Қaзaқ КCР-нің құрылуы – мемлекеттілік құрудaғы жaңa кезең: тaрихи тұрғыдa cипaттaңыз
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
Қaзaқcтaн Реcпубликacының Президенті Нұрcұлтaн Нaзaрбaевтың «Қaзaқcтaн – 2050» cтрaтегияcы: «қaлыптacқaн мемлекеттің жaңa caяcи бaғыты» Қaзaқcтaн хaлқынa Жолдaуының ел болaшaғы үшін өзектілігін түcіндіріңіз (14 желтоқcaн 2012)
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру деген болатын.
Біздің мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру”-делініп, мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы өткен кезеңіне талдау жасалынды, ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі атқарылар міндеттер жарияланды. Индустрияландыру картасының аясында жалпы құны 9,6 триллион теңге болатын 600-ден астам жоба жүзеге асырылуда. Бұл біздің жастарымыз үшін 370 мың жаңа жұмыс орнын береді.
Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу туралы тапсырма берілді.. Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтеріне жүгінсек, соңғы бір жылда Қазақстан 21 сатыға көтеріліп, 51 орынға шықты”-деп көрсетті.
Біріншіден, бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.
Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу.
Үшіншіден, елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту қажет.
Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту.
Бесіншіден,бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңінің толық бағдарламасын әзірлеу қажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет.
Алтыншыдан, дүниежүзілік өндірістік нарықтың көшбасшысы болуға септігін тигізетін, ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғыртуы қажет.
Жетіншіден, елдің сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған су қорының жаңа саясатын әзірлеу қажет-деген тұжырымға келген болаты
Достарыңызбен бөлісу: |