А. Маслоу пирамиданың бірінші сатысына тыныс алу,
тамақтану, ішу, бөлу (шығару) мұқтаждықтарын орналастырып, оларды қалай атады?
қауіпсіздік мұқтаждықтары
*тірі қалу мұқтаждықтары
әлеуметтік қажеттіліктер
қызмет ету мұқтаждығы
маңызды мұқтаждықтар
Төменде көрсетілген медбикелік іс-әрекеттердің қайсысын медбике дәрігердің тағайындауынсыз, талабынсыз, өз ойымен және ықыласымен жүзеге асыра алады?
*ойылудың алдын алу
таңғышты ауыстыру
әр 4 сағат сайын антибиотиктерді егу
асқазанды жуу
клизма жасау
Туберкулез диагнозымен түскен пациентте медбикелік тексеру кезінде келесі шағымдар анықталды: жалпы әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, жөтел қақырық бөлінуімен, қақырықта қан жолақтары байқалды. 2-3 апта бойы дене температурасының кешке қарай субфебрильді көрсеткіштерге жоғарылауы, түнде қатты тершеңдік анықталды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғылары бозарған. Дене t-37,3° С, тыныс алу -минутына 22 рет, PS-88 , АҚ-110/70 мм.с.б. Медбике қай мәселені артықшылықты (приоритетті) мәселе ретінде қарастырады?:
*қан түкіру
кеуде қуысының ауырсынуы
қатты жүдеп кету
ылғалды жөтел
субфебрильді қызба
Артериялық қысымның күрт жоғарылауы кезінде медбике дәрігерді дереу шақыртты, пациентті жастықсыз көлденең жатқызып, шүйде аймағына және балтырға қыша қойды, маңдайына суық компресс қойды, дәрігердің нұсқауларын орындады. Медбикенің қателігі неде?
*бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу қажет
балтыр аймағына қыша жабыстыруға болмайды
суық компресс бас ауруды күшейтеді
шүйде аймағына қыша жабыстыруға болмайды
пациентті төсегінде отырғызу қажет
Достарыңызбен бөлісу: |