Этнопед Ұлттық тәрбие туралы айтыңыз



бет8/23
Дата14.06.2020
өлшемі104,92 Kb.
#73421
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
этнопед

Асар - қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластарының - жетіаталық экзогамиялық ру-қауымның негізгі құрамдас бөлігі біраталардың бірлесе атқару харекетінің атауы. Мысалы, егіншілік дамыған өлкелерде арық, кәріз қазу, тазалау секілді суландыру жүйесіндегі жұмыстарды, сондай-ақ, үй тұрғызу, қора-қопсы салу сияқты құрылыс жұмыстарын асар жасау арқылы атқарған. Қазақ ауылында бір отбасының қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдың адамдары асарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді, асарға шақырушы адам оларға жақсы ас әзірлеп, дастарқан жаяды. Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір көрінісі деп қарауға болатын тағы бір үрдіс батыс қазақтары тілінде «үме» деп аталады. Шөп шабу науқаны кезінде қыз-бозбаланың және әнші-жыршының жиналатынына байланысты «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақал туған
Ерулік[1] — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қартажал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.[2]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет