Эссе тақырыбы: «Мұражайдан алған әсерім» Орындаған: Танғыт Мейірім Тексерген: Рахимкулов. Д. А алматы 2023 «Мұражайдан алған әсерім»



Дата08.12.2023
өлшемі22,86 Kb.
#195988
Байланысты:
мұражайдан алған әсерім



Қазақстан Республикасы жоғары білім және ғылым министрлігі
Нархоз университеті


ЭССЕ
Тақырыбы: «Мұражайдан алған әсерім»

Орындаған:Танғыт Мейірім


Тексерген:Рахимкулов.Д.А
Алматы 2023
«Мұражайдан алған әсерім»
Мұражай-әр заманның,әр ұлттың мәдени, өнер, ғылыми немесе тарихи маңызы бар және құндылығы бар ескерткіштер мен тарихи жәдігерлер сақталатын мекеме.Адамзаттың мәдени мұрасын сақтау мен көрсетуде шешуші рөл атқарады.Мұражай-уақыт тоқтап,ғасырларды артқа тастап өткен өмірге келетін ерекше орын.Көптен бері мұражайға баруға уақыт жетпей жүрді,26 қараша күні Алматы қаласындағы Орталық мұражайға баруға жол түсті.Бұл қалада мұражайға баруым алғаш рет еді. Мұражайдың сыртқы көрінісі көздің жауын алатындай Ғимаратқа жақындай берген сайын,оның қандай үлкен аумақты алып жатқаны мені таңғалдырды. Алдыңғы жағында басқа елдерден келген шетел азаматтары суретке түсіп жатты,жүздерінен күлкі кетпей,олардың іс-қимылдары арқылы бұл жердің оларға жақсы әсер қалдырғанын байқадым.
Ақырындап баспалдақпен көтеріліп,ішіне кірдім.Аяғым сол жерге басқан бойда,ішкі көрініс көздің жауын алатындай болды.Мәдениет пен тарихтың мекеніне келгенімді бірден сезіндім.Әр бұрышы,әр қыры қандай да бір оюмен,таспен немесе құстың мүсінімен көмкерілген.Кіре берісінде үлкен плазмалы теледидарда Қазақстанның әсем жерлерін және оқиғаларды көрсетіліп тұрды.Мұражайдың ішіндегі түстер бір-бірімен үйлесетіні және интерьеры ұнады.
Ең бірінші кірген зал-ежелгі заман және әр кезеңге тән заттар мен құралдар.Бұл залдың көп бөлігін тастар мен құрал-жабдықтар қамтыды.Маған ең қызық болғаны бұл-1375 жылы жасалған Каталон атласы.Мектеп кезден бері мен үшін қызық және сүйіп оқитын пәнім дүниежүзі тарихы болғандықтан,бұл да бір әлемдік тарихтың географиялық саласындағы ең биік жетістіктердің бірі деп санаймын.Әрбір беті бірнеше мәліметтерді қамтиды. Атласта Моңғол империясының ұлыстары бейнеленген Орта Азия әсіресе,Ең соңғы беттері Қазақстан тарихына қатысы бар.Маған атластың сыртқы бейнесінің ерекшелігі қатты ұнады.Әртүрлі таңбалар мен астрология,космологизм белгілері бейнеленді.
Екінші зал-қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлттық нақыштағы әртүрлі заттарға толы болды. Ыдыстардан бастап,ұлттық аспаптар,ер мен әйелдің киімдері,тіптен киіз үйге дейін болды.Бұл залдан ең қатты ұнағаны-ол әйел және қыз баланың киімдері мен зергерлік бұйымдар.Осы заттарды көрген кезімде,өзім киіп,тағып көргім келді.Өте әдемі көрінеді.Менің ойымша,шетелден келген бойжеткен қыз балаларға ұнайды дегенге сенемін.
Үшінші зал-әртүрлі халықтардың ұлттық киімдері,олардың Қазақстанға көшіру туралы бұйрықтар мен құжаттар мен Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы болды.Залды аралап жүріп,әртүрлі құжаттармен оқу арқылы қарап таныстым.Қазақ халқының киімдері шешен,ингуш,татар және басқа халықтардың киімдеріне қарағанда әлдеқайда әдемі екенін түсіндім. Мұражай тек өнер туындыларының жинағы ғана емес, сонымен қатар нағыз ойлау мектебі екенін ұғындым. Ол бізге сұлулықты көруге, адам жанының тереңдігін сезінуге, мәңгілік құндылықтарға ой жүгіртуге үйретеді. Соғыс кезеңін сезінуге Бауыржан Момышұлына және соғысқа арналған бөлігі мүмкіндік туғызады.Ол жерде Бауыржан атамыздың кителі,қалта сағаты,дүрбісі және тағы басқа заттары болды
Мұражайдың 3 қабаттының екі қабырғасы толы суреттер болды.Маған фотосуретші Таймас Нұртаевтың картиналары өте қатты ұнады.Әсіресе, «Үстірт.Бозжыра шатқалы», «Шарын шатқалы».Өз ісінің шебері екен.Көрген кезде, «не деген керемет» деп ішімнен айттым.
Төртінші зал және ең соңғы -тәуелсіз Қазақстанда болған оқиғалар.Теңгенің шығу тарихы,рәміздер,Алматы қаласы туралы мәліметтер берілді.Залдың іші көк түсті.Мен үшін әдемі зал болды.Әрбір залға өткен сайын,әрбір зал жаңа эмоцияларға толы болады.
Қорытындылай келе,мұражайдан жақсы әсер алдым және рухани тазардым деуге болады.Көзді ашып жұмғанша 3 қабатты қалай тез аралып шыққанымды байқамай қалдым.Алматыға қонақ болып келетін жандарға осы мұражайға міндетті түрде баруға кеңес беремін.Мұражайда уақыттың өтуі мәңгіге тоқтап қалғандай,әрбір келушінің тарих пен мәдениеттің бейнесінде өз орнын алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет