10-сурет. Қызыл балдырлар - (Rhodophyta)
1.2.14 Тіркеспелі балдырлар класы – (Conjugatophyceae)
Тіркеспелі балдырлар класына негізінен микроскопиялық жасыл балдырлар жатады. Түрлерінің жалпы саны 4700 – дей болады. Олардың көбісін десмидиялылар қатары түзеді. Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немесе бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы жүреді. Зооспоралары мен гаметалары болмайды.
Негізгі өкілдерінің бірі ткөп клеткалы жіп тәрізді балдыр спирогира туысы (Spiroqira). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық көк түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарында жүзіп жүреді, немесе судың түбінде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал тәрізді бұралған аситаға ұқсас хромотофоры болады. Вегетативті көбею жіптердің үзілуі арқылы жүзеге асады. Жасыл балдырлдардың табиғатта маңызы зор. Олар фотосинтез процессінің негізінде органикалық заттар түзіп судан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады. Онымен суда мекендейтін жануарлдар тыныс алады. Жасыл балдырлар шамадан тыс көбейіп кетсе, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін [10].
ҚОРЫТЫНДЫ
Балдырлар – жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. . Олардың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Клеткасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады.
Балдырлардың табиғатта маңызы зор.Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңірт, оттегін бөледі. Онымен су жәндіктері, балықтар тыныс алады. Судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіріл отырып, суды тазартады. Ал азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді. Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері де қоректенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |