Түркістан қаласына жақындай бергенде алыстан көзге түсетін ғимарат – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Кесененің көк күмбезі алыстан мұндалап бірден көрінеді. Кесенеге жақындай келе он төртінші ғасырдың соңында соғылған ғимараттың осы кезеңге дейін өңін бермеген құдыреттілігіне сүйсіне түсесің…

Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин: «Менің ұлтымды сұраған кезде, менің әкем –орыс, анам – кәріс, ал мен – қазақпын деп жауап беремін», - дейді. Себебі ол өзінің Қазақстанда туғанын мақтан тұтады және қазақ елінде білім алып, ер жеткенін айтады. Сондай –ақ әлемдік ірі жарыстарға қатысуына әрқашан қазақ елінің қолдау көрсеткеніне алғыс білдіреді. Ол қазақ ұлтына құрмет ретінде шаршы алаңға қазақы ою – өрнекті шапан киіп шығады және өзінің барлық жеңістерін Қазақстанға арнаймын дейді.

Қоғамда жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыс саны көбейген. Ол интернеттің таралуымен тікелей байланысты. Қазір интернетті кез келген жерде, кез келген бағытта, кез келген уақытта қолдануға болады. Ал жасөспірімдердің оны мақсатсыз, қадағалаусыз қолдануы интернеттен түрлі қылмысқа жетелейтін ақпараттарды көруіне немесе оқуына мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселені шешудің бірден – бір жолы – жасөспірімдерге интернет қолдануға тыйым салу немесе олардың қолдануын қатаң бақылауға алу қажет.