Эссе. Тақырыбы: «Шығармашыл ұстаз-жаңашыл ұстаз» «Ұстаздық жолы,бала тәрбиелеу-ардақты іс»-деп марқұм анам айтып еді



Дата12.03.2018
өлшемі74,29 Kb.
#38532
 Эссе.

Тақырыбы: «Шығармашыл ұстаз-жаңашыл ұстаз»

«Ұстаздық жолы ,бала тәрбиелеу-ардақты іс»-деп марқұм анам айтып еді.

«Айтушы ақылды болса,

Тыңдаушы дана болады»-

деп халқымыз тауып-ақ айтқандай,міне ,бүгінгі таңда анамның сөзін мәңғілік

есіме сақтап, мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 30 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі , қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым –үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса,ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде физика пәні мұғалімдерінің жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа, ұлттың ұл-қыздарына ғылым мен техниканың , қоғамды дамытушы ғылым-физиканы оқыту зор міндет.Ендеше осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға-ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп

бағалаған. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп

айтқаны белгілі. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов : «Мектептің жаны –мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы ,яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса,ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы.Солай болған соң ,ең әуелі ,мектепке керегі –білімді, педагогика ,методикадан хабардар,оқыта білетін мұғалім»,-деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де , Алаш арысының осы сөзі ескірмек емес.

Жақсы ұстаз-бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары,интеллектуальдық ,шығармашылық әлеуеті мол тұлға .Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын ,оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.Мен үшін бұл міндетті орындау , оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс –тәсілдерін алып,өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.Мен өзімнің инновацияны сабақтастыру іс-әрекетімді төрт түрлі өлшеммен сипаттаймын:

-инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну.

-оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы.

- енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына ,тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым.

-белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім.

Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс.Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық.Мұғалім өз шығармашылығы

арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады.Ал менің мақсатым -

оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын

білдіру ,баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.Физика пәнін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын екіге бөліп қарастырдым:

1.Жаңа ақпараттық технологиялар.

2.Жүйелі жүргізілетін оқушыны шығармашылық қабілетін жетілдіру жұмыстары.

Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.Сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің

қосатын үлесім көп.Ал, осы мақсатты орындау үшін мектебіміздің барлық

оқу- кабинеттері қазіргі заманауи техника мен зертханамен жабдықталған.

Кез-келген компьютер арқылы сымсыз Wi-Fi желі арқылы интернетке қосылуға болады.Физика пәнін оқытудағы интернет- технологиялар білім ордасын айтарлықтай кеңейтуге және танымдық іс-әрекеттерді арттыру үшін

қосымша дидактикалық жағдайлар жасауға ,оқыту процесіне қатынасын

өзгертуге ,өзін-өзі тану және өзін өзі –дамыту дағдыларын қалыптастыруға

мүмкіндік береді.Осылайша , физиканы оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін.

Мысалы ,7 сыныпта «Қысым», «Энергия» тақырыптары, 8 сыныпта «Жылу құбылыстары», «Тұрақты ток» тарауларын оқыту барысында Google компаниясы жасаған Google Eartһ бағдарламасын қолдануды алайық.

Бағдарлама тек интернет желісі арқылы жұмыс жасайды.бағдарламаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар дүниетаным шеңберін кеңейтіп, коммуникативтік құзыреттілігін арттырады.

Алайда бүгінгі күні, әрине, басымдылық пен маңыздылық компьютер мен телекоммуникация құралдарына беріліп отыр.Өзім сабағымда интернеттің

көмегімен оқытудың жаңа құралы ретінде оқушылардың жеке қажеттіліктері

мен қабілеттерін ескере отырып,олардың ақпараттық –коммуникативтік және шығармашылық іс-әрекетін ынталандыруға үлкен септігін тигізетін біркелкі емес дидактикалық жағдайларды ұйымдастыра аламын.Қостанай қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» биыл 2014-2015 оқу жылында ашылды, онда 8 сыныпта Мұтахан Ерасыл , 9 сыныпта Алданова Азиза атты оқушыларым түсіп, оқып жатыр. Бұл мектеп физика-математикалық бағытта.Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін қолданып оқитын оқушылардың оқу сапасы да жоғары,сабаққа деген мотивациясы да жоғары болуы –қазіргі заман оқушысының танымдылық , шығармашылық қабілетін дамытудың тура жолының бірі- ақпараттық коммуникациялық технологияның артықшылықтары деп білемін.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны ,заңдары мен анықтамалары , түсініктеме сөздігі мен қазақша –орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,жаттығулар мен есептер,бақылау жұмыстары қамтылған.Тараудағы оқу материалдары

бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды көрсете отырып,түсіндіруге ыңғайлы.Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген.Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық

көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Мен қарапайым ауыл мұғалімімін.Сондықтан менің алдымда тұрған мәселе көп. Бірақ ұлы Абай атамыздың :

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға ,-деп

айтқан сөзін жиі есіме түсіріп, кәсіби шеберлігімді үнемі жетілдіріп, ізденушіліктемін.

Мұғалім үшін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі көзі- сабақ

болып табылғандықтан ,әр сабағымды жақсы жоспарлап, тыңғылықты дайындап, жан-жақты ойластырып өткізуге тырысамын. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибемде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі.Әрине, тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді. Өз пәнімнен «Ақ бота» интеллектуальды марафоннан ,қашықтық олимпиадасынан, ҰБТ-ден нәтиже көрсеткіштері болды.



ҰБТ-ге қатысқан оқушылар нәтижесі:



Барлық оқушылар саны

Қатысқандар саны

Орташа балл

Білім сапасы

Үлгірімі




11 сын.

ҰБТ

ҰБТ


ҰБТ

Оқу жылы

ҰБТ


Оқу жылы

ҰБТ

2006-2007

10

2

14

45%

100%

100%

100%

2009-2010

8

1

13

48,3%

100%

100%

100%

2010-2011

10

3

16

50%

100%

100%

100%

2011-2012

5

5

16

80%

80%

100%

100%

2013-2014

6

2

18

66,7%

100%

100%

100%

2011-2012 оқу жылында бір оқушы Чапаев Дәурен «5»-ке тапсырып «Алтын белгі» иегері болды. Әр жыл сайын ҰБТ тапсырған оқушылар жақсы балл жинап, қалаған мамандықтары бойынша грантқа оқып жатыр.



Қорыта келгенде ,«Тамызығын тапсаң, тас тажанады»дегендей әр мұғалім өз ісіне шығармашылықпен ,сүйіспеншілікпен қараса , оның алдынан жақсы, талантты, білімді оқушы шығары сөзсіз.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет