«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
4
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім алушыларды
қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартында
көзделген оқу сабақтарының, оқу пəндерінің
немесе модульдердің көлемін меңгеру дəрежесін айқындау мақсатында
жүргізілетін рəсім ретінде анықталған. 2019-2020 оқу жылынан бастап негізгі
орта мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестаудың форматы өзгерді.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18
наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылау, аралық жəне
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125
бұйрығына 2019 жылдың 26 қарашасындағы №509 өзгерістер мен мен
толықтырулар енгізілді.
9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында
«Эссе жазу əдістемесі» таңдау курсының бағдарламасы жасақталды.
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Қазіргі таңда оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын дамыту мақсатында негізгі орта мектепті бітіру емтиханында
жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Сол себепті де, бұл
бағдарламада алдымен оқушылардың шығармашылық ойлауы жəне өзінің
жеке ойын өз бетінше дамыту сияқты дағдыларын қалыптастыру, мұғалім
үшін оқушыны қорытынды аттестаттауға дайындау барысында əдістемелік
көмек беру мақсаты көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: