ХІХ-ХХ ғғ. бacындaғы Қaзaқcтaн мәдениетінің дaму көрcеткіштерін aйқындaңыз
ХХ ғасырдағы басында қазақ мәдениеті өзіндік ерекшеліктерімен дамыды. Осы кездегі маңызды оқиғалар мәдениеттің жаңаша дамуына әсер етті. Мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына ең алдымен 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстардың әсері көп болды.
Баспа ісі: ХХ ғасырдың басында мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына осы кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ықпал етті. ХХ ғасырдың басында кітап басып шығару ісі Омбы, Орал, Семей, Орынбор қалаларында жолға қойылды. Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Қазан, Ташкент қалаларында да қолға алынды. Кітап шығару ісінде орыс географиялық қоғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауыз әдебиетінің дамуына Жамбыл Жабаев, Нүрпейіс Байғанин сияқты қазақ әдебиетінің өкілдері үлес қоса білді. Ал музыка мәдениеті бұл кезде жақсы дамыды. Осы кездегі музыка мәдениетінің дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар: Дина Нүрпейісова, Балуан Шолақ Баймурзин, Үкілі Ыбырай, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Естай Беркімбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |