Медбике пациентке дөрекі сөйлеу нәтижесінде пациенттің қан қысымы көтеріліп, көңіл-күйі төмендеді. Мұндай асқынулар қалай аталады?
эгогения
психогения
эгратогения
*ятрогения
соматогения
Этикалық модельдер (үлгілер) түрлерінен Гиппократ моделі ұстанымын анықтаңыз:
«тұлғаның жеке құқығын құрметтеу»
*«адамға зиян келтірмеу»
«адамға парызды болу»
«адамға қайырымдылық жасау»
«шындықты айту»
Басқа пациенттердің абайсызда айтылған сөздерінен, іс-әрекеттерінен пайда болатын асқынулар айтамыз:
эгогения
психогения
*эгратогения
ятрогения
соматогения
Пациенттің эмоционалды жағдайын түсіну, оның қайғысын бөлісумен сипатталатын; немқұрайлыққа қарама қарсы болып келетін, тиімді қарым-қатынас жасауға көмек беретін факторды анықтаңыз:
Симпатия
*Эмпатия
Апатия
Конфронтация
Қабылдау бөліміне науқас көшеден, ес-түссіз жағдайда ешбір құжатсыз түсті. Медбикенің іс-әрекеті:
пациентті қабылдаудан бас тарту
*пациентке алғашқы көмекті көрсетіп, полицияға хабарлау
пациентті “белгісіз” деп тіркеп, теледидарға хабарлау
пациентті жандандыру бөліміне тасмалдау
пациенттің құжаттары табылғанға дейін қабылдау бөлімінде қалдыру
Ауыр жағдайдағы пациенттерге медициналық-психологиялық, паллиативті көмек көрсететін мекеме:
Госпиталь
Клиника
диспансер
*хоспис
медико-санитарлық бөлім
Қабылдау бөлімінде дәрігер пациентті қарап, госпитализацияға көрсетпе болмаса немесе өздігінен келген пациентке алғашқы көмек көрсетіліп пациент ауруханаға жатудан бас тартқан жағдайда не істеу қажет?
Пациентті 2 сағатқа бақылуға бөлімшеге қалдыру керек
*Пациентті үйіне жіберіп арнайы журналға тіркеу қажет
Пациентті уақытша палатаға орналастыру қажет
Пациентті уақытша изоляторға орналастыру қажет
Пациентті үйіне жіберіп, емханаға хабарлама толтыру қажет
Гигиеналық шомылғы қабылдау кезінде судың деңгейі пациенттің қай жеріне дейін жетіп тұруы керек?
Бел аймағына дейін
Төстің семсер өсіндісіне дейін
Кіндік деңгейіне дейін
Бұғанаға дейін
Жүрек тұсына дейін
Пациент қабылдау бөлімінде гигиеналық шомылғы қабылдау кезінде көңіл-күйі төмендеп, жағдайы нашарлағанына шағымданды. Бұл жағдайда медбикенің іс-әрекеті қалай болу керек?
Медбикенің бақылауымен шомылғы қабылдауды әрі қарай жалғастыру
20 минут демалып жуынуды әрі қарай жалғастыру
*шомылғы қабылдауды тоқтатып, дәрігерді шақырып пациентке алғашқы көмек көрсету қажет
шомылғы қабылдауды тоқтатып, пациентті палатаға тасымалдау қажет
шомылғы қабылдауды тоқтатып, пациентті құрғата сүртіп, каталкамен бөлімшеге тасымалдау қажет
Өндірістік мекеме, транспорттық және басқа мекеме қызметкерлеріне, жұмысшыларына медициналық қызмет көрсетуге арналған емдік профилактикалық ұйымдар кешені қалай аталады?
Диспансер
*Медико-санитарлық бөлім
Хоспис
Клиника
Амбулатория
Емдеу жүргізумен қатар, ғылыми тексеру жұмыстарын жүргізетін стационарлық емдеу мекемесін анықтаңыз:
Диспансер
Медико-санитарлық бөлім
Хоспис
*Клиника
Амбулатория
Қабылдау бөлімінде пациенттің диагнозы анықталмаған жағдайда немесе жұқпалы ауруға күдік болғанда пациент уақытша жайғастырылады:
Жұқпалы аурулар бөлімшесіне
*Изоляторға
Бокс палатаға
Манипуляция бөлмесіне
Арнайы палатаға
Достарыңызбен бөлісу: |