Этнопед Ұлттық тәрбие туралы айтыңыз



бет1/23
Дата14.06.2020
өлшемі104,92 Kb.
#73421
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
этнопед


Этнопед

1.Ұлттық тәрбие туралы айтыңыз

Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі – Отан. Ал Отан отбасынан басталады, демек тәрбие-тағылым отбасынан берілетін ұлттық құндылық. Қазақ халқының даналығы, тәрбие тағылымы - тамыры тереңде жатқан асыл мұра. Ерте заманнан ата-бабаларымыз өскелең ұрпақты елін, жерін сүюге, тектілікпен, жан-жақты тәрбиелеуді басты мұрат тұтқан. Қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы білімге, мәдениетке және ұлттық тәрбиеге байланысты. Тәрбиенің қуатына тең келетін рухани күш, қуат көзі жоқ екенін жақсы түсінеміз. Ұлттық тәрбиеден нәр алған адам – рухани құндылықтарды бойына сіңіріп биік дәрежеге көтеріледі. Оның ең маңыздысы адамды ойлануға бағыттайды, жеке тұлға болып қалыптасады. Қазіргі жастар тәрбиесінің жұтаңдығына Шығыс және Батыс бағыттары әсер етуде. Бет аузын тұмшалап қап-қара киінген қазақтың қыздары мен иегіне сақал қойған жап-жас жігіттердің қатары көбейген. Екінші жағынан етек-жеңі ашық, сандарын жалтыратқан қыздарды, темекі тартып, арақ ішіп тұрған жастарды көресің. Міне осындай екі ортада өмір сүріп келеміз. Қазақтың тәлім-тәрбиесін қай жағы жеңіп кетеді екен деген қорқыныш бар. Бұл біздің тек қана ұлттық тәлім-тәрбиемізге ғана емес, тұтас ұлтымызға кәдімгідей іріткі салуда, шабуыл жасауда. Адам баласының бүкіл адами қасиеттері отбасында беріліп, бүкіл ғұмырына негіз болады. Отбасында берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуы, о бастан қастерлеп келе жатқан отбасылық құндылықтарымыздың бағасы төмендеп бара жатқаны жасырын емес. Күнделікті тәрбиені былай қойғанда, көптеген отбасылардың шаңырақтары шайқалып, бала тағдырына шолақ қарайтын жастар көбейді. Отбасында береке болмаған жағдайда адам қалайша мемлекеттік істерде пайдалы жұмыстар жасай алады? Өркениетті елдерде тәрбие мемлекеттік деңгейде қолға алынған. Мысалы, бізді өзінің ерекше дамыған технологиясымен таң қалдыратын Жапонияның экономикасы ең алдымен отбасы экономикасынан басталатын көрінеді. Шаңырақтарындағы тәртіп баланы сәби кезінен бар күш қуатын еңбек етуге жағдай жасауы, білімге баулуы елді зор өркениеттілікке жеткізген. «Ұлдың ұяты-әкеде, қыздың ұяты-шешеде» деген бар. Ата-аналарымыз түзде жүрсе де «ар», «намыс», «ұят» қасиеттерін сақтауға, қорғауға үйретуі қажет. Жастардың бойында ұлттық сана-сезімді, ата-баба дәстүріне адалдықты сіңіру ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміздің бір тармағы. Қазақтың қанында тастанды бала мен қараусыз ата-ана болмаған. Есігіне құлып салынып, үйінің алдына қарауыл ұстамаған, демек бұл тәрбиені жоғары көрсеткішті берген халық деген сөз. Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері: туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады. Адамның әдептілігі мен мәдениет деңгейі оның сөйлескен сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан көрініп тұрады. Тілге тиек етіп айтар қасиет - имандылық. Себебі, имандылық қасиеті адамның ішкі жан дүниесінің тазалығын сақтап, оның ой-өрісін кеңейтіп, әлеуметтік белсенділігінің артуына әсер етеді. Имандылық сөзінің өзі әдептілік, ұяттылық, ұлтжандылық деген ұғымдарды қамтиды. Сөз соңында Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» дегендей, ертеңгi ұрпақтың тәрбиесiн бүгiннен бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетiн ұлт¬жанды, Отанын сүйетiн патриот етіп тәрбиелеу, Ұлттық тәрбие мен құндылықтарды қолға алу біздің басты міндетіміз дегім келеді. НұрБарлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/34976-ltty-t-rbie-lt-bolasha-y гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.

  1. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тақ-тақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс...» - деп ақын, педагог Мағжан Жұмабаев қалың жұртты қазақы тәрбиені жоғалтып алмауға міндеттейді. Оның тәрбиеге көңіл бөлуі қазақ халқын надандықтан ада ету үшін болатын. Сол үшін де алғашқы педагогика саласындағы қазақтың оқулығы осы Мағжанның «Педагогика» кітабы болды. Оқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше, тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы... Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын... Баланы келешек заманына лайық қылып шығару», - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады. «Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет... Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас... Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл» дегендi айтады. Яғни, баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады. Ақын сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi дей келе, баланың дене тәрбиесіне қатысты бірнеше кеңестер айтады. Соған зер салып көрейік. Жаңа дүниеге келген нәрестені өлшеу. Бала сау болып туды ма, ауру болып туды ма, сау болып өсіп келе ме, ауруға айналды ма, міне, осыларды дұрыс біліп отыру үшін баланы өлшеп отыру керек. Жылылықты (дене қызуы) бақылау. Баланың да, жеткен адамның да өлшеуші жылылығы 37-37,5 градус болады. Бірақ жаңа туған баланың денесінің жылылығы бастапқы күндерде түрлі себептерден мынау өлшеуден 2-3 градус кем болады. Әйткенмен де ұзамайды, бұрынғы қалпына түседі. Және баланың да, жеткен адамның да жылылығы бір тәуліктің ішінде бір қалыпта тұрмайды, біресе өлшеуден асып кетеді, біресе төмен түседі. Дене жылылығы термометр деген құралмен өлшенеді. Осы құралмен баланың денесін күн сайын өлшеп тұру керек. Жылылық өлшеніп отырылса, келе жатқан науқастың алдын алуға болады. Дем алуын санау. Жаңа туған бала бір минутта 40-44 рет дем алады. Мұнан соң бірінші жыл бойына - 40-35 рет, екінші жылда - 28, үшінші жылда - 25 рет, сөйтіп кеми-кеми 15 жаста бір минутта 17-20 рет дем алатын болады. Міне, дем алудың осы мөлшерден артық яки кем болуы баланың сау болмауын көрсетеді. Тамыр соғуын қадағалау. Жаңа туған баланың тамыры бір минутта 150 рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға шейін соғады. Баланың тамырын бала ұйықтап жатқанда байқау керек. Бала бөлмесіне көңіл бөлу. а) Ауа. Бала бөлмесінде жиі-жиі ауа жаңартылып тұрсын. Бала жататын үйде кір жуу, кір кептіру, кірленген киім тастау жарамайды. Себебі кірдің кірі бу болып, баланың ішіне кіріп, саулығына зиян келтіреді. ә) Жылу. Бала бөлмесінің жылылығын да бақылап тұру керек. Жаңа туған бала жататын бөлменің жылылығы 17-18 градус, бір жеті мен алты жеті арасында 16-17 градус, содан соң 15-16 градус болу керек. б) Жарық. Қандай үйдің болса да жарық болуы керек болатын болса, бала бөлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы үйде тәрбиеленген баланың өсуі шабан болады. Сондықтан бала жататын бөлменің жарығы мол болу керек. Бөлменің жарығы мол болуы үшін оның терезелері оңтүстік-күншығысқа, не оңтүстік-күнбатысқа қарауы шарт. Р.S. Мағжанның бұл кеңестері қазіргі тәрбие беруде де өз маңызын жоймаған. Себебі Мағжан ақын айтқан дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесiне көңіл бөлсек, шын адамды тәрбиелейтініміз анық. Ендеше, «балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет