Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. кӛптеген ақын-жыраулардың
шығармаларын атап ӛткен жӛн.
1650-1730 жылдар арасындағы қазақ-жоңғар соғысы қазақ хандығын ӛте-мӛте әлсіретті. XVIII ғасырдың басында Тәуке хан ӛлгеннен кейін қазақ елі үш жүзге бӛлініп, үш хан сайлап, біртұтас қазақ хандығының бірлігі мен қуатын әлсіретіп, жоңғарларға жем болды. Кіші жүзді Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Ұлы жүзді Жолбарыс хан билеп, әрқайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры «Ақтабан шұбырынды» атты қайғылы жағдайға ұшырап, халықты зор қырғынға ұшыратты
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан даласына Ресейдің алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пікірдегі (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.М.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б. зиялы-демократтар жер ауып келіп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты қазақ демократағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық кӛзқарастарының қалыптасуына игі әсерін тигізді.
Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам қайраткері, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сіңірді. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдің орыстандыру, шоқыңдыру және балаларға байлардың жеке мақсаттары үшін білім беруді кӛөздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерін ашу туралы мәселелерді насихатгаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды қуаттады. Осы принцип негізінде құрастырылған ӛзінің «Қазақ хрестоматиясын» (1879 ж.) жазып, ұсынды. Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлері: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен ӛнердің, мәдениеттің, философияның негізін салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай ӛлеңдері мен қара сӛздері және Құрманғазының музыка ӛнері жас ұрпақтарды жетілдіріп тәрбиелеуде зор ықпалын тигізді.
XX ғасырдың барысында империалистік патшалы Ресейдегі саясиәлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды. Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер тӛңірегінде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдің отаршылдық және орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерін қайтарып беру және жастардың білім алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, т.б., қазақтың зиялы қауым ӛкілдері ұлттық сана-сезім мен тәлімдік идеялардың кӛсемдеріне айналды. Қазан тӛңкерісіне дейін шыға бастаған «Дала уәлаяты» (1889-1902 ж.ж.), газеті, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқынын ұлттық ерекшеліктері, мүмкіндіктері, мәдениеті, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса маңызды ой-пікірлер жариялап отырды
1937-1938 жылғы жүргізілген сталиндік жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы ӛте үлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың кӛптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның ӛзі ұлт мәдениетінің ӛсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Соғыстан кейінгі жылдары жаппай орыстандыру мәселесі қолға алынды. Қазақстанның тың жерлерін игеру мақсаты отаршылық принципке негізделіп, ӛкімет тарапынан жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттік басқару жүмыстары, іс қағаздары, қоғамдық жиындар бірыңғай орыс тілінде жүргізілді. Шеттен келген басқа ұлттардың Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткізген ӛкімет саясатының нәтижесінде кӛптеген қазақ мектептері, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бӛлімдері қысқартылды. Халық педагогикасы жӛнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жүмыстары коммунистік идеологияға негізделді. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде пайдаланылды, қазақ тілінде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар жазу назардан тыс қалды. Дегенмен, ұзақ ғасырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық ӛмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл құралы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» атты еңбектері, С.Кӛбеевтің, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтің, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтің, Е.Смайыловтың, М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғүланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім кӛзқарасын қалыптастырды. Кеңестік дәуірде педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтің, А.П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдің, Т.Тәжібаевтың, Ә.Сембаевтың, Ә.Сыдықовтың, Қ.Бержановтың, Е.Суфиевтің, А.Темірбековтің, А.Асылбековтың, Қ.Б. Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның, М.Мұхановтың, А.Мәдиннің, С.Мусиннің, Ә.Б.Сейтешевтің, Т.А.Умановтың, Н.П.Хмельдің, А.Кӛбесовтің т.б. әлденеше монографиялық еңбектері жарық кӛрді. Педагогикалық ғылымиәдістемелік «Қазақстан мектебі» журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалімдері мен педагог ғалымдардың еңбектері үнемі жарық кӛріп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тілінде шығарылып, ғылыми терминдері қалыптасты