«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
 
 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
14 
Балл қою кестесі 
Коммуникативтілігі 
Тіл сапасы 
9–10 балл 

Мəтіннің аудиториясын, жанрлық 
ерекшелігін жəне мəтін мазмұнын терең 
түсінеді. 

Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты 
өңдеп, ұтымды қолдана біледі. 

Сəйкес стильді жоғары деңгейде 
қолданады. 
9–10 балл 

Терең идеяларды жеткізу кезінде 
грамматикалық жəне лексикалық 
нормаларды өте жақсы түсінеді. 

Тілі өте сауатты, бір ғана ұсақ қате 
болуы 
мүмкін, көркем, таза жазады. 
7–8 балл

Мəтіннің аудиториясын, жанрлық 
ерекшелігін жəне мəтін мазмұнын жақсы 
түсінеді.

Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты 
өңдеп, орынды қолдана біледі.

Сəйкес стильді жеткілікті деңгейде 
қолданады. 
7–8 балл

Кейбір идея мен түсініктерді жеткізу 
кезінде грамматикалық жəне лексикалық 
нормаларды жақсы түсінеді.
Тілі сауатты, екі ұсақ қатесі болуы мүмкін.
5–6 балл

Мəтіннің аудиториясын, жанрлық 
ерекшелігін жəне мəтін мазмұнын 
қанағаттанарлық деңгейде түсінеді.

Өз ойын жеткізу үшін кейбір ақпаратты 
өңдеп, қанағаттанарлық деңгейде қолданады.

Сəйкес стильден ауытқу байқалады.
5–6 балл

Өз ойын жеткізуде қолданған 
грамматикалық жəне лексикалық 
нормалары қанағаттанарлық деңгейде.

Тіл сауаттылығы қанағаттанарлық 
деңгейде. Үш-төрт ұсақ жəне ірі қате 
кездеседі, бірақ мағынаны түсінуге кедергі 
келтірмейді.
3–4 балл

Мəтіннің аудиториясын, жанрлық 
ерекшелігін жəне мəтін мазмұнын түсінуі 
шектеулі.

Өз ойын жеткізу үшін аздаған ақпаратты 
өңдеу кезіндегі кейбір талпынысы көрінеді. 

Бірізділік сақталмаған жəне стильді 
қолдануда қателер жібереді.
3–4 балл

Өз ойын жеткізуде қолданған 
грамматикалық жəне лексикалық 
нормалары шектеулі.

Тілі сауатсыз, ұсақ жəне ірі қателері 
мағынаны түсінуге кедергі келтіреді.
1–2 балл 

Мəтіннің аудиториясын, жанрлық 
ерекшелігін жəне мəтін мазмұнын түсінуі өте 
шектеулі. 

Ақпаратты өңдемей дайын күйінде 
қолданады, сондықтан өз ойын білдіруі 
байқалмайды. 
Белгілі бір стильдік бірізділік жоқ. 
1–2 балл 

Қолданған грамматикалық жəне 
лексикалық нормалары өзара 
байланыспайды. 

Мазмұнды түсінуге қиындық келтіретін 
ұсақ жəне ірі қателер өте жиі кездеседі. 
0 балл 

Мəтіннің аудиториясын, жанрлық 
ерекшелігін жəне мəтін мазмұнын 
түсінбейді. 

Көлемі жағынан жеткіліксіз, ұсынылған 
ақпаратпен байланыс жоқ. 
0 балл 

Грамматикалық жəне лексикалық 
нормаларды қолдануда ірі жəне ұсақ 
қателер тұрақты қайталанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет