Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру



Дата13.11.2022
өлшемі24,92 Kb.
#157884
Байланысты:
оқушылардың жас рекшелігі
ҰБТ -ға дайындық Оқу сауаттылығы мен қазақ тілі 1, No1 -20-12, Жоба портфолиосы, Ашық тәрбие сағаты Бір шаңырақ астында

Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
Мектепте білім беру негізінен үш сатыда жүзеге асырылады: бастауыш, негізгі және жоғары сатылар. Біз жоғарыда білім беру тек нормаланған білім, білік, дағдылардан жоғары тұратын оқушылардың белгілі бір қабілеттері мен сапаларын қалыптастыру екенін айтып кеткен едік. Енді осы жаңа сапаларды жобалау әрекеті арқылы қалыптастыру білім берудің сатыларында қалай көрініс алатынына тоқталамыз.
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар, немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой – қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін – бірі тындауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте қалыптасқан өзара қарым – қатынас, бірін – бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады.
Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай – ақ, микрожоба барысында олардың мінез – құлқында пайда болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін-өзі басқара білу, өзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз.
Жобалау әрекетінің жасөспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді.Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет.


Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында өзінің мінез – құлқын реттеу, өзіндік әрекетін басқару құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы жоғары сыныпта өзінің білім алу троекториясын таңдауға жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды және өзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін басқаруға қабілеттілігіне айналады.
Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті қызметтік роль де атқарады, яғни оқушылар жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу әрекетінде, қарым – қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, проблеманы шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ бұлар негізінен оқу үрдісінде ғана қолданылады.
Білім берудің төмендегі сипаттамалары бар екені белгілі, олар:

Білім берудің әрбір сатысы белгілі бір деңгейде аяқталып отырады. Мысалы, бастауыш мектепті аяқтауда емтихан тапсырмайды, келесі сатыға өтуге таңдау жасалмайды. Ал негізгі және орта мектеп оқушылары өз сатысын аяқтауда квалификациялық сынақтан, емтиханнан өтуге міндетті. Сондықтан негізгі және орта білім сатылары белгілі бір білім мазмұнын игере отырып, осы нәтижені аяқтауға тиіс болады.


Бастауыш мектеп оқушылары үшін жобалау жұмысын класс ішінде, бірнеше пәндерден ұйымдастыруға болады, бұл кеңістік олар үшін әзірге жеткілікті. Кейде мектеп ауласы, мектеп ішінде пайдаланылады. Негізгі және орта мектептерде білім беру кеңістігі класпен де, мектеппен де шектелмейді. Олар білім берудің түрлі бағыттары: қосымша білім, ЖОО даярлық, т.б. бағыттарда еркін оқи алады.
Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үрдісі оқушыларға оқу – тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар әдетте пәндік кеңістіктің аясын кеңітуге жағдай жасайды.
Дәстүрлі оқытуда класс – бұлжымас оқу бөлмесі, сабақ – бұлжымас оқу түрі, сондай – ақ, кабинеттік жүйе (химия лабораторияларымен, биология, өсімдіктер, жануарлар әлемімен, физика – лабораториялық құрал - жабдықтарымен) пайдаланылады. Бастауышта оқушының барлық іс - әрекеттері мұғаліммен қатынасқа құрылса, негізгі және орта мектептерде – пән бойынша оқшаулану басым, яғни пәндік кеңістікке құрылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет