«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
13 
Емтихан жұмысының балдары 
Балдардың 
проценттік құрамы, 

Баға 
0-7
0-39
2 (қанағаттанарлықсыз)
8-12
40-64
3 (қанағаттанарлық)
13-16
65-84
4 (жақсы)
17-20
85-100
5 (өте жақсы)
 
Бағалар сипаттамасы 
Бағалар сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын 
белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. 
Тəжірибеде ұсынылған баға білім алушылар жұмысының бағалау міндеттеріне 
қаншалықты сəйкес келетіндігіне байланысты. 
Баға 
Сипаттама
5
Білім алушы пəн бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді.
Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мəтіндерден негізгі жəне қосымша 
ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере 
отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, идеяларды терең 
түсінгендігін көрсетеді.
Ақпаратты терең талдау жəне бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған 
тақырыпты толықтай ашады, ойын жүйелі, еркін жеткізеді. Тілі жатық, 
тақырыпқа сай лексиканы ұтымды, дəлме-дəл қолданады.
Жанрлық жəне стильдік ерекшеліктерді, мəтін құрылымын қатаң сақтайды. 
Бірден көп емес орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық ұсақ қатесі бар 
немесе мүлде жоқ. 

Білім алушы пəн бойынша жеткілікті білімі мен түсінігін көрсетеді. 
Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мəтіндерден негізгі жəне қосымша 
ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере 
отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, алайда маңызды 
идеяларды назардан тыс қалдырады. 
Ақпаратты жеткілікті деңгейде талдау жəне бағалау қабілетін көрсете отырып, 
ұсынылған тақырыпты ашады, ойын жүйелі жеткізеді. Тілі түсінікті, тақырыпқа 
сай лексиканы орынды қолданады. 
Жанрлық жəне стильдік ерекшеліктерді, мəтін құрылымын сақтайды. 
Үштен көп емес орфографиялық/грамматикалық жəне пунктуациялық ұсақ 
қателер кездеседі. 

Білім алушы пəн бойынша базалық білімін көрсетеді. 
Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мəтіндерден аздаған ақпараттарды 
қолданады. 
Ұсынылған тақырып бойынша сөздік қоры шектеулі, қолданылған лексика мен 
құрылымдар жалпы мазмұнды түсінуде қиындық тудырады. Мағыналық ірі 
қателер кездеседі. 
Жанрлық жəне стильдік ерекшеліктер, мəтін құрылымы сақталмайды. 
Үштен артық орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателер кездеседі. 

Білім алушының базалық білімі жеткіліксіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет