Жергілікті анестезияны күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар адреналин, норадреналин, вазопрессин азғантай мөлшерде анестетиктерге қосылады.
Жергілікті анестезияны күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар адреналин, норадреналин, вазопрессин азғантай мөлшерде анестетиктерге қосылады.
Артикаин (ультракаин, убистезин, артикаин ИНИБСА, альфакаин, брилокаин, септонест) —стоматология практикасында 1978 жылдан бері қолданылып келеді. Әсер ететін зат — артикаин гидрохлориді (Метил эфирі 4-метил-3[2-пропиламинопропионамидо]-2-тиофекарбон қышқылы) + адреналин гидротартраты (эпинефрин). Инфильтрациялық, интралигаментарлық, спонгиоздық және өткізгіштік жансыздандыруда қолданылады. Максимальді дозасы ересектерге — 7 мг/кг, 4 жастан үлкен балаларға — 5 мг/кг.
Лидокаин (ксилокаин, ксикаин, лигнокаин) — хлорсутектік тұз – диэтил-аминоацетил-2,6-диметиланилид. Ақ немесе сарғыш-ақ түсті кристаллды ұнтақ. Су мен спиртте ерігіш. Хирургиялық стоматологияда барлық жансыздандырукезінде қолданылады. 2% ерітіндісі инфилтрациялық және өткізгіштік жансыздандыруда, 10 % аэрозольді ерітіндісі, 5 % гель және 2-5 % жақпамайлары ауыз қуысының шырышты қабатын жансыздандыруда қолданылады. Максимальді дозасы 4,4 мг/кг, бірақ 300 мг-дан аспауы тиіс, ал аппликациялық жансыздандыруда 2 мл-дан көп емес.