1.Артериялық гипертензия тұрақты болады,бірақ жиі кризді сипатта болады,бұл кезде АҚҚ өте жоғары көрсеткіштерге жетеді.АГ ұстама аралық кезеңде ортостатикалық гипотензиямен ұштасады.Жүрек қағу,диспноэ,түрлі локализациялы ауыру сезімі тән.
3.Неврологиялық көріністер:бастың ауруы,парестезиялар,көру қабілетінің бұзылуы.Жиі ұстамалар психомоторлы қозғыштықпен сипатталатын паникалық шабуыл типімен өтеді.
4.Қатерлі феохромоцитомалар катехоламиндер артық өндірілуімен қатар инвазивті өсумен және метастаз(лимфа түйіндеріне,сүйекке,бауырға,көкірек аралыққа) берумен сипатталады.
5.Феохромоцитомалардың асқынулары:
Жүрек жеткіліксіздігі;
Миокард инфаркты;
Өкпе ісінуі;
Бас ми қан айналымының бұзылуы;
Гипертензиялы энцефалопатия;
Көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы жатады.Уақытылы ем жүргізілмеген жағдайда науқастар феохромоцитомдық криз көрінісінде дамығын жүрек жеткіліксіздігі және ауыр гемодинамикалық бұзылыстардан қайтыс болады.
Диагностикасы
І.Зертханалық диагностикасы
Феохромоцитоманы анықтау мақсатында қанда катехоламиндерді анықтау ақпаратты емес.
Катехоламиндердің аралық метаболизмі өнімдерінің мөлшерін анықтау аса маңызды:қан сарысуындағы бос метанефриндер және несептегі коньюгирленген метанефриндер.
Катехоламиндердің соңғы метаболиті ванилилминдаль қышқылының (ВМҚ) экскрециясын және несеппен катехоламиндерді анықтаудың ақпараттылығы төмен.Бұл кезде ВМҚ консентрациясы гипертоникалық кризден кейін бірнеше сағаттан соң несепте немесе тәуліктік несепте анықталады.
Топикалық диагностика
Топикалық диагностика
Бүйрекүсті безінің КТ өте ақпаратты,себебі феохромоцитомалардың 90 %-ы бүйрек үсті безінде орналасады.Үлкен қиындықтар бүйрек үсті безінен тыс орналасқан феохромоцитомаларды анықтау кезінде туындайды.Орналасқан орны белгісіз ісік кезінде жүрек,қуық,УДЗ-сі,паравертебралды және параорталды аймақтарды МРТ зерттеу мен кеуде қуысының КТ-сі тағайындалады.
Метайодбензилгуанидинмен (МЙБГ)сцинтиграфия –феохромоцитоманы диагностикалауда аса ақпаратты әдіс.МЙБГ хромаффинді тін жасушаларында жиналады,себебі қалыпты бүйрек үсті безінің тіні изотопты сирек жағдайда сіңіреді,ал феохромоцитоманың 90%- сіңіреді.