«Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз – тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау»
«Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәрігерге пысқырып та қарамайсың»
«Қимыл көптеген дәрінің орнын басу мүмкін, бірақ бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды»
«Өз бақытын бағалай білмеген адам бақытсыздыққа ұшырайды»
Саулық сақтау жолдарын Әбу Әли ибн Сина былай деп көрсетеді:
“Дене құрылысының гармониясын бір қалыпты ұстау, тағам мен ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұхияттау, киім мен ауа тазалығын ұстау, дене мен рух бірлестігін көздеу, ол үшін ұйқы тәртібін бұздырмау. Дене шынықтыру үшін жаттығулар әр адамның жасына, күшіне сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт қыдыру тиімді болса, қуаты азайған кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сол сияқты бозбалаға шарт тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал. Жасы келіп қартайған шақта ұйқыны көбейту, жылы сулы бұлау қабылдау, қышқыл, тұзды тағамды азайтып, сүт қоректерін, өсімдіктерді әсіресе сарымсақ, қызылша мен капустаны көбірек пайдалану керек”, — дейді. “Канондағы” саулық сақтау үшін дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы — қанағат. Тамақтануда, шарап ішуде, дәрі пайдалануда, нәпсіге де, қомағайлыққа да жол бермей, қанағат ету. Әбу Әли ибн Сина қалдырған соны мұраның ішіндегі ізгісінің бірі — ауру-кеселді қоздырмас үшін күні бұрын шаралар қолдану. Бұл жөніндегі ережелер тек дәрігерлерге арналған уағыз ғана болған жоқ, ғасырлар бойы қоғамға пайдалы ережеге айналды.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
«Құтты білік» («Нұрлы Білім»): Жастарға жақсы тәрбие беру, ата-анаға және балаларға қатынас жасау.
Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер.
Жүсіп Баласағұн
«Құтты біліктегі» педагогикалық процестің құрылымдық-мазмұндық үлгісі