Этнопед Ұлттық тәрбие туралы айтыңыз



бет4/23
Дата14.06.2020
өлшемі104,92 Kb.
#73421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
этнопед

Дереккөздер


10. Әдеп ғұрып туралы айтыңыз

Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.

Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша адәт және урф) көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған.

Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі табиғи құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай ойнауының), маусым алмасымдарының, т.б. сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің ырқындағы нәрсе – жазмыш екеніне шүбәсіз сенген.[1]

Табиғат заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының тәртібіне айналдыруға тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі милләтінің түп-тегінде – ғұн, сақ тайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі Тәңірді «бабай баба», «Көк ата» атап, оның құдіретіне бас имеу – күпіршілік, ата-баба жолын бұзушылық деп санаған.[2]

Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты – әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен, жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағлымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізді. Қазақ тарихында ежелгі мемлекеттілік нышандарының пайда болуына орай табиғат және өмір құбылыстарын тұтас қалпында, әр алуан қағидаға жіктемей зерделеудің немесе тәңіршілік дүниетанымның жемісі – әдет-ғұрып сенімдері бірте-бірте дәстүрлі құқықтық сана-сезімге ұласып, ел билеудің арнаулы заң нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастаған.[3]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет