Этнопедагогикалық ойлардың тарихы Ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж. Баласағұн, Әбу-Насыр Әль-Фараби, Қожа Ахмед Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымда-малары


«Диуани хикмат» («Ақыл-ой кітабы»): Мақсаты – толымды тұлғаны тәрбиелеу



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі264,64 Kb.
#88645
1   2   3   4
Байланысты:
21.10.20.этнопедагогика

«Диуани хикмат» («Ақыл-ой кітабы»): Мақсаты – толымды тұлғаны тәрбиелеу
Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.
Мұсылман әлемінде аты әйгілі, орта ғасырлық сопылық әдебиеттің ірі өкілі, Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты екі әлемнің де мән-жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипатттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілк, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,
Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғыл
Махшар күні тәңірге жақын болғыл,
Менменсіген халайықтан қаштым, міне.
Ахмет Йассауидің «Даналық кітабында» қанағат сезімін үлкен философиялық категория ретінде қарастырады. Ақын қанағатсыз жандарды, яғни нәпсісін тыя алмаған адамдарды тойымсыз итке, не ұлып қайтқан итке теңейді. Қанағат жайындағы мұндай теңеу мен түсінік кейбір қазақ ақындарының жырларынан өзінің дәстүр жалғасын тапты. Ахмет Йассауи нәпсі қүмарлықты, көрсеқызарлықты, құлқын-құмарлықты адам табиғатына жат қасиеттер ретінде сипаттап көрсетеді.
«Диуани хикметте» адамға қажетті қанағат сезіміне мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екендігін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің мазмұнын құрайды, өйткені оларда қоғамдық-саяси, діни және мифтік идеялармен қатар тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы мен үйлесімді дамуын көздейтін құнды педагогикалық көзқарастар анық байқалады.
әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерінде педагогикалық ұғымдардың анықталуы, тәрбие мақсатының тұжырымдалуы, тәрбие теориясы мен дидактиканың басты мәселелерінің ашып көрсетілуі, ұстаз тұлғасының айқындалуы және ізгілендіру идеясының негізделуі олардың тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері ретінде анықтауға тұжырымдамалық негіз болды.
әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің және М.Қашқаридің педагогикалық теорияларында тәрбие мен оқыту, білім беру мәселелері өзара тығыз байланыста қарастырылады. Мұның өзі ғұламалардың адам тәрбиесі жөніндегі ілімдерінің ғылыми үндестігін, мазмұндық ықпалдастығын білдіреді.
Бекіту сұрақтары және тапсырмалар

  1. Орхон-Енисей жазбаларында не туралы жазылған? Оның қазіргі таңдағы маңызы қандай? Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған.

  2. Қорқыт шығармаларының негізгі желісі қандай тақырыпқа арналды? адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының іргетасын құрайды.

  3. Қорқыт ата наразылық танытқан қоғам мүшелері кімдер?

  4. Әл-Фараби атап көрсеткен адамға қажет он қасиет: талдау жасау

  5. Ибн Сина отбасы тәрбиесі жөнінде: «Тадбири Манзел» еңбегіндегі әке рөлі туралы және аталған кітаптың «Әйелдің жақсы қасиеттері» бөлімі бойынша пікір әзірлеу

  6. Ибн Сина және салауатты өмір салты: бүгінгі күнмен байланысы, оның өзектілігі жөнінде әңгімелеу

  7. Ж.Баласағұнның бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарға берген ақыл-кеңестері: талдау жасай отырып, ойтүйін әзірлеу

  8. Ж.Баласағұн еңбегінде айтылған «Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» және «Кешкен тірлік өте зая берер келгісіз, қалған өмір қанша екені белгісіз. Қалған күнді текке зая кетірме, елімді ибадат қып бекін де» сөздерінің мәнін ашу

  9. Қ.А.Яссауи шығармалары бойынша глоссари құрастыру және ондағы айтылған ұғымдарға талдау жасау.

  10. Оқулыққа жүгіне отырып, тест тапсырмасын құрастыру

  11. Ж.Баласағұн айтқан бала тәрбиесіне байланысты ата-ананың басты парызы:

– баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу;
– балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру;
– баланы аруақтарды ардақтауға, ата-баба-дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, ұрпақтан-ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізе білуге баулу;
– балаға өзінің мінез-құлық этикасымен үлгі болу;
– балаға әділетті, қайырымды болу;
– өзінен туған балаға тәрбиені өзі беру
– баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру;
– баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезді қалыптастыруға көңіл бөлу;
– баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару;
– балаға өмірдің әрбір сағаты санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттігін ескерту.
Осы аталған сөздердің мәнін ашу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет