Эссе. Тақырыбы: Мектеп пен балабақшаға қойылатын гигиеналық талаптар


Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі22,27 Kb.
#84796
1   2   3
Байланысты:
Эссе
mab, mab, Что такое экономика. Знаки препинания в предложениях с однородными, обособленными членами, вводными конструкциями (1), М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі
Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары
Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. 
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.
Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері. Сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен жөне оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Бастауыш сыныптар мектептің жеке қанатында, ондағы бірінші, екінші сынып бөлмелері төменгі қабатта орналасқаны жөн. Кабинеттік жүйеге ауысуға байланысты әр пәнге екі-үш кабинет бөлінеді.
Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50-60 м2, яғни әр оқушыға 1,25-1,50 м2 есебінен анықталады. Бөлменің ұзын дығы 8-8,2 м, ені 5,6-6,2 м мөлешерінен аспау керек. Егер ұзын дығы 8,2 метрден артық болса, соңғы қатардағы оқушылар тақтаның қасында сөйлеп тұрған мұғалімді және оқушыны анық ести алмауы мүмкін және ондай жағдайда балада алыстан көру қабілеті қалыптасады. Ал аз болса, қажетті мөлшердегі парталар симайды. Ені 6,2 метрден кең болса, есікжақтағы қатардың оқушыларына терезе жарығы жеткіліксіз болады, үш қатар парталар симайды. Осыған байланысты соңғы кездегі гигиеналық талаптар бойынша бөлменің биіктігі 3,5 метрден кем болмауы керек. Мұндай жағдайда әр балаға қажетті 15 м3 ауа мөлшерін қамтамасыз етеді, ал соңғы кезге дейін пайдаланып келген 3,1 м биіктік қосымша ауа желдеткішін қажет етеді немесе ондай бөлмеде сағатына 3 рет терезелерді ашып ауаны желдетіп тазарту керек. Әрине, оқу барысында ондай мүмкіндік болмайды да, балалардың денсаулығына зиян келеді.
Сыныптар мен кабинеттердің қабырғаларын ақ балшықпен, немесе ізбеспен, немесе арнайы эмульсиямен жылына 1 рет әктеп отыру керек. Бөлменің жоғарғы жағын сырлы бояумен бояуға болмайды. Себебі ол құрылыс материалдарының тесікшелерін бітеп, ауаның табиғи жолмен алмасуына кедергі болады. Қабырғаның төменгі жағын биіктігі 1,1-1,8 метрге дейін ақшыл сырлы бояумен сырлауға болады. Эмульсиялармен әктегенде бүкіл қабырғаны ағартып, панельді сырлайды.
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын тудыру үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Бөлме ауасының температурасы 17-21 °С, ылғалдылығы 40-65 %, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек, әр балаға шамамен 15 м3 ауа болғаны жөн.
Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы тиіс. Терезелер кең, күн сәулесі мол түсетіндей ашық әрі таза, шынысы жұқа біртегіс болуы керек. Терезелердің алдына ұзын сабақты үй өсімдіктерін қоюға болмайды. Олар жарықты көлеңкелеп, мөлшерін азайтады. Терезенің төменгі жақтауы еденнен 60-70 см, ал жоғарғы жақтауы мен төбенің арасында 15-30 см аралық болғанда, бөлмеге жарық түсіру мүмкіндігі толық пайдаланылады. Терезеден далаға көз салғанда әйнектің 2/3 бөлігінен аспан көрініп тұрса , табиғи жарықтың мөлшері дұрыс болады. Сыныптағы терезені бөлменің ауасын тазарту үшін де пайдаланады. Ол үшін терезенің жоғарғы жағынан ашпалы-жаппалы желдеткіш жасайды. Олар бөлменің биіктігі 3,5 метрден аз болғанда үнемі ашық тұру керек, тіпті қыс ішінде бір желдеткіш сәл ашық тұрған ы жөн.
Күн бұлтты болғанда, қыс күндері табиғи жарық жеткіліксіз болады, сондықтан бөлмелердің қосымша элктр жарық шамдары болуы тиіс. Жарық шамдарының көлеңкесіз біркелкі жарық беруі үшін олардың сыртында жарық сейілдіргіштері болуы қажет. Жарық сейілдіргіштер ақ түсті шыныдан, немесе жұқа қаңылтырдан, немесе пластинкалардан жасалады. Олардың пішіндері әр түрлі: айналмалы дөңгелектер, төрт бұрыш ты табақшалар немесе шыны плафондар т. б. Жасанды жарықтың мөлшері пайдаланатын электр шамына байланысты. Электр шамдарының жарық мөлшері ор партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесценттік шамдардың жарығы 300 люкс. Соған байланысты злектр шамдарын 2 немесе 3 қатар етіп, қуаттылығы 300 Вт 7-8 лампа ілінеді. Ал люминесценттік шамдардарының қуаттылығы 40 вт 12 шам орнатылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет