АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
«Инфографика және оны тегін жасау сервистері»
Дайындаған: 6В01513-БК, 2 курс, 4 топ студенті Қазханова А.Н.
Қабылдаған: а.о. Шармұханбет С.Р.
Алматы, 2023 ж
Эссе
«Инфографика және оны тегін жасау сервистері»
Инфографика – бұл оқуды және жариялауды жеңілдету үшін күрделі ақпаратты ұсынудың графикалық тәсілі. Графикалық және коммуникациялық дизайн нысандарының бірі. Оның қолданылу аясы өте үлкен: география, журналистика, білім беру, статистика, техникалық мәтіндер.
Инфографика дегеніміз – көрерменге күрделі ақпаратты жылдам, әрі түсінікті етіп жеткізуге бағытталған деректерді немесе идеяларды визуализациялау. Инфографикалық құралдарға кескіндерден басқа графиктер, диаграммалар, блок-схемалар, кестелер, карталар, тізімдер кіруі мүмкін.
Ең алғаш инфографиканы 1982 жылы USA Today газетінің баспагерлері қолдана бастады. Осының арқасында газет ең көп оқылатын басылымдардың үздік бестігінің қатарына енді. Уақыт өткен сайын инфографика тек қана технология мен бизнес емес, сонымен қатар өнер екені де анықтала бастады. Сонымен бірге осы өнерді жетік меңгеру баспа бизнесінің табысына тікелей әсер ететіні де анық болды. Сондықтан «Esquire» және «The New Yorker» сияқты журналдар инфографиканы жасау жұмысын идеяның авторы болып табылатын бір журналист пен 3-4 дизайнерге тапсырады. Бірақ инфографика тек қана кәсіби дизайнерлердің қолынан келетін шаруа ғана емес, оны қызығушылық танытқан, үйренемін деген әрбір маман да жасай алады.
Қазіргі таңда бұл тенденция журналисттер арасында кеңінен тарап жатыр. Түрлі семинарлар, мастер-кластар өткізіліп, инфографиканы жасау жолдары түсіндірілуде.
Инфографиканы тегін жасау сервистері:
Google Docs - «Google» платформасының бұл қосымшасы статистикалық мәліметтерді жасауға арналған. «Google Docs» сіз енгізген сұралым арқылы әлем және жергілікті мекен бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынады. Ақпаратты карта, кесте, диаграмманың бірнеше түрі арқылы бейнелеуге болады. Сонымен қатар түрлі түске бояп, керек тұсын ерекшелей аласыз. «Google Docs»-пен жұмысты бастамас бұрын нұсқаулықпен танысып шыққаныңыз жөн.
Easel.ly – ағылшын тіліндегі ыңғайлы сервис. Бұл сервис арқылы кез-келген адам инфографика жасай алады. Сервистің тегін нұсқасында 10 дайын шаблон, 65 инфографикалық белгі, 25 сурет, 10 түрлі қаріп, графиктің 4 түрі, jpeg форматында жүктеу мүмкіндігі бар.
Pictochart.com - сервисінің ақылы және тегін тарифі бар. Тегін тарифіне түрлі графиктер, суреттер қосылған. 10 түрлі шаблонның ішінен өз тақырыбыңызға ұқсасын таңдап алуыңызға болады. 100-ден аса түрлі символдар мен белгілерді табуға болады. Ал мәтініңізді түрлі қаріппен тере аласыз. Дайын суретті бірнеше форматта сақтауға және жүктеуге болады.
Canva.com – сервисінің мобильді телефонға арналған қосымшасы да бар. Оның құрылымы «Piktochart.com»-ға ұқсас. Бірақ «Canva»-ның мүмкіндіктері көбірек. Мұнда дайын шаблондар тақырып бойынша бөлінген. Графиктер мен диаграммалардың да түрі жетерлік. Бір кемшілігі ақылы және тегін құралдар аралас орналасқан. Таңдау барысында сізді шатастыруы да мүмкін. Дайын өнімді «png» форматында жүктей аласыз.
Visme.com – ағылшын тіліндегі интерфейсі қарапайым сервис. Бұл сервис арқылы күрделі ақпаратты сурет арқылы бейнелей аласыз. Оның тегін нұсқасында көптеген дайын шаблондар мен фондар, қаріп түрлері, графиктер, сызбалар, диаграмма және карталар, графикалық суреттер, бейнежазба түріндегі инфографика жасау, jpeg форматында жүктеу мүмкіндіктері енгізілген.
Prezi.com - пайдаланушы сайтта ұсынылған көптеген үлгілердің ішінен дайын үлгіні таңдай алады немесе оны өз бетімен жасай алады. Слайдтар бір кеңістіктің бөліктері болып табылады және онда кездейсоқ орналасады. Оларды әртүрлі нүктелерге жылжытуға, көлемін кішірейтуге және үлкейтуге, бір слайдты екіншісіне орналастыруға, айналдыруға болады. Слайдтағы мәтін де анимацияланған. Prezi қолданбасы Power Point презентацияларынан суреттерді, анимацияларды (swf пішімінде), бейнелерді (сонымен қатар YouTube сайтынан), музыканы, әртүрлі диаграммаларды және слайдтарды кірістіруді қолдайды.
Бүгінде ақпараттық технологияның дамыған заманы болғандықтан заман талабына сай креативті инфографикаларды жасай білу өте маңызды. Жоғарыда аталған тегін сервистерді қолдану арқылы инфографиканы жасаудан қиналмауға болады. Дайын шаблондарға сүйеніп өзіңізге қажетті ақпараттарды ыңғайластырып орналастыра аласыз. Дайын шаблондар ұнамайтын жағдайда өзіңіздің қалауыңызға сай дүниені жасауға мүмкіндігіңіз жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |