Төркіндеу — қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі.
Мұның негізі «төркін» деген сөзден шыққан. Ұзатылған қыздың төркін жұртына арнаулы (ресми) түрде баруы «төркіндеу» деп аталады. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын беріп риза етіп аттандыруға тиіс. Төркіндеу — әр қыздың парызы және ол бір-ақ рет төркіндеп баруға хақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстұрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып.[1]
Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз бір жыл өткеннен кейін ғана төркініне барып қайтады. Жыл аунамай төркіндеуді жаман ырымға балайды. Ерекше өлім-жітім, той-томалақ, ас бергенде болмаса, жыл толмай төркініне бармайды. Ұзатылған қыздың жыл аунап төркіндеуінің өзіндік жолы, сыры, мәні мағынасы бар. Төркініне жалғыз күйеу баланы ғана сопитып ертіп баруды ерсі көрген. Қайта сәбиді көтеріп, төркіндесе, әдемі жарастық, жақсы жол болады. Үшеулеп келген күйеу, қыз, жиенге арнап ақ сары бас қой сойып, үлкен той жасап береді. Күйеумен қызға, балаға төс, асық жілік арнап асады. Кетерінде жиенге қырық шыбар тай (кей жерде қырық серкеш) қызына бұзаулы сиыр, күйеуге шапан жауып ат мінгізеді. Қызына әсте сыңар мал бермейді, жағдайына қарай құлынды бие, қозылы қой, боталы түйе, лақты ешкі береді. Онысы - «қуыс үйден құры шықпасын», «бала жолы - бал» десе, енді бір жағынан сыңар мал бермеуі - қызымыз сыңар қалмасын, дәні арылмасын, жан жарынан айырылмасын ылғи да жұп жүріп, ұрпақты болсын дегені. Ал жыл өтпей, уақыт жетпей төркіндетпеуі - ұзатылған қыз жат жерге бауыр бассын, үйіне қайта берсе, төсегінен суып қалмасын деп отбасына сүйспеншілігі артсын дегені.
16. Дәстүрдің озығы бар тозығы бар
Елбасы «озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарты» деп біледі. Дәстүр-салтымыздың озығы да, тозығы да бар екені бүгінде айқын танылып отыр. Ерлік, батырлық дәстүрі, қоршаған ортаны қорғау, ұлтымызға тән имандылық пен толып жатқан басқа да жақсы қастерлі қасиеттеріміз – бұл ұлтымыздың ешкімге ұқсамайтын өзіндік келбеті. Біз осы қалпымызбен қазақ болып қаламыз және қазақпыз деп мақтана аламыз.
Дегенмен де рухани жаңғырудың бірнеше бағытын талдап-таратып айтып өткен Елбасы «Прагматизм» деген екінші бағытта қарапайым халықтың жадында болуы, ойлануы тиіс уақыттың өзі алға тартып отырған қасиеттерді алға тартады.
«Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді» деп жазады.
Осы жолдардағы толғамды ойлар түйсіне білген адамға көп жайды меңзейді. Қазіргі қазақ бұрынғы қазақ емес. Бүгінгі уақыт, шындап келгенде, қазақтың дарақылығын, астамшылдығын, тойшылдығын көтермейді. Ал, өкінішке қарай, бізде әлі де дарақылық пен ысырап-
шылдық та, қызыққұмарлық та мол. Әрине, өмір бұлай жалғаса бермейді. Уақыт көп нәрсені әлі-ақ жөнге салары сөзсіз. Дегенмен, бұрынғы психологиямен, бұрынғы өмір ағымымен біразымыздың әлі де «сүрлеулетіп» жүріп келе жатқанымыз шындық. Ойланатын уақыт жеткенін, енді дүниеге басқаша көзбен қарау керектігін Елбасы орынды ескертіп отыр.
24. Құқылық тәрбие
Тәрбиенің маңызыды салаларының бірі –мектеп оқушыларына, жасөспірімдерге, жастарға құқықтық тәрбие беру. Ол жаңа адамды қалыптастырудың, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан мемлекетінің заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізуден басқа жолмен шешуге болмайтын міндеттері екенін атап көрсеткен болатын. Көбіне құқықтық сананың төмендегі маретиалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықты
тәрбиеніңміндеті болып табылады.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады.
Бұл құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды.
Тұлғаның педагогикалыұқ және психологиялық мәніне қарау. Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
заңның орындалуын бекіту;
қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат қатынасуы қажет.
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтық мәдениеті қалыптастыру барысындағы кемшіліктердіжеңу орын алады.
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Ал құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғаназейін аударады да, ал құқықтық талаптары мойындалмаған көп жағдайларды байқамайды.
26 Асар, ерулік, бастаңғы
Достарыңызбен бөлісу: |