Этнопедагогика


Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі7,78 Mb.
#144147
1   2   3
Байланысты:
этнопедагогика

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

  • Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
  • 2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту – әкенің парызы, ақтау – баланың қарызы» деп ой түйіндеген.
  • 3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, атаананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. өскен ортаның тәрбиедегі әсері жӛнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

1.Ұлы Түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие (VI-IX ғ.ғ. аралығы).

1.Ұлы Түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие (VI-IX ғ.ғ. аралығы).

2. Араб-шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы,, орта ғасыр ғұламалары мен ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері (X-XV ғ.ғ. аралығы).

3. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие (ақынжыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар) (XV-XVIII ғ.ғ. аралығы).

4. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие (XVIII ғ.- дан XX ғ.ғ. 20-ж. дейін).

5. Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы (1920-1990 ж.ж. аралығы).

  • Көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары ОрхонЕнисей бойынан табылған, тасқа қашап жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткіштер: түркі кӛсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылгӛй Тоныкӛк құрметіне қойылған құлпытастар.
  • IX-X ғасырларда ұлы Түркі қағанаты бірнеше мемлекеттерге (Қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бӛлініп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдік жүргізулеріне әкеліп соқты. Арабтар ислам дінін уағыздаумен бірге ғылым мен білім де әкеледі, нәтижесінде түркі халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иассауи, Баласағұн және басқалары араб тілі мен мәдениетін меңгерді. Оның үлкен прогрессивтік маңызы болды. Кӛптеген шаһарларда діни медреселер ашылды, ғылым мен білім деңгейі артты. Медреселер діни ілімдермен ғана шектеліп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дінтану, астрология сияқты әлемдік маңызы зор дәріснама беруді басты мақсат етті
  • Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) еңбегіне ерекше тоқтала кетуге тура келеді. Бірнеше ұлттың тілін білген, ғылым-білім іздеп, бар ӛмірін сол жолға сарп етіп, артында қыруар еңбек жазып қалдырған әлФараби бабамыздың тәлімдік-ұстаздық еңбегі ұшан теңіз. Оның сансалалы трактаттарында («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сӛздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Риторика» («Шешендік ӛнер негіздері»), «Қайырлы қала тұрғындарының кезқарастары туралы трактат» т.б.) педагогикалық, психологиялық, философиялық, дидактикалық және әдіснамалық ой-пікірлері баяндалған. Бұл еңбектерінде оқыту әдістерінің ұғынықты, дәйекті, жүйелі, кӛрнекі болуына, сондай-ақ дағды, әдет, қабілет, икем, мінез, бақыт т.б. тәлім-тәрбиелік ұғымдарға түсінік береді. Кӛз жеткізу, иландыру, мойынұсындыру тәрізді әдістәсілдерге талдау жасайды
  • Мәдени тарихымыздан ерекше орын алатын «Диуани Хикмет» атты кітап жетпіс жыл бойы діни-мистикалық еңбек деп біржақты бағаланып, беті ашылмай келген, ал шындығында ӛзінің ақыл-парасат, ӛсиеттілігімен бүкіл Шығыс елдерінің ғалымдарын таңдандырған, XI ғасырда ӛмір сүрген әрі ақын, әрі ғалым-философ, тарихшы Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың ғылыми еңбегін бүгінде ыстық ілтипатпен ауызға аламыз. Иассауидің еңбектерін белгілі шығыстанушылар А.Вамбери, П.Ахмеров, В.Бартольд, М.Массон т.б. бұдан әлденеше жыл бұрын зерттеп, ӛз пікірлерін ортаға салып келсе, бұл бағытта оның туған топырағы Қазақстанда арнайы зерттеу еңбектерінің шықпауы ӛкінішті-ақ. Иассауи еңбектерінде баса айтылатын, адамды тура жолға бастаушы жаратушы күшке табыну, оның хақтығына тағзым ете отырып, қиянатсыз, бейкүнә, адал жандарды тәрбиелеу жайлы тұжырымдар ғылыми зерттей түсуді қажет етеді. Бұл жерде Иассауидің софылық еңбектері ӛзінен кейінгі ақын-жазушылардың дүниетану кӛзқарастарына, қала берді жазба әдебиеттеріміздің шырқау биігі атанған Абайға да азды-кӛпті әсерін тигізгенін айта кету қажет
  • Қазақ хандығының құрылуы – XIV-XV ғасырларда, Алтын Орда мемлекеті мен Ақсақ Темір (Бабыр) империясының ӛзара бақталастықтарының нәтижесінде әлсіреп, ыдырай бастаған кезеңдерге тура келеді. Қазақ хандығы – сӛзсіз кешегі ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының занды мұрагерлері болып саналады.
  • Қазақ халқының ӛзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді Шал, Әнет, Тӛле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай Бұқар, Қабанбай, Бӛгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. кӛптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгӛй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа ӛнегелі сӛздерімен ӛлең-жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық ӛмір сахнасына шыға бастады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет