Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу


Отaндacтaрымыздың тaрихи отaнынa орaлу үдеріcі мен «Нұрлы көш» бaғдaрлaмacының тaрихи мaңызынa бaғa беріңіз



бет41/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

Отaндacтaрымыздың тaрихи отaнынa орaлу үдеріcі мен «Нұрлы көш» бaғдaрлaмacының тaрихи мaңызынa бaғa беріңіз

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жасалған бағдарламалардың бірі бұл «Нұрлы көш» бағдарламасын халық арасында жақсылық жаршысы ретінде қарсы алу дәстүрі қалыптасты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап дүниежүзлік көші-қон үрдістерінің белсенді қатысушысына айналды. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады. ТМД елдері шеңберіндегі негізгі көші-қон ағыны Ресей, Украина және Орта Азия елдерімен; алыс шет елдердің арасында - Германиямен байланысты болып отыр.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 3 жылда Қазақстанға шетелден 300 мың адамды көшіріп алу жоспарланған."Нұрлы көш" бағдарламасы бойынша оралмандарды қоныстандыру «Нұр Отан» партиясының бақылауында.

«Нұрлы көштің» мақсаты – баспанамен қамту. Елбасының тапсырмасымен қабылданған «Нұрлы көш» бағдарламасына біраз уақыт болды. Елбасы көші-қон мәселесін жүйелі түрде жолға қоя отырып, Үкіметке үлкен тапсырма берген болатын. Сол тапсырманың игілікті нәтижесіндей «Нұрлы Көш» бағдарламасы жасалынды. Ел үкіметі «Нұрлы көш» жобасы арқылы елімізде баспанасыз жүрген оралмандар мәселесін шешпекші. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі алғаш рет ішкі және сыртқы көші-қонды қамтитын біртұтас бағдарлама ретінде әзірленгендігінде. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша көшіп келушілерді жұмыспен, тұрғын үймен және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін шешу қарастырылған. Еліміздің Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму өңірлері «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушыларды негізгі қабылдаушы аймақтар болып табылады. – Жалпы, «Нұрлы көш» бағдарламасының кейбір кемшін тұстары жөнінде де аз айтылып жатқан жоқ.. Дегенмен еліміз үшін, халқымыз үшін бір игілікті істің басы қайрылды десек артық айтқандық болмас. Себебі, «Нұрлы көш» болашаққа жол тартқан жоба. Оның берері алда. Ал кейбір шешілмей жатқан түйткілдер болса ол бірте-бірте өз шешімін табады. Өйткені бағдарламаның тиімді жүзеге асуын Үкімет пен Елбасы өз назарында ұстап отыр. Бір айта кетерлігі Алматы мен Астана қаласы «Нұрлы көш» бағдарламасына қатыспайды




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет