Этнопед Ұлттық тәрбие туралы айтыңыз



бет12/23
Дата14.06.2020
өлшемі104,92 Kb.
#73421
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
этнопед

23, экологиялық тәрбие

Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймын. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті – балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге, тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек. Экологиялық білім берудің басты міндеттері:

– өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.

– қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.

– қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру. табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.

– адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.

Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары бақылау, қызықтау, серуен болып табылады. Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы, балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі мәселесі болып есептеледі. Қызықтау кезінде балаларды таза ауада , көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл- күймен катар табиғат сұлулығын сезіне білуіне зор әсер ететіні анық. Ал серуен кезінде, тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю, құрғақ жапырақтарды бірге жинау, ағаш түптерін тазалау т.б. сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау, балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады. Экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік, эстетикалық еңбек, имандылық тәрбиелерімен сабақтаса жүргізу басшылыққа алынады. Балаларға мазмұнда көрсетілгендей өлі және тірі

табиғатпен одан әрі таныстырып, табиғат құбылыстары жайында бастапқы жалпылама ұйымдарды нақты түрде меңгеру ұсынылады. Жыл мезгілдерінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардың пайдалы іс әрекеті, ауладағы жапырақтарды жинау, жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау, т.б.). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы құстар мен өсімдіктерді күту, балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындалған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ, бүршік, өсімдік) т.б. мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесінің қарсанында жас шыбықтар отырғызып, оны күтуді күнделікті әдет дағдыға айналдыру. Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу, сөз жұмбақтар шешу, дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларын табиғат көрінісінің суретін салып, әңгімелеп айтып беру. Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына, баққа, гүл алаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін, жыл мезгіліне сай мақсат-міндеті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысы оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтың барын, білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәрбиелік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуда негізделеді. Балаларды мектепке дайындауда экологиялық тәрбие жұмысы мынадай міндеттердің негізінде жүзеге асырылады:

* Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп баптауға баулу, олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру.

* Табиғаттың сан алуан сырлары мен байлықтары жөнінде эстетикалық және ұлт жандылық сезімдерін дамыту.

* Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланыста болатынын түсіндіру және оған байланысты күнделікті өмірде ескеру қажеттігін үйретіп отыру.

* Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді меңгерту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет