Эссе жазуға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері және түрлері мен құрылымдары Эссе мен шығарманың айырмашылығы



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі17,83 Kb.
#86639
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эссе жазуға қойылатын талаптар

Емтихан жұмысының сипаттамасы
Жазбаша емтихан жұмысы – эссе.
Уақыты: 3 сағат (180 минут).
Оқушылар берілген тақырыптардың ішінен біреуін таңдайды. Жазылған эссе жұмысы жалпы 20 балмен бағаланады. Оқушылар өздері таңдаған тақырып бой­ынша эссе көлемі 200 – 250 сөз болса, қазақ әдебиетінен тереңдетілген сыныптарда 250 – 300 сөзден тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана алады. Ши­май парақты оқушы жұмыспен бірге тапсырады, бірақ тексерілмейді.


Емтиханда жазылатын эссе түрі
Академиялық эссе
Қорытынды аттестаттау емтихан болғандықтан, жазба жұмысы Академиялық эссе түрі бойынша жазылады. Академиялық эссе ұзақ және қысқа мерзімді қамтиды.
Зерттеу жұмыстарына ұзақ мерзімді академиялық эссе тән. Ұзақ мерзімді академиялық эссеге кеңейтілген эссе түрі жатады. Оқушы қызығушылығымен таңдап алған тақырыбына зерттеу жүргізеді. Зерттеу 1- 1,5 жыл мөлшерін қамтуы мүмкін.
Қысқа мерзімді академиялық эссе білім алушының оқыған, талдаған, сараптаған білімін бағалау үшін беріледі. Қысқа мерзімді академиялық эссе емтиханға бөлінген уақытта орындалады. Академиялық эссе кез келген пәндер: жаратылыс, гуманитарлық, тіл, әдебиет бойынша жазылады. Әр пән функционалдық міндетіне сәйкес білім алушының білім нәтижесін бағалауға бағыттайды. Ана тілі мен әдебиеті пәндерінің қорытынды аттестаттау емтиханында әдеби эссе жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет