Есту қабілеті зақымдалған балаларға білім берудің мазмұны. Арнайы түзету сабақтар



бет11/23
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#94278
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Есту қабілеті

Нашар еститін балалардың сөйлеу тілінде жіберетін қателіктері жазған кезде де қайталанады. Жазу барысында жіберілетін қателіктер есту қызметінің бұзылу түріне тәуелді: кондуктивті бұзылу кезеңінде төменгі және орташа жиіліктегі дыбыстарды (У,О,Ы,Р,Л,М,Н,Д,Г,Б,Х,Т,Ц,В,К), ал нейросенсорлық бұзылыстар кезінде жоғары жиіліктегі дыбыстарды жіктеу қиынға түседі (И,Ә,Ш,Ж,Ч,Щ,С,З,Ф), сондықтан көрсетілген дыбыстарды жазған кезде олар түсіп қалады, ауыстырылады немесе араласып кетеді. Сөйлеу тілінің дамуына баланың мектепке дейінгі тәрбиесі үлкен әсер етеді. Балаға арнайы көмек қаншалықты ерте көрсетілсе, соғұрлым оның сөйлеу тілінің қалыптасуы дұрыс дамиды. Балалардың арнайы мекемелерге баруы (балабақша, есту қабілеті мен сөйлеу тілі бойынша зертхана жанында ашылған топқа және т.б.), сол сияқты олармен мақсатты бағытта жүргізілген жұмыс балалардың мектептегі даму деңгейіне әсер етеді. Баланың сөйлеу тілінің дамуына оның тұрақты зейіні, салмақтылығы, есте сақтау қабілеті, зердесінің дамуы және жалпы дамуының әсері, оның арнайы педагогикалық жағдайда құрылған сөйлеу тілін жақсы және тез меңгеруіне себебін тигізеді. Баламен жүргізілетін дамыту түзету жұмысын дер кезінде бастау үшін, баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ естуіне зер салу керек, қажетті көмек неғұрлым ерте басталса, бала еститін құрбыларынан көп артта қалмайды. Есту қызметі сәл төмен болса да, егер арнайы оқытпаса, жасқа толғанда ешқандай сөз айта iалмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет