«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет6/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы

Сонымен қатар, эсседе сленгтерді, сөздерді қысқартуды, тым жеңіл 
ойларды қолданбағандары дұрыс. Эссе тілі түсінікті болуы тиіс.
Эссе жазудың формалды ережелерінің ішінен, тақырыптың болуын
атап көрсетуге болады. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл
жазба жұмысының кіші формасы болып табылады, соңында қорытындыны 
міндетті түрде қайталау талап етілмейді, ол негізгі мəтінге немесе тақырыпқа 
енгізілуі мүмкін. Дəлелдеме мəселелердің тұжырымдалуын жүйелейді,
мəселелерді тұжырымдау соңғы қорытындымен сəйкес келуі мүмкін.
Оқушылар эссе жазу кезінде неғұрлым типтік қателерін білуі тиіс.
Жалықтыратын алғысөз. Жеткіліксіз бөліктер. Қызықты эссе
қорытындысын мысалдарсыз санамалау арқылы берсе ұтылып қалады. Ұзақ 
сөйлемдер. Ұзақ сөйлемдер автордың дұрыстығын көрсетпейді. Қысқа 
сөйлемдер үнемі жақсы əсер қалдырады. Ең жақсысы, ұзақ сөйлемдерді қысқа 
сөйлемдермен алмастырып отыру. Ғылыми терминдерді, энциклопедиядан 
сөздерді пайдалану оқырманның назарын аударады, эссенің мəн- мағынасын 
кемітеді. 
 
1.3.
 
Эссені бағалау
Бағалау мақсаты 
«Қазақ тілі» пəні бойынша (оқыту қазақ тілінде) оқу бағдарламасының 
көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейі Негізгі орта білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан əрі – МЖМББС) 
сəйкес анықталады.
Оқу бағдарламасымен байланысы 
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім мазмұны 
бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ 
тілі» пəні бойынша (оқыту қазақ тілінде) үлгілік оқу бағдарламасының 
мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары 
МЖМББС күтілетін нəтижелермен анықталады.
 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы 
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қалыптастырушы жəне жиынтық 
бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет