ЖОСПАР:
І КІРІСПЕ..................................................................................................
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................
1.Етістік категорияларының тарихи дамуы мен қалыптасуы...
1.1.Етістіктің рай категориясының тарихи дамуы...................
1.2.Рай және шақ категориясы.....................................................
2.Етістіктің рай категориясының жасалу жолдары.................
2.1.Ашық, қалау, бұйрық рай категориясының формаларының жасалу жолдары
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
МАЗМҰНЫ:
І. КІРІСПЕ.................................................................................................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................
Етістік категорияларының тарихи дамуы мен қалыптасуы...
1.1.Етістіктің рай категориясының тарихи дамуы...................
1.2.Рай және шақ категориясы.....................................................
2.Етістіктің рай категориясының жасалу жолдары.................
2.1.Ашық, қалау, бұйрық рай категориясының формаларының жасалу жолдары
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі заман ағымына сай жас буынды, яғни мектеп оқушыларын ұлтжандылық рухта тәрбиелеп, оларды ғылымға баулуда қазақ тілінің мәні ерекше екені белгілі.
Жас ұрпақтың өз тілінің байлығын, оның грамматикалық иірімін меңгеру қазақ тілінің келелі мәселелерінің бірі емес пе?!
Ендеше, менің таңдаған тақырыбымның, яғни «Етістіктің рай категориясы» сөз таптарының ішінде категорияға бай сөз табы етістіктің «райы» өзі жеке дара өзіндік грамматикалық формасы мен жұмсалу жолдары ерекше категория. Сондықтан да мектеп бағдарламасында аз сағат бөлінгендіктен, бұл тақырыпты жан-жақты қарастыру мүмкін емес. Шындығында мектеп оқушыларына рай категориясының түрлерін ажырату қиынға түседі. Райдың жік-жігін ажыратып, пысықтау жаттығу жинақтарын жазып, арнайы сағатын көбейтсе, бұл мәселенің беті ашылар ма деген ойдамыз.
Зерттеудің мақсаты: Етістіктің рай категориясын теориялық, тарихи тұрғыдан талдап, жан-жақты зерттеу, ортаға салу.
Зерттеудің міндеттері:
Етістіктің рай категориясын тарихи тұрғыдан зерттеу;
Рай категориясына салыстырмалы түрде анализ жасау;
Ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып рай категориясының жсалу жолдарына экспериментальды түрде талдау жасау.
Зерттеу нысаны: Етістіктің рай категориясын тарихи-салыстырмалы түрде
зерттеу, талқылау.
Зерттеу пәні: Қазақ тілінің тарихы, қазіргі қазақ тілі.
Зерттеу әдісі:Зерттеушілік, эвристикалық, салыстырмалы, бақылау, баяндау
т.б.
Зерттеу объектісі: Етістіктің рай категориясы
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:Курстық жұмыстың мазмұнында қарастырылған етістіктің рай категориясы турла теориялық материалдарда, ғылыми еңбектерде, бағдарламаларда, оқу процесінде, ұстаздар жұмысында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы:Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (екі тараудан), қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттен тұрады.
Етістік категориясының тарихи қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі қазақ тілінде етістіктің бес түрлі райы деп қаралады. Рай деп әдетте етістіктің бес түрлі райы бар деп қаралады.Рай деп әдетте етістіктің моральдық мән беретін тұлғалары аталады. Сондай рай деп аталатын етістік категориялары әрі грамматикалық класс, әрі семантикалық топ құрады. Арнаулы грамматикалық көрсеткіштер райлық топ құрайды. Сондықтан М.Қашқари етістік түбірін көрсетеді, бірақ оны реестр етпей, бар+ды, бар+а+лы+м, бар+ығ+сақ деп етістік тұлғасын сөздігінде көрсетіп отырады.
Етістікті араб атауы фиғыл – деп, есімнен бөліп, заттың әрекеті екенін түсінген ол, оның түрліше құбылыстарына көніл аударады. Мысалы, бар+ды, бар+дым-жекелік, бар+дық, бар+дымыз коллектив, көп адам, барығ-сады орақ әрекет екенін айқын түсініп, тілдегі барды заманына сай етіп көрсете алған.
Етістік категориясының шығу тарихы өте күрделі. Карл Маркс «Адольф Вагнер кітабына сын ескертпе» деген еңбегінде адам баласы активті әрекет етеді, олар әрекетті өндірістен бастайды дей келіп, оның қалай, неге әрекеттен басталады, ол әрекет қайталана келе адамның миына әсер етіп, мида ізі қалатынын айтады.
Сыртқы дүниеден адам баласы тәжірибе арқылы бір затты өз қажетіне пайдалана бастауы әрекеттен басталады да, оның қайталауы ізін қалдырып атауын туғызады. Ол заттың жақсы-жаманын, пайдалы-пайдасызын айырады. Сөйтіп, затқа арналған әрекет заттың атауын, санының, істің (әрекеттің) атауларын туғызады.
Бұл атаулар дараланбай тұтас, аралас күйде, құрамдас күйде болсын, әйтеуір аталады.
Етістік түбірі мен есімнің арақатысы. Зат, атау, әрекеттерді-дара, бірінен-бірі бөлінген және жеке сияқты түсінуіміз-өзіміз тұрған дәуірдегі тілдің дамуынан туған ұғым. Әйтпесе, түркі тілдеріндегі көптеген етістіктер әрі есім, әрі етістік мәнінде дараланбай, көп мәнде қолданылғанын көреміз.
Айталық, тас М.Қашқари-таш зат есім екен, бұл сөзден тас+та (ташла) етістігі жасалады, тастың өзі болмаса, тас+та етістігі боларма еді? Дейді. Әрине, болмайды. Адамның әрекеті болмаса, ол зат танылып, тас деген атау болмас еді. Ендеше бұлар-бірлікте қаралады. Алғашқы адамдардың сөз қорында мынау-мынасына деп арналған дайын сөз болмаған. Ұлы дана К.Маркс айтқандай, бәрі өндірістен басталған, әрекеттен (әрекет аты қазіргіше етістік) басталған, әрекет құралсыз болмайды десек, бұлардың барлығы қарым-қатыста болады екен. Олардың атаулары да о баста бір болып, бердін келе даму процесінде бір-бірінен ажырап, алуан түрлі аталған. Тіл-тұрақты категория екені рас. Бірақ сол тұрақтылықтың өзі де шартты, өйткені ол біртіндеп, баяу болса да, дамиды өзгереді.
Зат пен әрекет бір болған соң екеуі бірге туады. Екеуін бірінен-бірін ажыратып, ілгерінді-кейін жасауға болмайды. Бұл екеуі екі басқа мезгілде тумайды. Қазіргі тілдердің дамуы мен көне замандағы тіл дамуы бір емес екенін әркім-ақ аңғарады. Сондықтан В.М.Жирмунскийдің де, И.А.Батмановтың да-«Етістік түбірдің қосымшасыз зат есім орнына қолданыла беруі-көнеліктің ізі»,-дәулерінде ешбір бөтендік жоқ.
Қазіргі қазақ тіліндегі фактілерді қарастырсақ, етістіктің көне түбірлерінің зат есім мен әрі түбірлес әрі мағналас келетіндері бар. Мысалы:
Қыс-бір нәрсені, адамды қысу.
Жаз-жазу, қырыс-тырысты, бүктелгенді, бүгілгенді жазу.
Көш-көшу.
Жар-жару, бөлу.
Құр-бір нәрсені құру.
Сөк-сөгу, ыдырату.
Шек-шегу, аздап қана кесу.
Құй-құю етістігі түбірі.
Оп-обу, обыр обу.
Тоң-тоңу.
|
Қыс-ауа райына қарай жыл маусым.
Жаз-бұлда жыл маусымының бір мерзімі.
Көш-көшкен елдің жүгі.
Жар-ортасын су жырған, терең сайдың қабағы.
Құр-бау, байлайтын бау, күйгіз үйдің жалпақ бауы,
Сөк-қабығы сетілген тары.
Шек-шекіп танауға салынған ен.
Мысалы: арғын ені-шек, керей ені-тілік.
Құй-құдық, салыстырыңыз: төбеңе құй қаздыма?
Оп-обаған жер, қар, құм т.б.с.
Тоң-қатқан жер.
|
Бұлар етістіктің көне түбірінен жасалады десек, осылардың барлығы-әрі етістік, әрі есім. Олардың бас-басына талдау айтып жатпай тізіммен ұсындық. Мұндайлар тілімізде жеткілікті. Олардың ішінде бүгіндері, түбірі ұмытылған етістіктер баршылық. Мысалы, ұйы, ұял, оян етістіктерінің түбірі-үй болған. Мұның соңғысының түбірін Қ.Жұбанов-ұя депті де, ар жағын айтпапты. Бұлар көне дүниенің өзінде-ұд/уд, од деп аталған. Сондықтан Орхан жазуда бу одке олуртым делінген. Мұндағы одке-үй-ге деген сөз еді. Ол үй орда деген ұғымда еді. Көне түркі тілінде уд сөзінің бір мағнасы ұйқы. Мысалы, ұда тышта қалсы қобыранып йеді юзболты-үйде, тыста қалғандар жиналып жеті жүз болды.
Қазіргі қазақ тіліндегі ұйқы ұю (сүт, аяқ ұю) сөздерінің көне түбірі-осы ұд. Түбірдегі д-иға ауысқан буынның соңғы дауыссызы ретінде жиі қолданылатын жарты и орта ғасыр жемісі болғанға ұқсайды.
Бұл жағдайда д3, д, и дыбыстар алмасуы көптеген түбірлерді танытпауға себепкер болған. О бастағы ұдұй, 1) хандан атауы, 2) тұрақ үй, 3) ұйқы сөзінің түбірі, 4) ұю-сүттің ұюы, аяқ ұюы, ұйып тыңдау, 5) осыдан ұят сөзі жасалуы, 6) ояну, ояту етістіктерінің түбірі болуы-таң қаларлық құбылыс емес. Осы д дыбысының арғы атасы д3 аффрикаты ұзақ өмір сүріп, орта ғасырға дейін келгенде, неше алуан жаңа сөздер жасалған.
Мысалы, тонықұқ (тоньюкук) ескерткішінде: түн ұдымату (түн ұйықтамады), ол сабұғы есідіп, түн ұдысықым келмеді (түн ұйықтағым) деген. Құдатғу білікте : одұғ (ояу), одун (ояну) деген де бар. Ертеде д айтылып, бердін келе г болғанын , оның орнына и болып құбылған түбір етістіктер көп. Оның бәрін емес аздап мысал беріп, осы тәрізді бллды дедік.
Етістік категориясының орта ғасырдағы дамуы. Көне екерткіштердегі д, д.з дыбыстары орта ғасырларда біраз саралана бастады. Көненің көгі бізге таныс болсада, етістіктің құрамында азды-көпті ғана бізге келіп жеткен.
Махмұт Қашқари сөздігіне енген аффрикат д арқылы жазылған сөздер ең көпшілігі еді. Сонымен бірге көптеген өлі түбір берілген. Олардың ішінд бізге таныс етістік түбірлері мол берілген. Сөздік жасап ортырған Махмұт потенциялды сөздерді реал деп санадыма? болмаса сол кезде қолданылатын сөздер болып, кейін етстік категориясынан шығып қалдыма екен?! Әйтеуір мынадай түбір етістіктер бар: яусада-жаутаңдады, жаурады-тоңып жаурауемес күшею, қатаю мағынасында, күңерді-көндірді, күседі- көкседі, қплед-мүлдем құрыды (мұны үптеу етістігімен салыстыр) т.б
Сөйтіп, күрделі жалаң түбірлердің біздің тілімізде жоғына көңіл аударсақ, енді барының өзінен тіл тарихына себі тиетініне біраз мысал айталық. Қазіргі тілде сіңу, сүңгіу-екі етістік, екі түбір –сің, сүңгі.Осы етістіктің бұрын болғанына Хожа Ахмет Яссауидің:лашын, құшны, құшлаған дегені, М.Қашқарида:
Чагры беріп құшлату,
Тайған едіп тішлету,
Түлкі доңыз тышлату,
Эрдем біла үклелім.
Қазіргіше: Чегір (лашын) беріп, құс салғызу,
Тайған (тазы) ертіп тістету,
Түлкі, доңызды қуғызу адам рахатын ойлатады.
Етістің өзгерісте болу себептері. Көптеген етістіктер М.Қашқари заманында жиі қолданылса, біздің заманымызда қажет болмағандықтан, сөздіктен шығып қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады. Мысалы, найзаның бір аты-көне түркілер тілінде, сүңгі. Оның арғы тегі-су-жауынгер, қол (воин). Сөйтіп су, сү+ң, сүң+іш+ті деген етістік көне ескерткіште кездеседі. М.Қашқаридан 3-4 ғасыр бұрын болған көне ескерткіштерде жиі қолданылған екен. Орта ғасырда да сол күйін сақтапты, сөздікке еніпті.
Біздің тілімізде сүңгі сирек болса да айтылады, бірақ сү+ң+іш+ті етістігі орнына сайысу, соғысу дегендер қолданылады. Сүңгінің өзі ұмыт болғасын, оның әрекеті де болмайды.
Жалғыз ғана етістік емес, бұл қағида тілдік категориялардың бәріне де ортақ. М.Қашқарида башлығ йылқы-бос мал, бізде олай делінбейді. Бірақ осы сөз қазақ тілінде қолданыста болғанға ұқсайды. Бассыз, бастақ, бозбалалар дегенді, немесе бей+бастақ сөзін ескерсек, кезеңін айту қиын болса да, тілімізде бұрын болып, кейіннен шығып қалған деуге еріктіміз. Ат ұлдыды-та тағасыз қалды дегенді қазір-аттың тағасы жоқ деп басқаша айтамыз да, ұлдыды етістігін білмейміз. Бұл етістік сөз бүкіл түркі тілдерінде кездеспейді. Сөйтіп, етістіктің бір жағы көрініп, түсініксіз бола тұрғанның өзінде сан жылдық уақытты артқа салып келген М.Қашқари диуандағы етістіктер бүгінгі тілімізбен қабісіп жатады. Бұл тіл өмірінің ұзақтығын көрсетеді.
Мысалы, арбады, айтты, атты, ақсатты, қақсатты, ұқсатты, алдады, алысты, келісті, жүрді, тұрды, ерсінді, өртенді т.б.с айнымай ұқсаса көптеген етістіктер аздаған дыбыс ерекшеліктерімен де жат емес.
Етістік түбір. Түркі тілдерінің есте жоқ ескі кезеңінде о баста жасалған қатал заңның: 1) сөз бір буынды, 2) жабық (тұйық) буынды болуы.
Бұған қазақ тіліндегі етістік түбірі кепіл бола алады. Мына кестені қараңыз:
Айтылуы
|
Жазылуы
|
Жый
Кій
Құй
Сый
Тый
Тій
Ій
Бұу
Құу
Тұу
жұу
|
Жи
Ки
Қи
Си
Тый
Ти
И
Бу
Қу
Ту
жу
|
Бұл сөздердің сөңғы дауыссызын (жарты дауыстысын) түсіріп жазуымыз емле жеңілдігі үшін қажет. Ғылыми дұрысы-толық түрлі. Оған шек келтірмеушілер болса й, у жарты дауыстылар және түркі тілдерінде л, ғ/г дыбыстары болғанына күмән болмасқа тиіс.
Е, де деген ашық буында етістіктердің соңғы р, ғ дыбыстары бертінгі кезде түсіп қалған. Жалпы түркі тілі заңына бұлар да қайшы емес.
Ашық буын с+г-үндіевропа тілдеріне хас.
Жұрнақ арқылы жасалған етістік саны өте мол және сан түрлі құбылары, олардың тілдік заңдылықтарын шолу қажет. Әрине, біз қазіргі грамматикалардағы айтылып жүргендерді нысана ете алмаймыз, өйткені олар жаңаланып кеткен. Бізге нысана көне түркі тілінің тарихи фактілері.
Етістік шағы. Етістік ең күрделі сөз табы екені жөніндегі Платон, Аристотель тағы басқаларынан кездестіреміз. Көне заманның көзқарасын орыс ғалымдары екі тұрғыдан қабылдап, бірі-морфология, екіншісі-синтаксистік категория, яғни есім сөздер морфология болса, етістік-синтаксис болады деп ұйғарып, оқулықтарды осы тұрғыда жазған. Москва филолгының басы-Г.Павский, Фортунатов болып, осы ағымды қолданған. Екінші ағымды қолдап, етістік-ең жоғарғы дерексіз категория, құрылысы жағынан күрделі, нағыз алға басқан тіл дамуының арнасы, көне тіл тарихымен тығыз байланысты морфологиялық категория деп, етістік категориясының басын ашқан академик Буслаев еді. Потебня, оның шәкірттері де етістік-морфологиясының ең өнімді саласы екенін мойындаған. Бұл күнде де бұл туралы пікір таласы тоқыраған емес, бірде қызу, бірде-бәсең болып тұрады.
Әңгіме ертеректе етістікті сан саққа жүгіртіп, бірі-ол, бірі-бұл деп жүрген заманда, осыдан мың жыл бұрын дерлік өмір сүрген Махмуд Қашқари қатесіз танып, морфологиялық категория екенін дәлелдеген. Өзінің оқыған мектебі иран тілдерінде үш шақтың-өткен шақ, осы шақ, келер шақ қана бір деп, тап басып айта алуы оның ана тілін жете түсінгендігінен еді.
Етістікке тән нәрсе-шақтың болуы. Оның әр тілде әр қилы болуы, бірінде көп, бірінде аз болуы нақты жеке тілдердің құрылымынан, объективтік жағдайдан болатынын дұрыс көрсеткен.
Қазіргі жетілген түркі тілдерінің өзінде өткен шақ мағынасы айқын, формасы нақты келеді. Ал, келер шақ мағынасы әлсіз болса да, тұлғасы айқын, әрі тұрақты екені ақиқат. Мағына айқын дегенді шартты түрде айтып отырмыз. Өткен шақ әрекет істелген кезде шамамен , объективтік жағдай, уақыт мерзімінің бұрын, соң болғанына біріне-бірін салыстыра айтады.
Етістіктің әр шағының өзіне лайық ерекшелігі бар екенін де М.Қашқари ескерген. Сондықтан ол диуанға енген етістіктерді өткен шақ-ды формасымен –мақ/-мек жұрнағын қоса көрсетіп отырады. Мысалы, ат+ты, атар, атмақ (атпақ) деп, әр етістіктің тұсында –ты/-ды, -ар, -ер, -мақ/мек аффикстерін етістікпен бірге көрсетіп, мысалын береді. Етістіктің түбірін, өткен келер шақтарын, тұйық райын көрсетеді.
Ер оқ атты, құш ұшты, ол оған там янтарды, қымыз қорланды, арт (асу қорланды, тон йыртылды, ястық ясталды (жастық жасталды) ), ол оның бірла ат ярышды тағы басқалар.
Ортақ болып бүлішді,
Менің тауар сатышды.
Бісте біле арашты,
Кезелеп тұтар тайымы.
Қазіргіше: ортақ (талас) болып бөлісті
Менің товар (ымды) сатысты.
Делдалмен жарасты,
Кездеп тұтар тайымды (бір топ кездеме).
Сөйтіп, етістіктің етісін де, ашық, шартты тағы басқа райларын да түгел қамтып, өткен шақ пен келер шақты да қамтыған. Осы даму тоқырамастан келіп қыпшақ дәуірін аралап, қазақтың халық тіліне келіп жалғасқан.
Осы шақтың тарихы. Осы шақ жөнінде Махмуд сөз қозғамайды, өйткені оның тұсында болып көрмеген осы шақты ол қайдан тапсын. Қазіргі күнде де етістіктің осы шақ тұлғасын таба алмай, келер шақ аффиксі болып кеткен жіктеу есімдігін отыр+мын, жүр+мін, жатыр+мын, тұр+мын деп жақтық қосымшаны теліп жүрміз. Осында шақ көрсеткіші бар деп кім айта алады? Мыңдаған етістікке бұл төрт етістік үлгі бола алмайды. Қазақ тілі етістіктерінің осы шақ тұлғасы жоқ. Осы шақ мағынасын синтетикалық тәсілмен емес, аналитикалық тәсілмен береді. Оған айтылған төрт етістікті көмекші етеді. Мысалы:
Мен лекция тыңдап отырмын
Мен лекция жазып отырмын.
Сен лекция тыңдап отырсың.
Ол лекция тыңдап отыр.
Бұл аналитика тәсілінің ұшқары жақтары бар. Мысалы:
Мен оқып отыр едім (қазіргі тілде)
Мен оқып олтурар ерді мен (көне).
Осындағы еді бүкіл конструкция мәнін өткен шаққа бұрып кетті. Морфология мағынаны сүйеу етіп, тұлғаны тірек етеді. Формасы жоқ дүниені сөз етпедік.
Етістіктің келер шағы тарихы. Түркі тілдеріндегі етістіктің келер шағы етістіктің көмекшесінен ғана жасалады. Тұр, жүр, отыр, жатыр, деген төрт етістік болмаса сөздігі етістіктің бәрі де көсемшеге айналмаса, келер шақ аффиксін қабыл алмайтын қағида орта ғасырларда болған.
Мен кел+е+мін
Сен кел+е+сін
Дегендегі –мін, -сін көне түркі жазуларында мен, сен шылау ретінде қолданылған. Мысалы: ешек айур (айдар) башым болса,
Сұндарияда (теңізле) су ішкей мен,-
Депті.
Мен айта мен, келер мен-дердің алғашқы мен-і есімдік, соңғы мен-і шылау ретінде қайталанған есімдік.
1.2.Рай және шақ категориясы
Қимыл, іс-әрекеттіңсөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы шақ категориясы деп аталады.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болады:
1) үнемі кайталанып, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан кимыл, іс-әрекет.
2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет.
3) сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл іс-әрекеттер.
Сонымен, сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де - үшеу. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақбілдіреді.
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріпеді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады.
Қазірп қазақ тілінде шақкатегориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай өткен шақ, осы шак, келөр шак болып үшке бөлінеді.
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы.
Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналықерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне-ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қоданылады.
Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің тұлғаларына тікелей жалғанады. Әнші үш қайырмасын аптып тоқтайын деп еді, Базаралы тоқтаттырмады.
Жедел еткен шақтың болымсыз түрі етістіктің -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Жедел өткен шақгың жіктелуі:
жақ
жекеше көпше
-м -к, -қ
-ң /анайы түрі ңыз/-іңіз/сыпайы -ндар, -ндер/анайы түрі/ -ңыздар, түрі ңіздер/сыпайы түрі
нөлдік трға
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді.
Бурынғы еткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ-ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеніңжіктеліп келуінен жасалады.
ә) Бұрынғы өткен шақетістікке көсемшенің-ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
-пыз/-піз - сьщдар/-сіңдер
Бұрынғы өткен шакпың күрделі түрі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғапы көсемшеге (еді) көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде е, (еді, өкен) көмекші етістігі ғана жі ктеледі.
Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі
жақ жекеше
I Оқыған едім (екенмін) Оқып едім
II Оқыған едің (екенсің) Оқыған едіңіз Оқып едің
Окып едіңіз
III Оқыған еді /екен/ Окып еді
көпше
Оқыған едік (екенбіз)
Оқып едік
Окыған едіңдер/ екенсіңдер
Оқыған едіңіздер
Оқып едіңдер
Оқьш едіңіздер
Оқыған еді /екен/
Окып еді
Бұрынғы еткен шақгың болымсыз түрі былай жасалады. Есімше формалы бұрынғы өткен шақ:
1. -ма/ -ме, -ба/ -бе, -па/ -пе қосымшалары арқылы.
2. Жоқ, емес сөздері арқылы жасалады.
-ып, -іп, -п формалы көсемшенің болымсыз түрі тек қана -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы арқылы жасалады.
б) Ауыспалы өткен шақ. Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын/ -етін, йтын/ -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақтық, бірде келер шақтық мағынада қолданылады.
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады.
Ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, текеді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді.
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
1) Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.
2) Әр дайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекетті көрсетеді. Басқа шақ түрлеріне қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар. Ол қалып етістіктерінің отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуында, бұлар грамматикаларда нақ осы шақ деп беріледі. Осыдан
1 жак
|
жекеше
|
I
|
білетінмін
|
|
айтатынмын
|
|
айтатын едім
|
ІІ
|
білетінсің
|
|
айтатынсың
|
|
айтатын едің
|
|
білетінсіз
|
|
айтатынсыз
|
|
айтатын едіңіз
|
ш
|
білетін, айтатын, айтатын еді
|
|
|
анық көрінетіндей, осы шақтың бұл түрі қазіргі кезде арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалмай, қалып етістіктерінің негізінде немесе көмекші етістік мәнінде жіктеліп келуінен жасалады.
Осы шақтың түрлері. Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттіңсөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады.
Нақ осы шақтың жіктелуі:
жақ жекеше
I Отыр-мын, тұр-мын, жатыр-мын, жүр-мін
II Отыр-сың, тұр-сың Отыр-сыз, тұр-сыз
III Отыр, тұр, жатыр, жүр
көпше
Отыр-мыз, тұр-мыз, жатыр-мыз, жүр-міз Отыр-сыңдар, тұр-сыңдар Отыр-сыздар, тұр-сыздар Нөлдік тұлға
ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктіңа, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемше түрімен отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.
Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі:
жақ
|
жекеше
|
Көшне
|
I
|
Тыңдап тұрмын
|
Тыңдап отырмыз
|
II
|
Тыңдап отырсыздар
|
Тыңдап отырсыңдар
|
|
Тыңдап отырсыз
|
Тыңдап отырсыздар
|
III
|
Тыңдап отыр
|
Нөлдік тұлға
|
Ауыспалы осы шақ қимыл іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақтың жіктелу үлгісі
жекеше
|
көпше
|
Айтамын
|
Айтамыз
|
Айтасың
|
Айтасыңдар
|
Айтасыз
|
Айтасыздар
|
Айтады
|
|
Келер шақ қимыл, іс-әрекетгің әрі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Келер шақтың түрлері мағыналық ерекшеліктеріне қарай келер шақ үшке бөлінеді:
1. болжалды келер шақ
2. мақсатты келер шақ
3. ауыспалы келер шақ
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады.
Болжалды келер шақ -с жұрнағы арқылы жасалған болымсыз етістікген жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі, жігерлі, үзілді-кесілді мән беругебейім болады.
Болжалды келер шақтыңжіктелуі:
жақ жекеше
I Бар-ар-мын, бар-ма-с-пын
П Бар-ар-сың, бар-ма-с-сың
Ш Бар-ар, бар-ма-с (нөлдік тұлға)
Бар-ар-мыз, бар-ма-с-пыз Бар-ар-сың-дар, бар-ма-с-сың-дар Бар-ар-сыз-дар, бар-ма-с-сыз-дар
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбірінен -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктік жалғауларының үстелуі арқылы жасалады.
Етістіктің -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының үстіне -шьі, -ші жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы да жасалады.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бак, -бек, -пақ, -пек -шы, -ші тұлғалы етістікке емесдеген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады.
Мақсатты келер шақтыңжікгелу үлгісі:
|
жекеше
|
Көпше
|
I
|
Бармақ-пын
|
Бармақ-пыз
|
II
|
Бармақ-сың
|
Бармақ-сыңдар
|
|
Бармақ-сыз
|
Бармақ-сыз-дар
|
III
|
Бармақ
|
(нөлдік тұлға)
|
Ауыспалы келер шақта ауыспалы осы шақ сияқгы -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады.
Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірімен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі етістікгің ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа сөздерден де байқалып отырады.
Жақ категориясы
Әрине, жақ пен жіктелу ұғымы бір-біріне толық балама емес. Әдетте мектеп оқулықтары мен грамматикаларда жақ ұғымы таза морфологиялық тұрғыдан жіктік жалғау я жіктелудеген парадигмалық жүйенің шеңберінде көрсетіліп келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толық ашыла алмайды, әсіресе оның жақтық сипаты мен сөйлеу процесіндегі қызметі айқындалмай қалады.
Рас, оқулықтар мен грамматикаларда беріліп жүрген жіктік жалғау жұйесінде оған жақтық сипат та берілген. Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп сол арқылы, бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық(жіктік) мағынаны біпдіріп, екінші жағынан, әржақты (жекеше-көпшеде) әртүрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің, яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық (морфологиялық) категория болып танылады.
Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жағынан, морфологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші жағынан, сол арқылы берілетін грамматикалық мағыналар жиынтығы арқылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше екенін естен шығаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың да (септік, тәуелдік, жіктік), кейде көптік жалғаудың сөз байланыстырудағы қызметі ерекше екені белгілі. Сондықтан да олар басқа қосымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады. Ал жіктік жалғаудың сонымен бірге сөйлем құрауға сөйлемді тиянақтап, ой білдіруге тікелей қатысы бар, өйткені сөйлемнің діңгегі, ойдың көрінісі, негізі болып есептелетін сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау арқылы, біржағынан ойдың қазығы, қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауыш пен (субъекгімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды түжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш (предикат) қосымшасы немесе баяндауыш категориясының тұлғасы деп атайды.
Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғауды бірде тек жақтық мағынамен байланысты қарап, оны, жақтық мағынаны, предикативті мәнімен барабардеп түсінушіліктебар. «Жіктік жалғауы өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейді, яғни предикативтік реңк береді»(М.И. ҚҚТ.85). Бірақ сол арқылы грамматикалық жүйе ретінде жіктік жалғау тек жақтық мағынамен ғана шектеліп қалмайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас та еді. Жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар. Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік реңк деп түсінугеде болмайды. Бұлар, жақгық мағына, предикативтік реңк дұрысында қатынас я қызмет), бір жағынан, бір-бірінен бөлек, екінші жағынан, әр тілдік қабаттың жүйесінен шығатын әр түрлі ұғымдар, сөйтіп, олар бірінің орнына екіншісі жүрмейді, бір тілдік құбылыстың шеңберінде бір-бірін әр жақтан (бірі морфологиялық, сөздің бір құрамды бөлшегі және оның білдіретін грамма-тикалық мағынасы ретінде, екіншісі басқа бір сөз бен қатынасты негізіндө) толықгырып отырады.
Төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септікжалғаулар), әдетте, сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік ғана емес. Әдетте жіктік жалғауы етістіктің түбіріне тікелей жалғанбайды, белгілі бір формаларының үстіне ғана жалғанады, соған байланысты жіктік жалғаулардың тұлғалары да біркелкі болып келмейді, ал есім сөздерге жіктік жалғау тікелей түбірге және бір қалыппен жалғана береді. Бұның сыры неде? Ең алдымен, бұл - жіктік жалғаудың ауқымы өте кең екенін көрсетеді. Екіншіден, ол жікті кжалғаудың тек семантикалық мәнінен ғана емес, функциялық сипатының, синтаксистік қызметінің ерекшелігінен туындаса керек. Яғни жіктік жалғаудың предикаттық мәні сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұру қасиетінде жатса керек. Ал предикат қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара алады.
Рас, қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелей жікгеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек «функциялық етістік» деп аталатын ерекше грамматикалық формалары ғана жіктеле алады, яғни осы формалардың үстіне ғана жіктік жалғаулар үстеле алады. Екіншіден, қазақтілінде қалып етістігі деп аталып жүрген отыр, тұр, жатыр, жұр деген терт етістік тетікелей жіктеледі.
Үшіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзіне жіктік жалғау біркелкі жалғанбайды. Әрине, бұлай болуы тегін емес. Бір жағынан, жеке сөз табы ретінде етістіктің өзі сан-салалы, күрделі екенін көрсетсе, екінші жағынан, жіктік жалғаудың грамматикалық мағынасы, әр жаққа байланысты түрленужүйесі, сөйлемдеатқаратын қызметі, синтаксистік қатынасты білдіруі бір кезде, бір түрлі, бір ыңғайда қалыптаса қоймағанын көрсетеді. Жікгік жалғаудың осындай әр жақтылық сипатының себебін бір сөзбен дәлелді түсіндіру өте қиын. Етістіктің қай түрін жіктесекте, яғни жіктелу үлгісінің қай түрін сөз етсек те, жіктік жалғауының сөзге жалғануы жағынан да, сыртқы тұлғасы жағынан да, басқа сөзбен байланысы жағынан да, бірінші және екінші жақ бір түрлі, ал үшінші жақ өзінше бөлек екені байқалып тұрады. Бұл -тек 1,2-жақтың сөйлеуші мен тыңцаушы, ал 3-жақтың бөгде болуымен ғана емес, сонымен бірге шығу, қалыптасу тарихымен, қолданылу ерекшелікгерімен де байланысты.
Сөйтіп, кейбір етістік тұлғаларының баяндауыш қызметінің өзінде жіктелмей қолданылуының сондай ерекшеліктері бар екен. Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның мынадай ерекшелікгерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, етістік түбір тұлғасында тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктің кейбір түрлері) тікелей түбір тұлғада жіктеледі және 1-2-жақтарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының езі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады.
1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -птын,-йтін, -ар, -ер, -р болымсыз түрі-с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) және отыр, тұр, жүр, жатыр деген 4 қалып етістігі -уда, -уде, тұлғалық тұйықетістікесім сөздерше жіктеледі: 1-жақ жекеше-мь/н, -мін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз; 2-жақанайы,жекеше-сь/ң, -сің, көпше -сыңдар, -сіңдер, сыпайы жекеше -сыз, -сіз, көпше -сыздар, -сіздер; 3-жақга арнайы жалғау жоқ.
2) Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -йжәне -ып, -іп, -п) 1-және 2-жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы -ды, -ді,-ты, -ті деген жалғау болады. Жіктелудің (жіктік жалғауларының көсемше тұлғасына жалғанудың) нәтижесінде көсемшенің осы тиянақсыз тұлғасы тиянақтылық сипатқа, аяқталғандық мәнге ие болады.
Етістіктің көсемше тұлғасы ма, ме сұраулық шылаумен тіркескенде, 3-жақта жіктік жалғаусыз қолданылады. Сондай-ақ сөйлеу тілде 1-жақта -мын, -мін жалғау тек -м түрінде де кездеседі: барамын - барам.
1) Етістіктің шартты райы (-са, -се) және жедел еткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) тұлғалы түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі: 1-жақ жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жақ анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ңдер, сыпайы -ңыз, -ңіз көпше -ңыздар, -ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
Сөйлеу тілінде-а, -е, -ы тұлғалы көсемшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғау (-мын, -мін) -м болып, 3-жақ жіктік жалғауы -ды, -ді, болып, -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) –м болып та айтылады: бара-мын, келе-мін, сөплей-мін деудің орнына бара-м, келе-м, сөйлей-м болып айтыла береді. Әрине, соңғы нұсқа толық әдеби форма болып саналмайды.
Сонымен бірге і-жақ жекеше мәнде тілімізде -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен тұлғалы етістіктер де жиі қолданылады. Зерттеушілер -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен формасын ауыспалы осы (келер) шақтық (ма-й-мын, ме-й-мін, ба-й-мын, бе-п-мін, па-й-мын, пе-й-мін) болымсыз тұлғасының 1-жақ түрінің қысқарған нұсқасы деп анықтайды. Және әдеттегідей салыстырғанда бұл тұлғаның семантикасында үзілді-кесілді реңк бары, ол тұлғаның өлең сөзде көбірек ұшырасуы стильдік мән үстеп, өлеңге батылдық, жігерлілік сипат беретіні де көрсетіледі.
4) Етістіктің бұйрық рай түлғасы ерекше жіктеледі, ол етістік тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрық райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігін де, яғни түбір сез формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы -түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрі омоним формалар болады. Сөйтіп, бұйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жекеше -айын, -епін, -пын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік 2-жақтық анайы жекеше арнайы тұлғасы жоқ нөлдік форма көпше -ыңдар, -іңдер, -ңдар, сыпайы жекеше -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, көпше -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар, -ңіздер, 3-жақта -сын, -сін жалғаулары жалғанады.
Бұйрық рай тұлғасының жіктелуіндегі тағы бір ерекшелік - бұйрық рай формасының 3 жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып та қолданылады. Ондайда етістікге таза бұйрық мәнінен гері тілек, ниет мәні басым байқалады.
5) Етістіктің ерекше жіктелетін түрі - қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғасына тәуелдік жалғауы жалғанып келеді немесе келді көмекші етістікпен тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.
Бұл түрленудің ерекшелігі сол қалау рай тұлғалы күрделі етістік негізгі тәуелдік жапғау тұлғасында тұрады да, көмекші етістік кел жедел өткен шақ немесе ауыспалы келер осы шақ келеді тұлғасында келіп, жіктік жалғаудың 3-жағында айтылады: келді дегенде нөлдік форма, келеді дегенде -ді жалғауы 3-жақ жіктік жалғауы.
Сондай-ақ -у тұлғалы тұйық етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған баяндауыштар да осы тәріздес түрде жіктеледі.
Етістіктің рай категориясының жасалу жолдары
2.1.Ашық, қалау, бұйрық рай формасының жасалу жолдары
Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен түратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.
Белгілі қимыл, іс-әрекеттіңбелгілі субъеюі тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы, анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрьщ мәндері т.б. қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық категориялық көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сыя бермейді.
Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр.
Ашық рай -қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі - қимыл іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақөтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашықрай, бір жағынан, етіетіктің рай категориясыныңбір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдыңбасқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз, екінші жағынан, ашық рай категориясы мен оныңтүрлері шеңберінде қарастырылады.
Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, буйрықсұрай айтылатын, езіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні - бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады.
Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады.
І-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйт-кені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап І-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен деген де пікір жоқ емес.
Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың керсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықтылықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3 жақта және жекеше-көпше түрлену бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:
Мен бар-айын, кел-ейін, сөйле-йін. Біз бар-айық, кел-ейік, сөйле-йік.
Сен бар-, кел-, сөйле-. Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер.
Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, сөйле-іңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, сөйле-ңіздер.
Ол бар-сын, кел-сін, сөйле-сін. Оларбар-сын, кел-сін, сөйле-сін.
Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың І-жағында жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік жалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түрінде арнайы қосымшасы жоқ, бірақ бұл - етістіктің түбір тұлғасы емес, нөлдік форма, өйткені түбір болса, сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі - грамматикалық тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі мен түбір тұлға омоформа болып табылады. Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түріне ертеде -ың, -ің, -ң қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың екінші жақ сыпайы түріндегі және екінші жақ көпше түрінің құрамындағы -ың, -ің, -ң қосымшасы (ал -ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сондай-ақ бұйрық рай формасының үш жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі орындау туралы өзіне, тыңдаушыға және бөгде адамға незатқа қаратып, сыпайы тілектүріндеайтуын білдіреді. Олардың мағынасы сөздердің айтылу сазына, интонациясына да байланысты.
Шартты рай қимыл, іс-әрекеттіңболу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз түлға болып қолданылады, сондықган көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.
Жекеше Көпше
Мен айт-са-м, сөйле-се-м Біз айт-са-қ, сөйле-се-к
Сен айт-са-ң, сөйле-се-ң Сендер айт-са-ң-дар, сөйле-се-ң-дер
Сіз айт-са-ңыз, сейле-се-ңіз Сіздер айт-са-ңыздар, сөйле-се-ңіздер
Ол айт-са, сөйле-се Олар айт-са, сөйле-се
Қазақ тілінде шартты рай түлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп, қарсылықты бағыныңқы сөйлемніңбаяндауышы қызметіндеде жұмсалады.
Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін де атқарады. Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп, ғой, еді, екен, етгі, ма, ме сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-екінішін, болжам ниетін т.б. білдіреді.
Сондай-ақ-са, -се тұлғасына-шы, -ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде -ң жіктік жалғауының орнына-й тұлғасы айтылады, Мұндайд аетістік таза шарттылық мәннен гөрі ниет, тілек шартты мәнді білдіреді.
Шартты райлы етістік игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: кел-се игі еді. Болжамды сияқты модальды реңкгі білдіріп, шартты райлы етістік керек сөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек.
Бұлардың барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.
Қалау рай – сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады. Негізгі етістіктерге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, тәуелденіп барып тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақгық, жекешелік-көгпгік мән үстеліп, оған кел, келді, келеді кемекші етістігі тіркесіп жасалады.
Жікгелуі:
Меніңоқы-ғы-м келді, келеді. Біздіңоқы-ғы-мыз келді, келеді
Сеніңоқы-ғы-ңкелді, келеді. Сендердің оқы-ғы-ларың келді, келеді
Сіздің оқы-ғы-ңыз келді, келеді. Сіздердің оқы-ғы-ларыңыз келді, келеді
Оның оқы-ғы-сы келді, келеді. Олардың оқы-ғы-сы келді, келеді.
Сөйтіп, бұл тұлғалы қалау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсызсөйлемніңбаяндауышы қызметін атқарады.
Сондай-ақетістіктүбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей қосымшасының үстелуі арқылы және осы тұлғаға еді көмекші етістігі тіркесу арқылы немесе шартты рай тұлғалы етістікке игі екен сөздерінің тіркесуі арқылы да тілек мәнді қалау рай жасалады.
Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай.
1) Сөздің түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан өзгеше басқа грамматикалық мағынаның арнайы грамматикалық формасыз, сырттай түбір мен немесе басқа тұлғамен сәйкес түрде берілуін формасыз тұлға немесе нольдік форма деп атайды. Оған мысалы, жіктік жалғаудың ІІІ жағы (мен келсем, ол келсе), бұйрық райдың ІІ жағы (сен кел,) жатады. Бала, келді, келген деген сөздерді жіктесек (жекеше: мен баламын, келдім, келген-мін ІІ ж. сен баласың, келді-к, келген-сің, ІІІ ж.Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде өлеңдетіп (С. С).
Ашық рай етістіктерде істің қашан істелген немесе істелетін шағы және қай жақта болатынын, болған жағы ашық, анық білініп тұрады. Мысалы: оқыдым, оқыған едім, оқыған екен, оқымақ-екен, окыпты деген етістіктер істің өткен шақ, келер шақтарда істелетіні аңғартылып, қимыл-амалдың қай жақта болатынын білдіретін жіктік жалғаулары да көрініп тұрады.
Бұйрық рай қимылдың. іс-әрекеттің тыңдаушыға (ІІ-жақ) я бөгде біреуге (ІІІ жақ) немесе өзіне (І жақ) қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды (Ж. Ж.). Ғылым таппай мақтанба.
Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Етістіктің бұйрық рай тұлғасы бұйрықтық, мағынамен бірге талап, тілек ету, ниет мағыналарын да білдіреді. Әдетте бұйрықтық, талап ету мағынасы II және III жақтарда анық көрінеді де, I жақта ол көбіне ниет ету мәнінде келеді. Етістіктің басқа рай түрлеріне қарағанда, бұйрық райдың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең басты ерекшелік бұйрық райдың жасалуынан көрінеді. Егер басқа рай түрлері етістік түбірлеріне белгілі жұрнақтар жалғануы арқылы жасалып, одан кейін жіктеліп келсе, бұйрық рай түрі жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлердің ерекше жіктелуі арқылы, яғни жіктік жалғаулары арқылы жасалады. Ол жіктік жалғаулары етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне етіс және болымсыз етістік тұлғаларына бірдей жалғана береді. Екінші ерекшелік — бұйрық райдың II жақ анайы түрінің анайы қосымшасы болмай, сырттай ғана тұлғасы жағынан етістіктің негізгі және туынды түбір тұлғасымен, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымсн сәйкес, ұқсас келеді. Мысалы: (сен) кел, ойла, баргызба, сөйлетпе.
Достарыңызбен бөлісу: |