мәселе болып табылады. Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар түрліше топтастырылып жүр. Фразеологиялық оралымдар лингвистикалық әдебиеттердің бірінде бүтіндей тұрақты тіркестің тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының ара қатынасы тұрғысанан фразеологиялық тұтьастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үш түрге бөледі. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған классификаны қолдай келіп, фразеологиялық оралымның төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше деп есептейді.

Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да тілдің коммуникативті единицасы-сөйлемге сәйкес келетіндері бар. Бұлар- мақалдар мен мәтелдер, қанатты сөздер. Мақалдар мен мәтілдер және қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына жатқызылғанда, олардың сөйлеу кезінде тыңнан жасылынбай, даяр қалпында жұмсалатыны, құрамының тұрақтылығы ескеріледі.



  1. Фразеологиялық тұтастық-семантикалық жаұтан бөлініп, ажыратылмайтын, біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасы мен жуыспайтын фразеологиялық оралым\. Мысалы: жүрек жалғау-аздап тамақтану, жүрегінің түгі бар-өте батыл, аузы-мұрны қисаймастан-ұялмастан т.б.

  2. Фразеологиялық бірлік-фразеологиялық тұтас сияқты, семантикалық жақтан бөлінбейтін, біртұтас единица. Фразеологиялық бірліктің фразеологиялық тұтастықтан айырмасы мынада: фразеологиялық тұтастықтың бір бүтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен мүлде жанаспайтын болса, фразеологиялық бірліктің бөлінбейтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бүтіндігін біртұтас келтірінді мағынасында ұласуы нәтижесінде пайда болады. Мысалф: лауырдың үсті, жеңілдің астымен, түймедейді түйедей ету, тайға таңба басқандай, тамырына балта шабу т.б.

  3. Фразеологиялық тізбек-фразеологиялық оралымның бұл түрі ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасдағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында, тіркескен күйінде жұмсалады. Фразеологиялық тізбектің қатарына мидай дала, тас қараңғы, асқар тау, ата жау тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді.

  4. Фразологиялық сөйлемше-мағынасы ерікті сөздердің тіркестерінің құралады. Бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Мысалы: айдағаны екі кшкі, ысқырығыжер жарады, көрпеңе қарап көсіл, аузы күйген үріп ішер т.б Бұлар құрылымы жағынан сөйлемдер сияқты болғанымен, сөйлеу кезінде конструкцияланбайды, қалыптасқан, орныққан күйінде, даяр қалпында жұмсалу қасиеті жағынан сөйлемдерден ажыратылып, фразеологиялық оралымдардың айрықша бір түрі ретінде танылады[3, 201б,].

1964 жылы шыққан «Қазақ тілі» практикалық курсында «Лексика» тарауының бір бөлімі тұрақты сөз тіркестері деп аталған. Мұнда авторлар сөз тіркестерінің идиома, фраза, мақал-мәтелдер деп жеке-жеке бөліп талдайды.

Тілші ғалымдар М.Балақаев пен Т.Қордабаев фразеологизмдерді тұрақты тіркестер деп алып, оларды идиомалық тіркестер және фразалық тіркенстер деп екі топқа бөледі. Идиомалық тіркестерді құрамындағы сөздердің байланысы беркі болады, олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағыналарына қарасты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді деп түсіндіреді.Ал, фразалық тіркестерді: тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса бірінің лексикалық мағынасы мен байланысы болады-дейді.

Осы ғалымдармен қатар түркі тілінен тұрақты сөз тіркестерін зерттеуші ғалым С.Н.Мұратов тұрақты сөз тіркестерін төрт топқа бөліп көрсетеді:


  1. Күрделі сөздер;

  2. Лексикаланған сөз тіркестері;

  3. Грамматикаланған сөз тіркестер;

  4. Фразеологиялық единица;

Түркі тілінде кез-келген фразеологиялық единица болғанымен, кез-келген тұрақты сөз тіркестері фразеологиялық единица болмайды. Фразеологиялық единица тұрақты сөз тіркестерінің бір түрі ғана. С.Н.Мұратов фразеологизмдердің мағыналық, стильдік ерекшеліктерін, тілдің сөздік құрамы мен қарым-қатынасын ескере келіп, фразеологиялық единицаны үш топқа бөледі:

  1. Лексика-фразеологиялық типтегі идиомалар;

  2. Нағыз фразеологиялық типтегі идиомалар;

  3. Тұрақты фразеологиялық формалар;

Сонымен, қай тілде болмасын фразеологиялық единицалар бірыңғай емес, оның көлемі әлі күнге дейін айқындалып болған жоқ. Құрамы да сан түрлі. Күні бүгінге дейін фразеологияғы қатысты терминдердің де неше түрі қатар қолданылып келеді.

Бағалау-тілдік қарым—қатынаста өмір сүретін, қолдану аясы кең ерекше тілдік құбылыс.



Сонымен, қай тілде болмасын фразеологиялық единицалар бірыңғай емес, оның көлемі әлі күнге дейін айқындалып болған жоқ. Құрамы да сан түрлі. Күні бүгінге дейін фразеологияғы қатысты терминдер де түрлі варианттарда қатар қолданылып жүр.

Лингвистикада жиі қолданылатын әмбебап құбылыс – коннотация.коннотация тілдегі экспрессиялық нұсқаны жүзеге асырушы құрал болып табылады. Коннотацияның ғылымда белгілі мынадай түрлерін көрсетуге болады: бағалау коннотациясы (тілдік бірліктердің экспрессивті-стилистикалық мағынадағы кең тараған типі және құрылымы); пейоративті (стилистикалық боялған бірліктердің параллель қолданылып, сөйлеудің экспрессивтілігін күшейту және қоюландыру тәсілі арқылы жасалған коннотация); бейнелік коннотация (семантикалық екі қырлы болады, яғни абстракті бейнені сезімдік-көрнекілік фонда көрсету және айқын коннотациялар арқылы нақты-бейнелік, сезімдік көріністерді белгілеу); функционалды коннотациялар (функционалды-стилистикалық коннотациялар, тіл бірліктері мен формаларын белгілі бір қоғамдық-сөйлеу тәжірибесінде қолдану нәтижесінде пайда болады); ұлттық-мәдени коннотациялар (ұлттық өзіндік құбылыстарды, халықтың рухани және материалды өміріндегі құбылыстарды бейнелейді) т.б. түрлері бары белгілі.Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқандығы баршаға аян. Сондықтан да сөздердің пайда болуы әртүрлі себептерге және тарихи дамуларға байланысты болады. Кезкелген тілдің өзіне тән төл лексикасы мен грамматикалық құрылысы болады.Кез келген стилистикалық коннотация прагматикалық салмаққа ие болғанда таңбаның «іс-әрекетінің» мәнділік сипаты анық көріне алады. Егемендік алған жылдарда публицистикалық стильде жаңа қазақ, бай қазақтар деген сөздер қолданысқа енді. Жаңа қазақсөзіндегі стилистикалық коннотация стилистикалық фреймдер арқылы адамның ассоциативті теориялық ойлау жүйесінен туындаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет