Алматы технологиялық университеті
Қазақстандағы үстел теннисінің даму тарихы
Тексерген: Назерке Абилхан
Дайындаған: Сыдиықова Гүлнара
Тобы: ИС 20-14
Үстел теннисі (Пинг-понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз
Үстел теннисі салмағы 2, 40 – 2, 53 г, шеңбері 11, 4 – 12 см целлулоид доппен арнайы үстел үстінде қалақпен ойналады. Үстелдің дәл ортасына биіктігі 15, 25 см тор тартылады, үстелдің ұзындығы 2, 74 м, ені 1, 525 м, биіктігі 0, 76 м. Үстел қоңыр, көк бояулармен боялады. Допты тордан асыра соғып, үстел бетіне бір рет тигізіп қарсылас жағына түсіру керек. Үстел теннисін екі не төрт адам ойнайды. Бір ойын 21 ұпайға дейін ойналады.
Пайда болуы
Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып, шылымның қорабымен шампаның тығынын соғып ойнаған.
Атау тарихы
Пинг-понг сөзі 1901 жылдардан бастап кездесе бастады. Оған дейін, ойын кезінде шығатын әр түрлі дыбыстарға байланысты "Флим-флам", "Виф-ваф", "Госсим" деп аталып жүрді. Яғни, ресми түрде "Пинг-понг" атауын бір ғасырдай бұрын американдық Джон Джаквес тіркеді. "Пинг" - ракеткамен допты соққан кезде шығатын дыбыс, "понг" - доп ойын үстеліне тигенде шығатын дыбыс.
ҚР үстел теннисі федерациясының президенті
АБУЛГАЗИН ДАНИЯР РУСТЭМОВИЧ
1954 жылы біз Халықаралық үстел теннисі федерациясының мүшесі болдық. Сол уақыттан бастап біздің спортшылар халықаралық жарыстарда өнер көрсете бастады және үлкен жетістіктерге қол жеткізді, бірнеше рет әйелдер арасындағы командалық жарыстарда әлем және Еуропа чемпиондарын, жеке дара және қоссайыста чемпиондар мен жүлдегерлер атанды. Біздің елімізде үстел теннисінің жаппай дамуы арқасында халықаралық аренада үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Соңғы онжылдықтарда үстел теннисі қарқынды дамыды.
Өткен жылдың соңында Астана ТМД елдері арасында алғаш болып Халықаралық үстел теннисі федерациясы өткізетін ең маңызды турнирлердің бірі ITTF World Tour Grand Finals додасын қабылдады. Бұл бәсекеге әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары жиналды. Федерацияның халықаралық бағыты аясында қазақстандық жас спортшылардың шетелде оқу-жаттығу жиындарын жиі өткізуіне мүмкіндік жасалмақ. Бұл ұлттық құраманың қосалқы құрамын нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, отандық мамандарды халықаралық бапкерлік курстарға қатыстыру да ұйымның басты міндеттерінің бірі.
Қазақстанда үстел теннисiнiң қалыптасуы XX ғасырдың 50жылдары Украинадан келген үстел теннисiнiң маманы Анатолий Ицкевичтiң есiмiмен тығыз байланысты. Елiмiздiң тәжiрибелi жаттықтырушысына айналған Анатолий Хаританович Ицкевич әлемге қазақтан шыққан тұңғыш үстел теннисiнiң қарлығашы Әлия Серiкбаеваны сыйлады. Қаракөз қазақ қызы небәрi 9 жасында алғаш қолына қалақшасын алып, «Медик» спорт залында үстел теннисiнiң дәнiн бойына сiңiредi.
Қазақстанның спорт федерациясы үстел теннисi сынды спорт саласына дұрыс көзқарас танытып, мемлекет тарпынан қолдау көрсетiп жатса құба - құп. Тәуелсiз ел болып, тереземiз теңелген соңғы жиырма жылда үстел теннисiнiң ойыншылары бiрде - бiр рет әлемдiк деңгейдегi чемпионаттарға қатыстырылмаған. Бұл спорт ойыны елiмiзде одан әрi дамып, Әлия сынды әлем чемпиондары дүниеге келерiне сенгiмiз келедi. Қазақстан Республикасының құрамасы әлемдік жарыстарға қатысса, жүлделі орындарды иеленсе екен деген үлкен үміт бар.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |