Қазақ тілі
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік – сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлерінің жасалу жолдарынан түсінік бере отырып, бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру, олардың ерекшеліктерін меңгерту; дамытушылық – сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерінен алған білімдеріне сүйене отырып, талдау қабілеттіліктерін дамыту; тәрбиелік – оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойтолғау, танымдық ойын, шығармашылық, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: презентациялар, электрондық кестелер мен сызбалар СD диск
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интерактивті тақта
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1-тапсырма. Күрделі сөз, тұрақты тіркес, сөз тіркестерін бір-бірімен салыстыру.
2-тапсырма.
Сөздердің байланысу тәсілдері
3-тапсырма.
Төмендегі тіркескен сөздердің ішінен сөз тіркестерін ажырат.
Тасбақа, Арал теңізі, ит арқасы қиянда, жаңбыр жауды, жаңбырлы түн, кітапты оқыды, жиырма сегізінші, қас қаққанша айтты, білімді бала
4-тапсырма. «Сәйкестендіру» жұмысы.
1 Телефон арқылы сөйлесу орын тәртібі
2 Абай – ақын жалғау арқылы
3 Самал жел шылау арқылы
4 Адамзатты сүю орын тәртібі
5 Білу үшін оқу жалғау арқылы
6 Шоқан – ғалым шылау арқылы
7 Ғажайып әлем интонация
8 Еңбектің жемісі интонация
5-тапсырма. Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерін ажырат. -
Қысқа жіп күрмеуге келмес.
-
Әкем атының жүгенін маған сыйлады.
-
Сыныпта отыз бес оқушы бар.
-
Осы жылқы жүйрік.
-
Абайдың әңгімесіне әкесі риза болды.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Қазақ тілі» Электрондық кестелер мен сызбалар арқылы сөздердің байланысу түрлері түсіндіріледі.
Интерактивті тапсырмалар орындау.
№1 тапсырма
1. Матасу тіркесін жаса
.................... жемісі
....................озаты
....................малы
....................ағасы
...................кітабы
2. Меңгеру тіркесін жаса
.....................шығу
.....................түсті
.....................жазды
.....................дайындалды
.....................бару
№2 тапсырма.
Сөйлемдердегі сөздерді байланысу түрлеріне топта.
Құлпырған дала гүлдерінің жұпар иісі мұрынды жарады.
Бірлігі мықты елдің белін ешкім сындыра алмайды.
№3 тапсырма.
Шығармашылық жұмыс: «Арайлы Астанам!» тақырыбына шағын ойтолғау жазу. Мәтіндегі байланысу түрлерін ауызша ата.
№4 тапсырма.
Мысалдар
|
Матасу
|
Меңгеру
|
Қабысу
|
Жанасу
|
Қиысу
|
Алғашқы айлар
|
|
|
|
|
|
Халықтың еңбегі
|
|
|
|
|
|
Уақыттан озған
|
|
|
|
|
|
Жинақталған тәжірибе
|
|
|
|
|
|
Марат – студент
|
|
|
|
|
|
Білгенге маржан
|
|
|
|
|
|
Күмістей жылтырау
|
|
|
|
|
| Оқулықпен жұмыс. 238-жаттығу.
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдеріне әдебиет оқулығынан мысалдар тауып, кестені толтырыңдар.
Байланысу тәсілдері
|
1
|
|
2
|
|
3
|
|
4
|
|
Байланысу түрлері
|
1
|
|
2
|
|
3
|
|
4
|
|
5
|
|
ІV. Сабақты бекіту«Миллион кімге бұйырады?» ойыны
V. Үй тапсырмасы. 1) Оқулықтағы 240-жаттығу.
2) «Сөз тіркесі» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |