Ұлттық тәрбие туралы Мағжан Жұмабаевтың пікірі
Әліппе– сауат ашу оқулығы. Араб әліпбиінің алиф және би деген екі әрпінен құралған. 19 – 20 ғасырларда әліппелер араб және орыс әліпбиімен жазылды. А.Байтұрсыновтың oқу құралы (1912), Жаңа Әліпбиі (1926) өз заманына лайық әліппе жасаудың озық үлгісі болды.
Тарихы Өңдеу
Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 19 — 20 ғасырларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс әліпбиімен жазылды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” (Орынбор, 1864), “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрді. Алайда “Қазақ хрестоматиясы” сауат ашуға арналған әліппе емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық етеді. Бұдан кейін А. Е. Алекторовтың “К мудрости ступенька. Азбука для учеников начальных русско-казахских школ” (1891), А. В. Васильевтің “Букварь для киргизских школ” (1912) сияқты тағы басқа әліппелер жарық көрді. Олар екі бөлімнен (қазақша және орысша) тұрды. Оның авторлары К. Д. Ушинскийдің басқа ұлт балалары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана тілінде сауат ашуы қажет деген қағидасын ұстанды. Бірақ қолданылған әліппелер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін түгел бере алмады.20 ғасырдың басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын қазақ зиялылар қауымы өсіп-жетілді. Олар халықты сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды. Түркі зиялыларын біріктірген “Жәдитшілер ұйымының” бір топ мүшелері қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді көздеді. М. Нұрбаевтың “Әліппесі” (Уфа, 1910), З. Ерғалиұлының “Қазақ әліппесі” (Қазан,1910), М. Малдыбаев пен Ж. Аңдамасовтың “Қазақша ең жаңа әліппесі” (Қазан, 1912),К. Сырғалиннің “Қазақша әліппе кітабы” (Қазан, 1913) тағы басқа осындай серпелістен туған алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба алмады. Ал ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған. “Оқу құралы” (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылды. Ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. 1925 жылы А. Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған “Жаңа Әліп-биді” (Қызылорда 1927) ұсынды. Оқулық өз заманына лайық “Әліппе” жасау ісінің озық үлгісі болды. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырылып сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапты. “Жаңа Әліп-биге”: а) баланың өз атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер, ә) балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілді. Жалпы А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болды. Саяси себептердің салдарынан “Жаңа әліп-би” 20-жылдардың аяғына дейін ғана қолданылды. Мұнан кейін Т. Шонановтың “Жаңалық” (Әліппе, Қызылорда, 1929) және Т. Шонанов пен М. Жолдыбаевтың “Жаңа арна” (Қызылорда, 1927) әліппелері жарық көрді. 30-жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөніндегі үкіметтің қаулы-қаралары Кеңес Одағының аумағындағы мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрылымы біртекті болуын қатаң бақылауға алды. Осы себеппен алғашқыда латын әліпбиімен, кейін кирилл әліпбиімен жарық көрген С. Кеңесбаевтың әліппесі орыс мектептеріндегі “Букварға” тым ұқсас болды. Бұл әліппе жиырма жылға жуық бірнеше ұрпақтың сауатын ашты. 1952 — 63 жылдары аралығында авторлар тобы (С. Кеңесбаев, Н. Миршанов, Ә. Байділдин, Ғ. Бегалиев) құрастырған, 12 басылымы жарық көрген.
4 Педагогика атты ұлттық оқу құралы және авторы
Мағжан тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырған. Ол жазған «Бастауыш мектепте ана тілі»1925, «Сауатты бол» 1926, « Педагогика» 1922 атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан үлесі болып табылады. «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегінде ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырулар дағдылар жүйесін жасап ұсынды. Мағжан Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, «Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі»-деп қарайды. Мектептің міндеті –бір жақтан хат таныту болса, екінші жақтан баланы дұрыс сөйлетуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан.
Мағжанның жоғарыда аталған « Педагогика» атты ғылыми еңбегі он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын он төрт ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан – жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал ретінде қалдырған.
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1. Ақыл тәрбиесі, 2 Құлық тәрбиесі. 3. Сұлулық тәрбиесі. 4. Дене тәрбиесі.
Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді. Оқу, жазуға үйрету, емлеге дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру.Автор осы тәрбиенің төрт түрін тәпіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгіл болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін , дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы … Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…»-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген.
Мағжан Жұмабаев өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын « Құлық сезімдері» деген бөлімде одан әрі дамыта түседі.Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. « Басқа халықты, жалпы адамзатты сүйе біл деген өсиет айтады. « Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халыққа пайдасы жолында құрбан бола білсін»,- дейді. Ол қазақ халқын өнер – білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен шақырған жоқ.Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.
Педагогика пәнін ол 5-ке бөліп қарастырды: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.3. Методика . Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару.Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Осындай мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді.5. Педагогика тарихы . Түрлі заманды түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педагогика тарихы осыларды баяндайды.
Мағжанның Педагогика оқулығын оқи отырып мынандай ой түйіндейміз: ғылым ұлттық болмысымыз бен сана – сезімге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізге ала отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе өткен ғасырдың 20 – шы жылдарда педагогикалық – психологиялық тракттата айтылған ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда , әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратауға таптырылмас мұра болып отыр. Ұлы М. Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық –тәлімгерілік идеялары біз үшін өте құнды дүние.Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты,әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады.Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол :
Басқа жұрт аспан –көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр ,-дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенді.Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттары бұдан әлдеқайда биік.Туған халқы туралы айтқанд, оның кешегі өткен жолын еске алады,оны бүгінгі жағдайымен салыстырады.Оныменде шектелмей,ақын жалпы түріктік идея көтереді.Түрік тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді,жалпы Шығысты пір тұтады.
Автордың туған халқының тәлім – тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі-деп жазды ол,-баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесі мен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген.
Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагоиканың жан сырын терең зерттейтін психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып,қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен
5.
Достарыңызбен бөлісу: |