«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет5/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы

1.
 
Аналитикалық бөлім 
 
1.1.
 
Эссе туралы түсінік 
Эссе – французша “essay”, ағылшынша “assay”– байқау, көру, очерк, 
латынша “ exagium”– салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Эссе 
жанрын алғаш ашқан М. Монтень болатын (“Тəжірибелер”, 1580 ж.).
Эссе – шағын көлемді проза түріндегі сын жəне публицистика жанры.
Ол пəнді жете баяндау немесе анықтау бола алмайтын жəне бір 
мəселенің немесе оның нақты себептері бойынша өзіндік түсінік-пікірі мен
жеке əсерін білдіретін шағын көлемді еркін құрылған прозалық шығарма.
Эсседе мəселеге кең көлемде талдау жасалмайды. Ол бір нəрсе туралы жаңаша, 
субъективті сөзбен айшықтап ұсынылады, шығарма философиялық,
тарихи-биографиялық, публицистикалық, əдеби-сыни, ғылыми-көпшілік
немесе таза беллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
Эссенің мақсаты шығармашылық ойлауды жəне өзінің жеке ойын өз 
бетінше дамыту сияқты дағдылардан тұрады, өйткені эссе мазмұнында біріші 
кезекте, автордың жеке басы, оның дуниетанымы, сезімі бағаланады. Эссе жазу 
оқушыларға ойларын нақты жəне сауатты тұжырымдауға, ақпаратты 
құрылымдауға, негізгі ұғымдарды пайдалануға, байланыстың себеп-
салдарларын анқытауға, тиісті мысалдармен тəжірибені суреттеуге, өзінің
қорытындысын жасауға мүмкіндік береді.
1.2.
 
Эссе жазуға қойылатын талаптар: 
Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады: 
- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі; 
- ойлар дəлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дəйектер жазылады. 
Дəйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар 
мен өмірлік тəжірибелер, ғылыми дəлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну 
жəне т.б. Әрбір тезиске екі дəйек келтіріледі, себебі бір дəйек келтіру көп 
жағдайларда жеткіліксіз, үш дəйек ықшамдыққа жəне көркемдікке бағытталған 
жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін. 
Эссенің құрылымы (тезистер мен дəйектердің саны тақырыпқа, құрылған 
жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады): 
- кіріспе
- тезистер, аргументтер
- тезистер, аргументтер
- тезистер, аргументтер
- қорытынды
Кіріспе мен қорытынды проблемаларға назар аудартуы тиіс (кіріспеде ол 
айтылады, қорытындыда автордың пікірі түйінделеді). Оқушылардың əссеге 
сезімдіктің, айқындылықтың, кқркемдіктің тəн екенін түсінгендері
маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет