А, Б, В сыныбының қалдықтары пайда болған орнында неше уақытқа дейін сақтауға болады?
12 сағаттан асырмай
*бір тәуліктен асырылмай
екі тәуліктен асырылмай
үш тәуліктен асырылмай
төрт тәуліктен асырылмай
Дезинфекция кезінде жойылады:
*микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана
микроорганизмдердің барлық түрлері
тек вирустар
споралар, токсиндер
анаэробты микроорганизмдер
Пациент емделіп жақсы болып емханадан шыққан соң, пациентті бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң ошақта бір рет өткізілетін дезинфекция түрі:
күнделікті
ошақты
қорытынды
*соңғы
ағымды
Пациент өз бетінше жүріп-тұра алады, дәретханаға, ем қабылдауға баруға, туыстарымен кездесуге шығуға тиым салынбаған. Пациенттің белсенділік тәртібін анықтаңыз.
*жалпы
жартылай төсекті
төсекті
қатаң төсекті
мәжбүрлі
Пациентті, заттарды көтерумен, қозғалтумен байланысты болған жүктемелер; жоғары және төмен температуралардың әсері;әр түрлі сәулелердің әсері; электр жабдықтарды қолдану ережелерін бұзу медбикелердің жұмысында денсаулығына кері әсер ететін кәсіби факторлардың қай түріне жатады?
Химиялық
Биологиялық
*Физикалық
Психологиялық
Механикалық
Зарарсыздандыру, жуғыш, дәрілік заттардың құрамындағы токсикалық заттардың адам ағзасына зиянды әсері медбикелердің жұмысында денсаулығына кері әсер ететін кәсіби факторлардың қай түріне жатады?
*Химиялық
Биологиялық
Физикалық
Психологиялық
Механикалық
Халі ауыр пациентті қауіпсіз тасы-малдау ерекше-ліктері
Төсекте жатқан пациенттің дене қалпын өзгерткенде бас айналу, қулақтарының шуылдауы, жүректің қатты соғуы, кейде естен танудың болуы қалай аталады?
Вальсальва әсері
*Постуралды рефлекс
Гипотензия
Коллапс
Жедел тамыр жетіспеушілігі
Халі ауыр пациентті қауіпсіз тасы-малдау ерекше-ліктері
Пациентте тыныс алу шыңында күшену нәтижесінде жүрек ырғағы мен коронарлы қан айналымының бұзылуы қалай аталады?
*Вальсальва әсері
Постуралды рефлекс
Гипотензия
Коллапс
Жедел тамыр жетіспеушілігі
Бөлімшедегі емдеу-сақтанды-ру тәртібі, олар-дың элементері, маңызы
Пациент төсекте горизонталды арқасымен жастықсыз жатыр, төсектің аяқ жағы көтерілген. Бұл қалып қан ағымының аяқ веналарынан кету және бас жаққа келуді қамтамасыз етеді; тромбоэмболияның алдын алу үшін, жедел тамыр жетіспеушілігінде (талма, коллапс, шок) ұсынылады. Пациенттің төсектегі бұл қалпы қалай аталады?
Симс қалпы
Жоғары Фаулер қалпы
Төменгі Фаулер қалпы
*Тренделенбург қалпы
Ортопноэ қалпы
Төсекте жатқан пациенттің қалпын ауыстыру қажет:
Әр 1 сағат сайын
*Әр 2 сағат сайын
Әр 3 сағат сайын
Әр 4 сағат сайын
Әр 5 сағат сайын
Пациент бір қырымен жатыр, төменгі қолы арқасына қарай созылған, ал екі аяғы тізесінен жеңіл бүгілген. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгілген, төменгі аяғы төсекте созылып жатыр. Пациенттің төсектегі дене қалпын анықтаңыз:
*Симс қалпы
ортопноэ қалпы
Фаулер қалпы
төменгі Фаулер қалпы
жоғарғы Фаулер қалпы
Науқас Фаулер қалпында жатқанда:
бір қырымен жатады
етбетінен жастықсыз жатады
*арқасымен жастықсыз жатады
жартылай бір қырымен, жартылай ішімен жатады
төсекте жартылай отырады
Жоғарғы Фаулер жағдайында кереуеттің бас жағын көтеру керек:
45˚ бұрышта
60˚ бұрышта
*90˚ бұрышта
30˚ бұрышта
15˚ бұрышта
Ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып қалай аталады?
Белсенді қалып
Енжарлы қалып
Еркін қалып
*Мәжбүр қалып
Төсектік қалып
Халі ауыр пациентті қауіпсіз тасы-малдау ерекше-ліктері
Адамның еңбек қызметінің тиімділігін арттыру, еңбек жағдайларын оптимизациялау мақсатымен еңбек процестерін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Биомеханика
Кинезиология
Механика
кинезика
*эргономика
Медбикелерде жиі ауыр салмақ көтеру нәтижесінде тірек-қимыл жүйесінде байқалатын патологиялық процесс:
остеопороз
*остеохондроз
компрессионды сынықтар
артрит
артроз
Омыртқа остеохондрозының жиі орналасатын аймағы:
мойын омыртқаларында
кеуде омыртқаларында
*бел омыртқаларында
сегізкөзде
кеуде, сегізкөз
Скелет сүйектерінің зақымдалуымен сипатталатын ағзаның жүйелі ауруы, сүйектердің тығыздалуының төмендеуімен, сүйек массасының төмендеуімен, соның нәтижесінде сүйектердің нәзік, сыңғыш болуымен сипатталады. Бұл қандай патологияға тән болып келеді?
*остеопороз
остеохондроз
компрессионды сынықтар
артрит
артроз
Ұзақ қысылу, үйкелу салдарынан тері және басқа жұмсақ ұлпалардың жаралы-некротикалық өзгерістері қалай аталады?
Контрактура
Пысынау
Баздану
Бұлшықет гипотрофиясы
*ойылу
Буындарда қимыл-әрекеттердің шектелуі қалай аталады?
Артроз
Артрит
*Контрактура
Остеопороз
Гемартроз
Қоректенудің бұзылу салдарынан бұлшықет талшықтарының біртіндеп жұқаруы, зақымдалуы, жиырылу қасиеттерінің төмендеуі қалай аталады?
Контрактура
Бұлшықет атрофиясы
Бұлшықет гипертрофиясы
*Бұлшықет гипотрофиясы
ойылу
Өздігінен толық қозғала алмайтын, бірақ негізі жүктемені қол ұшына және шынтақ буынына түсіріп дене салмағын жартылай ұстай алатын пациенттерге арналған қозғалудың қосалқы затын анықтаңыз:
таяқтар
қолтық асты балдақтар
шынтақ асты тіреуші бар балдақтар
арба (ходунок)
орындық-арба (кресло-коляска)
Аяқ жарақаттары бар пациенттерге ерте реабилитация кезеңінде қолдануға арналған қозғалудың қосалқы затын анықтаңыз:
таяқтар
*қолтық асты балдақтар
шынтақ асты тіреуші бар балдақтар
арба (ходунок)
орындық-арба (кресло-коляска)
Төсек тартып жатқан пациенттерде аяқ-қолдардың ұзақ уақыт қимыл-әрекетсіз болуынан буындарда активті және пассивті қимыл-әрекеттердің шектелуі қалай аталады?
атрофия
анкилоз
тромбоз
плегия
*контрактура
Медбике пациентті қарағанда сегізкөз аймағында терісінің қызарғанын, қабыршақталғанын анықтады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Пациентті бір қырымен жатқызғанда да гиперемия кетпейді. Бұл өзгерістер ойылудың трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай қай кезеңіне тура келеді?
*ойылудың І-кезеңі
ойылудың ІІ-кезеңі
ойылудың ІІІ-кезеңі
ойылудың ІV-кезеңі
ойылудың регенерация кезеңі
Төсек тартып жатқан науқастың жамбас аймағында күлбір анықталады. Бұзылыстар тері асты май қабатын зақымдаған.Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылуды кезеңін анықтаңыз:
ойылудың І-кезеңі
*ойылудың ІІ-кезеңі
ойылудың ІІІ-кезеңі
ойылудың ІV-кезеңі
ойылудың регенерация кезеңі
Науқастың өкшесінде күлбірдің жарылып жара пайда болуы пайда болуы байқалады. Терінің бұлшық етке дейін барлық қабаттары зақымдалған. Осы кездегі емді таңдап алыңыз:
бриллиант көгінің 1-2% спирттелген ерітіндісін жағу
жараның айналасын антисептик ерітіндісімен өңдеп, құрғақ таңғыш байлау
теріні 10% камфор спиртімен өңдеу
теріні жуып, құрғатып опа себу
*УКС қолдану, 1%синтомицин эмульсиясы, Вишневский майымен таңғыш қойып, дөңгелек резеңке қолдану
Ауыр халдегі науқастың қолы жарақат болса, киімін киіндіру тәртібі:
*алдымен ауру қолын кигізеді
оң қолынан бастап кигізеді
сол қолынан бастап кигізеді
киімін басынан кигізеді
екі жеңін кигізеді
Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша қанша сақтауға болады?
6 сағатқа дейін
10 сағатқа дейін
*12 сағатқа дейін
24 сағатқа дейін
48 сағатқа дейін
Пациенттердің киім-кешегін ауыстыру неше күнде жүргізіледі?
Күніне бір рет және ластануына қарай
3 күнде бір рет және ластануына қарай
5 күнде бір рет және ластануына қарай
*7 күнде бір рет және ластануына қарай
10 күнде бір рет және ластануына қарай
Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру неше күнде жүргізіледі?
Күніне бір рет және ластануына қарай
*3 күнде бір рет және ластануына қарай
5 күнде бір рет және ластануына қарай
7 күнде бір рет және ластануына қарай
10 күнде бір рет және ластануына қарай
Жиі әлсіз пациенттерде, жүйелі қысым түсетін аймақтарда байқалатын терінің дистрофиялық немесе жаралы-некротикалық өзгерістері қалай аталады?
*Ойылу
Баздану
Пысынау
Некроз
Ишемия
Терідегі тер, май бездері секреттері, пациенттің бөлінулерімен ластанудан соң пайда болатын тері қыртыстары аймағында терінің қабынуы қалай аталады?
Ойылу
Баздану
*Пысынау
Некроз
Ишемия
Тері ұзақ уақыт суда тұрғанда немесе дымқыл ортада көп тұрғанда пайда болатын терінің өзгеруі қалай аталады?
Ойылу
*Баздану
Пысынау
Некроз
Ишемия
Пациенттің құлағына күтім жасау үшін қолданылатын ерітінді:
Фурацилин
Дистилденген су
Вазелин майы
*3% сутегі асқын тотығы
Физиологиялық ерітінді
Пысынаудың 2-ші кезеңінің белгілерін анықтаңыз:
шекарасы айқын болмаған терінің жеңіл қызаруы
*терінің беткей, ұсақ зақымданулары, сызат пайда болуы және айқын қызару
шекарасы айқын болған терінің қызаруы, бөртпелер
*терінің қызаруы, күлбірлердің пайда болуы
терінің қызаруы, кең көлемді жаралардың (эрозия) пайда болуы.
Пациенттің мұрнына күтім жасау үшін қолданылатын ерітінді:
Фурацилин
Дистилденген су
*Вазелин майы
3% сутегі асқын тотығы
Физиологиялық ерітінді
Медбике пациентке назогастральді сүңгіні енгізу кезінде пациенттің жағдайы нашарлап, бет-әлпеті көгерді, жөтелу, ентігу байқалды. Бұл жағдайдың себебі неде?
пациенттің емшарадан қорқуы
сүңгілеуді тамақтанудан соң жүргізу
психологиялық дайындықтың болмауы
*сүңгінің тыныс жолдарына түсуі
сүңгіні жылдам енгізу
Бөлімшеде дайын тағамды таратуды «тағам таратуға арналған» деп таңбаланған халаттарда кімдер жүргізеді?
*буфетшілер және бөлімшенің кезекші медбикелері
буфетшілер және кіші медбикелер
буфетшілер және күтім жасаушылар
буфетшілер және жанұя мүшелері
буфетшілер
Іш өтумен сипатталатын энтериттерде тағайындалатын диета:
диета № 1
*диета № 2
диета № 3
диета № 4
диета № 5
Парентеральді тамақтандыру дегеніміз не?
*Бұл қөректік ерітінділерді асқорту жолдарынан тыс енгізу
Бұл қөректік ерітінділерді ингаляциялық енгізу
Бұл қөректік ерітінділерді ауыз арқылы енгізу
Бұл қөректік ерітінділерді ректальді енгізу
Бұл қөректік ерітінділерді бұлшықетке енгізу
Гипертония ауруында тағайындалатын диетада ұсынылады:
*тұз және сұйықтықты шектеу
сұйықтық және ақуыз мөлшерін көбейту
майлар және көмірсуларды шектеу
май және ақуыздарды шектеу
тұз ва ақуыз мөлшерін шектеу
Асқазан жарасымен ауыратын пациентке тамақтану рационын құрастырудағы ұсыныстар:
рационда ақуыз мөлшерін көбейту
*жиі-жиі, аз мөлшерде тамақтану
тек ауырсыну кезінде тамақтану
аптасына 2 рет тек жеміс-жидек қабылдау
апасына 2 рет тек сүт тағамдарын қабылдау
Жедел гломерулонефрит кезінде диетада шектеледі:
Ақуыздар және майлар
Ақуыздар және көмірсулар
*Сұйықтық және тұздар
Сұйықтық және көмірсулар
Ақуыздар және тұздар
Семіздік кезінде медбике диетаның қай түрін ұсынады?
Ақуыздың аз мөлшерімен сипатталатын нұсқасын
*Төмен калориямен сипатталатын нұсқасын
Стандартты диетаның негізгі нұсқасын
Ақуыздың көп мөлшерімен сипатталатын диетаны
Көмірсулардың аз мөлшерімен сипатталатын диетаны
Пациентте дене температурасының жоғарылауына қарамастан терісі суық,”қаз терісіне ұқсас”; науқас бас ауруына, сүйектердің сырқырауына, қалтырауға шағым жасайды. Қызбаның бұл кезеңіндегі күтімді анықтаңыз:
дәрігерді шақыру, тері астына егу үшін 10%сульфокамфокаин ерітіндісін дайындау
аяғын жоғары көтеріп, басынан жастықты алып тастау
маңдайына компресс немесе мұзды мұйық қою
*емделушіні жылыту, аяғына жылытқыш қою, тәтті ыстық шай беру
жеке пост ұйымдастыру, дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу, ерінді вазелинмен майлау
Пациентте дене температурасы 1 сағат ішінде 41°С-тан 36°С-қа дейін төмендеді. Пациенттің терісі бозарған, ұстағанда мұздай, суық тер анықталады. Пациенттің еріндері көгерген, қатты әлсіздікке шағымданады. Пациентте қызбаның кезеңін анықтаңыз:
І-кезең
ІІ-кезең- лизис
ІІ- кезең-кризис
ІІІ-кезең-лизис
*ІІІ-кезең-кризис
Науқастың дене температурасы 40˚С-қа дейін жоғарылаған. Бас ауруына, сүйек сырқырауына, ауыздың құрғауына шағымданады. Беті қызарған, терісі ұстағанда ыстық. Қызба кезеңіне қарай күтімді анықтаңыз:
тыныштық, төсекті және іш киімін ауыстыру
кофе немесе ыстық шай беру, науқасты қымтап жабу
*науқасты салқындату, салқын сусынды ішкізу, ерінді вазелинмен майлау
10% сульфокамфокаин және 10% кофеин бензоат-натрий ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау
жылы көрпемен жабу, аяғына жылытқыш қою
Науқаста тыныс жиілігі және тереңдігі біртіндеп жоғарылайды, 5-7 ші тынысқа келгенде біртіндеп төмендеп паузамен аяқталады, пауза бір минутқа дейін созылады. Пауза кезінде науқас есін жоғалтады. Тыныс қалыптасқан жағдайда есі қалпына келеді. Патологиялық тыныс түрін анықтаңыз:
Куссмауль тынысы
Биот тынысы
*Чейн-Стокс тынысы
Грокк тынысы
атоналды тыныс
Дене температурасы 1˚С-қа көтерілгенде тыныс алу жиіленеді:
орташа 2 тыныс әрекетіне
*орташа 4 тыныс әрекетіне
орташа 6 тыныс әрекетіне
орташа 8 тыныс әркетіне
орташа 10 тыныс әрекетіне
15 күн бойы дене температурасының жоғары болуы қызбаның ұзақтығы бойынша қай түріне тән ?
өткінші қызбаға
*жедел қызбаға
жеделдеу қызбаға
созылмалы қызбаға
Пиретикалық қызбаға
Қызбаның ұзақтығы 15 күннен 45 күнге дейін созылуы қызбаның қай түріне тән болып келеді?
өткінші қызбаға
жедел қызбаға
*жеделдеу қызбаға
созылмалы қызбаға
Пиретикалық қызбаға
Тамыр қабырғасына қанның басу күші; пульс толқынының өтуін толық тоқтатуда жұмсалатын күш деңгейімен анықталады. Пульстің бұл қасиеті қалай аталады?
пульстің ырғағы
пульстің жиілігі
пульстің кернеулігі
*пульстің толуы
пульстің ағымы
Айналымдағы қанның көлемі азайғанда, жүректің айдау көлемі төмендесе (қан жоғалтқанда) қандай пульс байқалады?
қатты пульс
орта кернеулі пульс
толық пульс
ретсіз пульс
*бос пульс
Қан қысымы жоғарлағанда қандай пульс байқалады?
*қатты пульс
орта кернеулі пульс
толық пульс
ретсіз пульс
бос пульс
Пациент ағзасы бейімделген қан қысым деңгейі қалай аталады?
систолалық қан қысымы
диастолалық қан қысымы
қалыпты қан қысымы
Физиологиялық қан қысымы
*жұмысшы қан қысымы
Пациент жатқан «горизонталды қалыптан» отырған немесе түрған «вертикалды қалыпқа» өткенде қан қысымының бірден төмендеуі қалай аталады?
*постуральді гипотензия
вертикальді гипотензия
физиологиялық гипотензия
биомеханикалық гипотензия
патологиялық гипотензия
Сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады. Патологиялық тыныстың бұл түрі қалай аталады?
* Куссмауль тынысы
Биот тынысы
Чейн-Стокс тынысы
Грокк тынысы
атоналды тыныс
Пациентте кризис кезінде жиі байқалатын асқыну:
тырысулар
естен тану
*коллапс
криз
сандырақ
Біркелкі уақыт интервалынан соң пульс толқындарының қайталануымен сипатталатын пульс қалай аталады?
жіп тәрізді пульс
қатты пульс
жұмсақ пульс
бос пульс
*ырғақты пульс
Пациентке гематома аймағына мұзды мұйық қою тағайындалған. Медбике тоңазытқыштан ішіне су құйып қойылған мұзды мұйықты алып сүлгімен орап пациенттің гематома аймағына қойды. Бұл кезде қандай асқыну болуы мүмкін?
Терінің тітіркенуі
*Жергілікті үсік
Терінің «құс терісі сияқты» болуы
Терінің бозаруы
Терінің көгеруі
Қыша қағаздарын қоюдың қарсы көрсетілімін анықтаңыз:
стенокардия ұстамасы
гипертониялық криз
жүйке қабынуы
*жоғары қызба
бұлшықеттердің қабынуы
Жылытқышты қоюдың қарсы көрсетілімін анықтаңыз:
қызбаның І-ші кезеңі
инъекциядан кейінгі инфильтрат
*іш қуысының жедел қабынуы
қызбаның ІІІ-ші кезеңі
соғып алудың 2-ші тәулігі
Медбике дәрігердің тағайындауымен пациенттің құлағына қыздырма компрессін қойды. 8 қабат салфетканы 40% этил спиртіне малып, сығып алды және қажет мақта, компрестік қағазбен қоса құлақ қалқаны үстінен қойып, бинтпен бекітіп, компрессті 6 сағатқа қалдырды. Медбикенің қателігі неде?
қыздырма компресін 10 сағатқа қалдыру керек еді
салфетканы 70% этил спиртіне малып қою керек еді
компресс қағазын қоймау керек еді
мақтаны қоймау керек еді
*құлақ қалқаны шығып тұратындай қою керек еді
Қыша қағазын қоюға болмайтын аймақты анықтаңыз:
*омыртқа жотасы
желке аймағы
балтыр бұлшықет аймағы
жүрек аймағы
жауырын асты аймағы
Пациентке дуоденалды зондтау жүргізу кезінде зонд арқылы енгізілген тітіркендіргіштен соң “В” үлес бөлінбеді. Одди сфинктерінің спазмын жою мақсатында дәрігердің тағайындауымен 0,1%-1,0 атропин тері астына енгізілді. ”В” үлестің бөлінуі байқалмады. Медбикенің бұл кездегі іс-әрекеті қандай?
1-сағат күту
атропинді қайта егу
пациентке жылытқыш беру
*зондтауды тоқтату, зондты алып тастау
20 минуттан соң зондты қайта енгізу
Пациентке несепті зерттеу түрі тағайындалған. Пациент несепті таңғы сағат 6-дан бастап, бір тәулік бойы арнайы ыдысқа жинады. Медбике ыдыстағы несепті шыны таяқшамен араластырып, 100-150мл несепті бөлек ыдысқа құйып, жолдамасына тәуліктік несеп мөлшерін жазып, зертханаға жіберді. Несеп қандай зерттеуге алынған?
Бактериологиялық зерттеуге
Диастазаға
Жалпы клиникалық зерттеуге
Зимницкий әдісімен зерттеуге
*Несептегі қантты тексеруге
Нәжісті бактериологиялық зерттеу мақсаты:
гельминт жұмыртқаларын анықтау
асқазан ішек трактісі мүшелерінің жасырын қан кетуді анықтау
нәжісте қарапайымдыларды анықтау
*дизентерия мен бактерия тасымалдаушы науқасты анықтау
ас қорыту трактісінің түрлі бөлімдерінің қорыту мүмкіндігін анықтау
Нечипоренко бойынша зәр анализінің мақсаты:
зәрдің мөлшерін, түсін, иісін анықтау
зәрдегі қантты, билирубинді анықтау
*зәрдегі лейкоциттер, эритроциттер, цилиндрлерді анықтау
зәрдің меншікті салмағын, тәуліктік мөлшерін анықтау
бүйректің микробпен ұрықтану сатысын анықтау
Қант диабетімен ауыратын емделушінің декомпенсациясы дәрежесін анықтау үшін зерттелінеді:
зәрдің құрамындағы пішінді элементтер
зәрдің құрамындағы белоктар
зәрдің құрамындағы қантты
зәрдің құрамындағы тұздар
*ацетон және кетон
Жеке медбикелік пост ұйымдастырылады:
хирургия, урология бөлімшелерінде
*жандандыру және қарқынды терапия
бөлімшелерінде
терапия бөлімшесінде
балалар бөлімшелерінде
кардиология, неврология бөлімшелерінде
Қай жағдайда пациентті ауруханадан шығарылуына тиім салынады?
пациенттің толығымен жазылып кетуінде
пациенттің жағдайы тұрақты жақсарғанда
3 емді емханалық мекемелерде жалғастыра алатын жағдайда
емді үй жағдайларында жалғастыра алатын жағдайда
*пациенттің ауызша талабымен жазылып кетуіне дейін
Пациенттің ауруханаға түсуінің және шығуының санақ картасының формасы:
Ф-001/у
Ф-003/у
Ф-058/у
*Ф-066/у
Ф-074/у
Медбикелердің абайсызда айтылған сөздерінен, іс-әрекеттерінен дамитын асқынулар қалай аталады?
эгратогения
эгогения
психогения
*соророгения
Соматогения
Қай медициналық құжатқа пациентті шығару эпикризі жазылады?
Ф-001/у
*Ф-003/у
Ф-058/у
Ф-066/у
Ф-074/у
Медбике дәрігердің тағайындауымен пациенттерге темір препараттарын, ацетилсалицил қышқылын, кальций хлориді ерітіндісін таратты. Бұл дәрілерді қабылдау бойынша медбике пациенттерге қандай нұсқаулық айту қажет?
таңертең ашқарынға қабылдау
аспен бірге қабылдау
тамақтанудан 30 минут алдын қабылдау
*ас ішіп болған соң, 15-30 минуттан кейін қабылдау
ұйқыдан 30 минут алдын қабылдау
Қандай дәрілерді егу үшін ампуланы алған соң арнайы журналға тіркейді; ампуланы ашпас бұрын мойынын спиртпен өңдеуді қажет етпейді, дәріні егу үшін міндетті түрде дәрігер қатысуы тиіс?
жүрекке қымбат дәрілерді
әсер ететін дәрілерді
*есірткілік дәрілерді
әсері күшті дәрілерді
наркозға қолданатын дәрілерді
Бұл әдіспен қатты дәрілік формалар, кейбір сұйық түрдегі дәрілер (ерітінділер) және аэрозольдар енгізіледі. Дәрілік затты осы әдіспен енгізілгенде, жергілікті қан тамырларынан жоғары қуысты венаға өтіп, жүректің оң бөлімдеріне, кіші қан айналымына түседі. Содаң соң дәрілік зат жүректің сол бөлімдеріне барып артериалды қанмен ағзаларға жетеді. Бұл дәрілерді енгізудің қай әдісіне жатады?
ректальді
*сублингвальді
парентеральді
ингаляциялық
пероральді
Пациентке жөтелге қарсы микстура 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішуге тағайындалды. Медбике микстураны мензуркаға қанша мөлшерде құйып беруі керек?
5 мл
7,5мл
10мл
*15мл
20мл
Дәрілік зат бұл әдіспен енгізілгенде асқорыту жолдарына бармай, қан айналымына түседі; майлы ерітінділерді, эмульсия мен суспензияларды енгізуге болмайды; асқорыту жолдарында ыдырайтын дәрілерді енгізуге болады. Бұл сипаттама дәрілерді енгізудің қай әдісіне тән болып келеді?
тері астына енгізу
бұлшық етке енгізу
тері ішіне енгізу
сублингвальді енгізу
*күре тамырға енгізу
Білектің ішкі аймағын иньекция диагностикалық мақсатта және жергілікті жансыздандыру үшін ұзындығы 2см-ден ұзын емес инемен жасалады. Бұл қандай инъекцияға тән болып келеді?
бұлшықет инъекциясы
көктамыр инъекциясы
тері асты инъекциясы
*тері ішілік инъекция
буынішілік инъекция
Қажет өлшемдегі иненің болмағандықтан, емшара бөлмесі медбикесі пациентке 50% анальгин ерітіндісін тері астына инъекция жасайтын инемен орындады. Бұл жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін?
липодистрофия
абсцесс
*инфильтрат
иненің сынуы
гематома
Бұлшықет инъекциясы орындалған пациент инъекция орнының қатты ауырсынуға шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауыр. Дене температурасы 38°С. Инъекция орнында терінің қызаруы, жергілікті қызба байқалады. Бұл симптомдар қандай асқынуға тән?
Инфильтрат
Сепсис
Гематома
*Абсцесс
Майлы эмболия
Медбике пациент бөксесінің жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықет инъекциясын жасады. Иненің ұзындығы 20мм, сыйымдылығы 2мл шприц . Бұл кезде қандай асқыну болуы мүмкін?
Абсцесс
Майлы дистрофия
*Инфильтрат
Иненің сынуы
Жүйке сабауының зақымдануы
Медбике пациентке 10% кальций хлорид ерітіндісін енгізді. Нәтижесінде инъекция орнында ісіну, күйдіріп ашыту сезімі пайда болды. Бұл асқыну түрі қандай, оның себебі не?
гематома- ине тамырдың екі қабырғасын тескеннен
*некроз- дәрілік зат тері астына кеткеннен
дәріні қателесіп енгізгеннен
егу орнын дұрыс таңдамау- жүйке сабауының зақымдалуы
сепсис – қанға инфекция түскеннен
Медбике көктамырдан қан алу үшін «ине -ине ұстағыш» жүйесін құрастырып, артынан пробирканы жалғастырды. Содан соң пациентке венепункция жасады. Венепункция кезінде қан пробиркаға өздігінен келмеді, оның себебі не болуы мүмкін?
пациенттің қан қысымы жоғары болғандықтан
пациент қатты қорққандықтан
*жүйені көктамырдан тыс құрастырып, пробиркаға ауа кіргендіктен
пациенттің көктамыр ерекшелігінен
иненің ұшы жіңішке болғандықтан
Инфузиялық терапия кезінде медбике флаконды ауыстыру үшін система тамызғышының толық босауын күтіп, содан соң екінші флаконды жалғастырды. Бұл жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін?
инфекцияның қанға енуі
гематома
жүйке сабауының зақымдану
*ауалы эмболия
Сепсис
Медбике перифериялық тамырды катетерлеу үшін пациенттің денесінің операция жасалмаған жағының қолындағы жұмсақ, диаметрі кең, катетер ұзындығына сәйкес келетін тамырды, оған ең жіңішке перифериялық көктамыр катетерін таңдап алды. Медбикенің қателігі неде?
қабырғалары тығыздалған көктамырды таңдау керек
пациенттің операция жасалған жағындағы тамырды анықтау керек
диаметрі жіңішке тамырды таңдау керек
ең ірі катетерді таңдау керек
*катетерді жіберетін сұйықтыққа байланысты таңдау керек
Дәрігердің тағайындауы бойынша пациентке 2 күн алдын шеткі көктамыр катетері қойылған. Қарау кезінде катетер айналасында терінің қызаруы, ісінуі, көктамыр бойымен пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Бұл қандай асқынудың белгілері болып саналады?
Абсцесс
Эмболия
Сепсис
Катетердің тромбпен бітелуі
*Флебит
Пациентке бициллин инъекциясы тағайындалған. Медбике пациентті таңертең емшара бөлмесіне шақыртып, кушеткаға отырғызды. Инъекция егу орнын босатып, бициллинді дистилденген сумен араластырып, флаконнан ерітіндіні тез сорып алды және жылдам инені енгізіп дәріні бұлшықетке жіберді. Медбикенің жіберген қателігі неде?
бициллин тек күре тамырға енгізіледі
бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет
бициллинді дистилденген сумен ерітуге болмайды
*бициллинді енгізуден алдын иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу қажет
бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды
Пациентке майлы ерітіндіні енгізуден алдын медбике шприц поршенін кері тартқан кезде ине канюлясында аз ғана қан көрінді. Бұл жағдайда медбике не істеуі қажет?
дәріні әрі қарай енгізу
*инені шамалы тереңірек енгізу немесе артқа қарай тартып тағыда тексеру
инені алып тастап екінші жағына енгізу
инені ауыстыру
шприцті ауыстыру
Абсцесс пайда болу себептеріне жатады:
инъекцияны өткір емес инемен орындағанда
инъекцияны қысқа инемен салу
инъекция орнын дұрыс таңдамау
*асептика ережесін сақтамау
шприцте ауа қалдықтары қалуы
Тромбофлебит пайда болады:
тамыр тесуді дұрыс орындамағаннан
асептика ережесін бұзғанда
стерильденбеген ерітіндіні қолданғанда
*бір тамырға бірнеше инъекция жасағанда
венепункция дұрыс орындамағанда
Мейірбике өздігінен науқасқа берілетін дәріні тоқтатуға немесе басқасын беруге құқығы бар:
науқас дәрігердің нұсқауларымен келіспеген жағдайда
шұғыл көмек қажет болғанда немесе дәріге
*жоғары сезімталдық байқағанда
қажет дәрілер таусылған жағдайда
дәрігер тағайындаған дәрігерлерді ішуге мүмкіндік болмаған жағдайда
дәрігер тағайындаған дәрілер аса қымбат болған жағдайда
Медбике қателесіп пациентке прогестерон ерітіндісі күре тамырға жіберілді. 1 минутқа жетпей бірден тұншығу ұстамасы, жөтелу, дененің жоғары бөлігінің көгеруі, кеудеде қысылу сезімі байқалды. Асқынуды анықтаңыз:
абсцесс
сепсис
тромбофлебит
*майлы эмболия
ауалы эмболия
Күре тамырға инъекция орындау кезінде пациенттің иығындағы бұрау алып тасталады:
теріні өңдегеннен соң
тамырға дәріні жібергеннен соң
*ине тамырға түскеннен соң
тамырға дәрінің жартысын жібергеннен соң
науқаста жағымсыз сезім пайда болғанда
Егер зерттеуді дереу өткізу керек болса жолдамаға жазылады:
Nota bene!
жылдам!
кезексіз!
*cito
АИВ
Гемолиз дегеніміз:
Қанның ұю қасиеттерінің жоғарлауы
құрамында антикоагулянттары бар қан
зерттеуге жарамды қан
*қан жасушаларының ыдырауы
қанның ұю көрсеткіштерінің төмен болуы
Гемолизді қан дегеніміз:
пробиркадағы стерильді қан
құрамында антикоагулянттары бар қан
*зерттеуге жарамсыз қан
зерттеуге жарамды қан
пробиркадағы ұю көрсеткіштері төмен қан
Шеткі көктамыр катетеризация орны ауыстырылады:
күніне 2 рет
әр 6 сағатта
*48-72 сағат сайын
аптасына 1 рет
дәрігердің тағайындауымен
Шприцті орамынан ашқаннан соң инесінің өткізгіштігін тексергенде:
иненің қақпағын ашу керек
инені ұстау керек
*саусақпен канюляны ұстап тұру керек
мақтамен инені жабу керек
шприцті 45º та ұстау керек
Қолданылған шприцті қорапшаға тастаудан алдын:
*қақпағын кигізбеу керек
мақтаны инемен жабу керек
ағынды суда шприцті шаю керек
инелердің өткізгіштігін тексеру керек
қағазға орап тастау керек
Гепаринмен емдеу кезінде міндетті түрде бақылау керек:
қан қысымын, пульсті
қанның жалпы анализін
қанның, зәрдің жалпы анализдерін
*коагулограмма (қанның ұю уақытын)
қанның биохимиялық анализін
Стернальды пункция жасау үшін қолданылады:
плевроаспиратор
троакар
*Кассирский инесі
Дюфо инесі
скарификатор
Көктамырдан қан алу кезіндегі жергілікті кеш асқынуларға жатады:
көктамыр тромбозы, сепсис
гематома, коллапс
абсцесс, сепсис
*көктамыр тромбозы, тромбофлебит
инфильтрат
Тері асты май қабаты жұқарған қарт жастағы науқастарға бұлшықет инъекциясын орындау үшін қолданылатын иненің ұзындығы:
15см
20см
*40 см
50см
60 см
Көктамыр жазықтықта шамалы ғана қозғалады. Тамыр кеңдігі қашықтығында жылжыту мүмкін емес. Көктамыр түрін анықтаңыз:
*тиянақталған
сырғымалы
әлсіз контурлы
сыңғыш
қолпылдайтын
Ваккумды пробирканы «ине-ине ұстағыш» жүйесіне жалғастырған кезде қан өздігінен пробиркаға ағады. Оның себебі:
вакуумды жүйе инесі диаметрінің үлкен болуы
*пробиркадағы вакуум әсерінен
көктамырға бұрау салынғандықтан
науқастың қан қысымы жоғары болғандықтан
иненін арнайы құрылғысынан
Көктамырдан қан алу үшін венепункция жүргізу кезінде арнайы креслоны қолдану ұсынылады, оның себебі:
вакуумды жүйемен ұзақ уақыт қан алынатындықтан, пациентке ыңғайлы болу үшін
креслоның шынтақшалары қолдарға тіреуіш болып шынтақ жазылуына кедергі жасайды
* шынтақ бүгілуіне кедергі жасайды, естен тану кезде құлап кетуден сақтайды
науқастың қан қысымы жоғары болғанды қолайлы, асқынулардың алдын алады
науқас креслода арқасымен сүйеніп отырады
Медбике науқасқа бициллинді егуге дайындады: науқасты кушеткаға жатқызды, инъекция орнын босатып шприцке сорып алынған бициллиннің новокаинды ерітіндісін бұлшықетке енгізді. Енгізуденалдын тамырға түспегеніне көз жеткізді, инъекциядан соң жылытқыш қойды. Медбикенің іс-әрекетіндегі қателікті табыңыз:
бициллин тек күре тамырға енгізіледі
бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет
*бициллинді новокаинмен ерітуге болмайды
бициллинді енгізу кезінде науқас тұруы қажет
бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды
Науқасқа бициллин инъекциясы тағайындалған. Медбике науқасты емшара бөлмесіне шақыртты, кушеткаға отырғызды. Инъекция егу орнын босатып, бициллинді физ.ерітіндімен араластырып, флаконнан ерітіндіні тез сорып алды және жылдам инені енгізіп дәріні бұлшықетке жіберді. Медбикенің жіберген қателігін анықтаңыз:
бициллин тек күре тамырға енгізіледі
бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет
бициллинді физ.ерітіндімен ерітуге болмайды
*бициллинді енгізуден алдын иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу қажет
бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды
Дәріханада дайындалған тұнба, қайнатпаларды сақтау мерзімі:
12 сағатқа дейін
1 тәулікке дейін
2 тәулікке дейін
*3 тәулікке дейін
4 тәулікке дейін
Спирт тұнбасының және ерітіндісін дұрыс сақтамағанда концентрациясы:
*күшейеді
әлсірейді
өзгермейді
бір қалыпты қалады
төмендейді
Науқаста жамбас аймағында иньекция орнында қызару, ісіну, температураның жоғарылауы, пальпация кезінде ауырсыну, флюктуация симптомы байқалады. Науқас бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Асқынуды анықтаңыз:
инфильтрат
тромбофлебит
сепсис
дәрілік эмболия
*абсцесс
Медбике гигиеналық деңгейде қолды өңдеу үшін 3 мл антисептикті жақаннан соң қолы дымқыл болып қалғандықтан, қағаз сүлгімен сүртіп, залалсызданған қолғап киді. Медбикенің қателігі неде?
антисептикті аз мөлшерде алған
залалсызданбаған қолғапты кию қажет еді
*антисептікпен қолды кепкенше өңдеу керек еді
мақта сүлгімен сүрту қажет еді
антисептикпен өңдемей қолғап кию қажет
Медбике манипуляция орындау кезінде медбикенің бет терісіне, еріндеріне және ауыз –жұтқыншақ сілемейлі қабығына пациенттің биологиялық сұйықтығы байқаусызда түсіп кетті. Бұл кезде қандай ерітінді қолданылады?
6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі
*70% этил спирті
1% протаргол ерітіндісі
фурациллин ерітіндісі
5% йод ерітіндісі
Емшара бөлмесінің дезинфекция аймағында орналасады:
манипуляциялық үстелше
*дез ерітінділерге арналған шкаф
дәрілік заттарға арналған шкаф
тоңазытқыш
медбикенің үстелі
Емшара бөлмесінің шартты стерильді аймағында орналасады:
дез ерітінділерге арналған шкаф
*дәрілік заттарға арналған шкаф
дез ерітіндісы бар ыдыстарды сақтауға арналған шкаф
жинастыру мүліктері
жуу ерітінділері бар ыдыстар
Дәріні енгізудің бұл әдісінде дәрілік заттар аэрозоль түрінде енгізіледі; дәрінің ұсақ бөлшектері альвеолаларға дейін жетіп барады, тез әсер етеді. Бұл қандай енгізу жолына тән болып келеді?
Ауыз арқылы
Мұрын арқылы
*Ингаляциялық жол
Парентеральді
сублингвальді
Достарыңызбен бөлісу: |