Этикалық (исламдық) қаражат аспаптары



бет2/2
Дата11.04.2022
өлшемі128,67 Kb.
#138855
1   2
Байланысты:
ислам1
3, 18-01, материалные элементы
Иджара және мурабаха аспаптары, сондай-ақ активтермен толық қамта­масыз етілген, және осы аспаптар арқылы қаржыландыру төмендегі себеп­терден пайыздар негізінде анық ажыратылады:
- дәстүрлі қаржыландыруда қаржыгер өз клиентіне пайыздық қарыз ретінде ақша береді, сонан кейін оның осы қаражатты клиенттің қалай пай­даланатынына қатысы жоқ,
- мурабаха жағдайында, керісінше қаржыгер қолма қол ақшаны клиентке ұсынбайды;
- мурабаханың дәлелдігіне негізгі талаптарының бірі болып, тауардың қаржыгермен алынатындағы табылады, бұл тауар бойынша оны клиент­ке сатар алдында тәуекелді қабылдайтындығын білдіреді. Қаржыгермен мәлімденген тауар оның өзіне алған тәуекелі үшін сыйақы болып табылады. Осындай операция пайыз алуға негізделген қарыз болып табылмайды;
- пайыздық түсім әкелетін қарыз жағдайында қарыз алушымен қайта­рылуға жататын сома уақыт өте келе ұлғая береді. Екінші жағынан мураба­хада сату бағасы келісілгеннен кейін белгіленген.
Нәтижесінде тіпті сатушы (банк клиенті) уақытқа төлемесе, сатушы (банк) алым төлеу мәселесін реттеуде кідірткені үшін жоғары баға сұрамай­ды. Бұл шариғатта уақытша ақша өлшеу тұжырымдамасының жоқтығымен ескерілген;
- сондай-ақ лизинг жағдайында қаржыландыру пайдалануға құқығы бар операциялық активтерді ұсыну жолымен жүргізіледі.
Мүлікті сатып алуға және әрі қарайғы жалға байланысты тәуекел бүкіл жал мерзімі бойы жалға берушіге/қаржыгерге жүктеледі, егер лизингтік актив толық жойылса және лизинг алушы тарапынан дұрыс қолданбау немесе немқұрайдылығы фактілерінің болмауы мағынасында залалды қаржыгер/ жалға беруші көтереді. Клиент бұл жағдайда ұсынылған материалдық кепіл есебінен бірдей жауаптылықты көтереді.
Жоғарыда айтылғандай, қаржыландырудың әрбір түрі этикалық жүйеде нақты қосылған құнды құрайды. Қарапайым банкаралық кредиттер төмен мөлшердегі нақты тауар айналымынан тыс ұлғаятын қосымша ақша масса­сын құрайды. Ақша массасы мен нақты сектор арасындағы осы алшақтық инфляцияны күшейтеді, өзара баланстың үйлесімсіздігінен арзандайтын «тауарларда», атап айтқанда қағаз қамтамасыз етілмеген ақшамен біл­дірілетін шикізат пен қызметтерге бағаның өсуіне өздігінен әсер ететін ақша бірліктері девальвацияға ұшырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет